235. «Ортақ портрет» Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.
236. «Орынсыз жауаптар» Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: «Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын» «Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын» Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.
237. «Өзгертулерді тап!» Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.