Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мәтін
беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар
төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды:
таныс сөздермен ұқсастығы;
өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы;
мәнмәтіндегі байланыс;
сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).
Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе
оларды басқа сөзбен жазады.
Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету және бекіту үшін, сөйлемде жаңа
сөздерді пайдаланады.
Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқаларбілмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, оларанықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің(сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.
Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері
құрастырады. Сосын мәнмәтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.
Мақсатын анықтауға арналған оқылым Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты
аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саясибаяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).
Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.
Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияғаарнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндердіұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,
айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.