Сабақта тиімді кері байланыс ұйымдастырудың түрлері
«Мұғалімдерге шынай кері байланыс керек»-деп Билл Гейс айтқандай. Оның ойынша АҚШ білім беру жүйесі Шанхай мектептерінен үлгі алуы тиіс. Қытайда әрбір мұғалім-мейлі тәжірибелі болсын, мейлі жас болсын –өз сабақтары мен әрекеттеріне кері байланыс алуға және өзгелерге беруге құқылы екен: мұнда кері байланыс мұғалім кәсібінің ең маңызда бөлігі деп есептелінеді.
Бүгінгі сіздердің алдарыңызда төмендегі сұрақтар бойынша ой бөліскім келеді:
Кері байланыс дегенімін не?
Кері байланыс жүргізудің мақсаты
Тиімді кері байланыстың ережелері
Кері байланыстың тиімді түрлері
Кері байланысты ұйымдастыру техникалары.
Бұл тақырып қазіргі кезде өте өзекті тақырыптардың бірі болып келеді.
Соңғы жылдар кері байланысты орнату көптеген ғалымдардың назарында. Кез келген әлеуметтік ақпараттық қарым –қатынастын, сондай ақ оқу дерісінің қатысушылар арасындағы өзара қарым қатынастын тиімділігін дәлелелі ретінде кері байланыстын маңызы өте зор. Өйткені мұғалім де оқушы да сабақ барысында екі жақты өзара іс әрекеттің ұйымдастыру нәтижесінде дер кезінде кері байланыс алуға мұқтаж.
Мақсатымыз: Сабақтарда тиімді кері байланысты ұйымдастыру техникаларын қолдануға үйрету.
Осы баяндаманың нәтижесінде мұғалімдеге кері байланыстын және оның түрлерін және кері байланыс мақсатын түсінеді және кері байланыстын техикаларын қолдана алады деген нәтиже күтеміз.
Кері байланыс дегеніміз не?Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Көп жағдайда кері байланысты мұғалімдер сабақтың, соңында жазбаша түрде сабақтын өтуі, оқушының көңіл күйі және оқушылардын ойын білу үшін ғана алатының анықталған. Алайда кері байланыс дегеніміз не? оның маңызы не екенін көбіне біле бермейміз және оған аса мән бере бермейді. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Дәстүрлі сабақтарда біз үнемі кері байланыс жүргізіп келдік. Сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақ қоятынбыз:
бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?
Кім түсінбеді?
Кімнің сұрақтары бар?
Бұл, әрине, ауызша кері байланысқа жатады. Алайда, осындай кері байланыс тиімді болды ма? Оқушылар не деп жауап беруші еді? Түсіндік, сұрақ жоқ деген бірсарынды жауап алатынбыз.
Қазіргі тәжірибеде мұғалімдер кері байланыс парақшасын таратып, оны толтыртып, қайтадан жинап алады да, мен кері байланыс ұйымдастырдым дейді. Бұл кері байланыс не мақсатпен алынды? Одан әрі қарай не істеу керек? Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарын талдай келіп, кері байланыс тиімді болды деп айтуға бола ма? Кері байланыс арқылы оқушы оқу мақсатына жете алды ма? Тақырыпты түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не үшін түсінбеді? Түсіну үшін не істеу керек? Оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды? Міне, осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қоя отырып, оқушының берген жауаптары арқылы өзінің іс әрекетін бағалайды. Қолданған әдістерінің тиімділігі туралы ойланып, келесі сабақты жоспарлауда осы кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзара бағалау жасауға, өзін өзі реттеуге, білім алудағы жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
Кері байланыс не мақсатпен алынады?
Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою
мақсатқа жетуді қамтамасыз ету
Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу
Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін ояту
Сонымен, кері байланыстың мақсаты: мұғалімнің ақпараттың мазмұнын, оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Кері байланыс арқылы кім не алады? Оқушы: өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады.
Достарыңызбен бөлісу: |