58
Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі келетіндігінің
барлығын жазуға болады.
«Күн шуағындағы менің портретім». Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін
арттыру. Тыңдаушыларға Күннің суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір
шуағына өз суреттерін салады.
«Маған өте қажет...» Өзіне деген сенімділікті арттыру, өзінтану.
Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай
шарды ұшырса, тілегі орындалатындығын
елестете отырып, әрбір шарға тілектер
жазады.
✓
Мен тілеймін, менде....болғанын.
✓ Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын.
✓ Мен тілеймін,
✓ Мен.......барғанымды. Мен
тілеймін....
Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін сипаттап, суретін салу
«Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы
Басқарушы. Менің қолымда оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің
қандай, қандай көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр.
Бірінші мен өзім туралы
айтамын, сосын жіптің бір ұшын саусағыма байлап, көршіме ұсынамын, ол өзі туралы
айтып, көршісіне береді. Жаттығу осылай жалғаса береді.
«Мен жақсы көремін...» жаттығуы
Басқарушыдан бастап «Мен ...жақсы көремін» (нені жақсы көретіндігі
туралы айтып)
деген фразаны аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан
барлығына жіпті қозғап көргенде қалай созылатынын сезіну ұсынылады,
бәрі бір
жіпке байланысты сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: