Сабақта тиімді кері байланыс ұйымдастырудың техникалары


Топтық кері байланыс сұрақтары



бет10/11
Дата01.03.2022
өлшемі69,03 Kb.
#26697
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары Пед оқу . Муфтахова Анаргуль

Топтық кері байланыс сұрақтары:

1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?



  • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;

  • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;

  • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

  • ақпарат алмасуда;

  • Өзара қарым- қатынаста;

  • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

  • Бір адамға бағытталған стиль

  • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы  орындау  барысында  топта  ауызбіршілік сақталды  ма?

  • Топта ауызбіршілік пен  серіктестік  қарым-қатынас сақталды;

  • Топтағы  бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен  білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл - ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының  себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат (2,22-б)

Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келгенде, рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет  оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс - нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз.  Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін  біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет