Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет14/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
 
 
44. «Әйнек арқылы сөйлесу» 
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға 
шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы 
араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек
. 
 
45. «Ән шырқау» 
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір 
шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. 
Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда 
келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек. 
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, 
Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды 
(« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім»т.б.). 
 
46. «Әңгімелесетін әріптестер» 
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл 
сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:  
• жаңа оқылған 3 факті туралы
• оларға жеңіл болып көрінгендер туралы 
• оларға қиын болып көрінгендер туралы 
• алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
47. «Әріптер мен сандар» 
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 
санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту 
кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
 
 
 
48. «Әріптестер» 
Әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар 
сынып ішінде жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік 
деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады. 
 
49. «Әуенді атаңыз – әуентақырыппен қалайбайланысқан?» 
Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушыларданталқылап, өз 
бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет