П олиглот. Жеті жұрттың тілін біл.
Мақсаты: Оқцшылардың ой- өрісін дамыту. Басқа пәндермен де пәнаралық байланыс орнату. Сергіту сәтінде де пайдалануға болады.
Адасқан әріптер
|
Дұрыс жауабы
|
Орысша мағынасы
|
Ағылшынша мағынасы
|
пьюкомтер
|
|
|
|
терприн
|
|
|
|
қантыш
|
|
|
|
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі
Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
«Қонаққа бару»
Бір топ екінші топқа қонаққа барып, Бай мен жарлы баласы мәтіні бойынша «Алты қалпақ» әдісі арқылы сұрақтар қойылып, жауаптары алынады.
Көршінің сұрағына жауап
Параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.
«Джигсо» әдісі
Оқушыларды 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |