212. «Нақтылық – талант» Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті.
Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.
213. «Не жақсы?» Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»
«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»
«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»
«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»
214. «Неліктен бұл үздік?» Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.
215. «Нұсқауды орындау» Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады:
Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып шығыңдар.
Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой.
Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой.
Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал.
Өз есіміңді дауыстап айт.
Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой.
Үш рет «Иә», «иә», «иә» деп жаз.
Бесінші пунктті қоршап қой.
Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа «Х» белгісін қой.
Осы тест ұнаса, «Иә» ұнамаса, «Жоқ» деп дауыста.
Өз тегіңді дауыстап айт.
Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт.
Төртінші пункттегі «бес» сөзін қорша.
Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, «Иә, дұрыс келе жатырмын» деп дауыстап айт.
Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой.
10-нан 1-ге дейін дауыстап сана.
Орныңнан тұрып, бір айналып отыр.
Дауыстап: «Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,» - деп айт.
Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: «Тестің бұл кезеңінің көшбасшысымын!» - де.
Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, тек №2 пунктті ғана орында.
Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады.