253. «ПОПС формуласы» (Позиция Объяснение Пример Суждение)
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
254. «Портрет» Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды.
255. «Прогресс білдіру» Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.
Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.
256. «Психологиялық бой» Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.
257. «Пікір алмасу» (Showdown) Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен
стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны