Байланысты: Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары Пед оқу . Муфтахова Анаргуль
Мұғалім: оқытудағы жіберілген олқылықтар мен өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б) өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады. Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері:
кері байланыстың уақытылы болуын қадағалау
кері байланыс үдерісінде қатысушыларға мәселені жан-жақты талқылауғажеткілікті уақыт беру керек.
Мұғалім беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болу керек
сөйлеп тұрған адамға кері байланыс бергіңіз келсе, қысқа сөздерді (реплика) пайдалану керек, реплика алаңдаушылық туғызбау керек. Олай болмаған жағдайда сөйлеуші ойын шашыратып алуы мүмкін
сыни ескерпенің мәнін асыра айтудың қажеті жоқ
сыни ескерпе нақты жағдайға көрсетілу керек
кемшілікті көрсеткенде сыналған жұмыстың оң жақтарын көрсетуді ұмытпаңыз
адамның жеке басына , намысына тимеу керек
сыни ескертуге фактілер келтіре отырып тоқталу керек
Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Кері байланыстың түрлері: жағымды және жағымсыз. Кері байланыстың формалары мен әдістері көп: ауызша талдау, талқылау, жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер т.б. ұйымдастыруға болады. Кері байланыстың түрін, формасын таңдау мұғалім құзіретінде. Қандай кері байланысты жақсы кері байланыс дейміз?
ол оқу мақсатына бағытталады
оқушы өзінің дұрыс бағытта екенін біледі
оқушы өз қатесін түсінеді, оны жақсартуға ынталанады
оқушы өз бетінше ойланып, ойын ашық айтуға дағдыланады