Сабақта тиімді кері байланыс ұйымдастырудың техникалары


Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс



бет8/11
Дата01.03.2022
өлшемі69,03 Kb.
#26697
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары Пед оқу . Муфтахова Анаргуль

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс.

Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.



3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» - оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» - қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты»  -  деген бағанға өздеріне  не қызықты  болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісінде:

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет