Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата29.01.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2944
түріСабақ
1   2   3

Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет 

 

Оқу  –  тек  қана  танымдық  үдеріс  емес:  ол  адамды  тұтасымен  тартып  алады. 



Оқушының  ынтасын  арттырып  отыру  қажет  екені  анық.  Әдетте  баға,  алтын  жұлдыз  және 

сыйлық  сияқты  сыртқы  марапаттар  оны  ынталандырудың  ең  жақсы  жолы  сияқты 

қабылданады. Алайда, бұл ұйғарымды жоққа шығаратын дәлел бар.   

 

Оқушылар  белгілі  бір  жетістікке  жететініне  сенімді  болса  тапсырманы  орындауға 



құлшыныс  білдіреді.  Егер  де  сабақ  жарыс  деп  қарастырылатын  болса,  онда  жеңімпаз  да, 

жеңіліс  тапқан  да  болатыны  түсінікті,  сондықтан  бұған  дейін  жеңіліс  тапқандар  тізімінде 

болған  оқушылар  талпынуға  тырыспайды  да.  Осылайша,  мұғалімдердің  алдында  тұрған 

міндет  –  кейбіреулер  табысты  болып,  ал  басқалар  шамалы  нәтижеге  қол  жеткізетініне 

қарамастан,  барлық  оқушыларды  бірдей  ынталандыра  білу.  Бұл  мәселені  шешуде 

орындалған  тапсырма  туралы  түсініктемелердің  маңызы  зор.  Көптеген  зерттеушілер  осы 

тұжырымды қолдайды. Бірнеше мысал келтіре кетейік: 

 



Оқушыларға түсініктемелер «сендерге оқуда көмектеседі» делінсе, олар «сендердің 

тапсырманы  қалай  орындағандарың  бізге  сендердің  қаншалықты  ақылды 

екендеріңді,  қандай  баға  алатындарыңды  көрсетеді»  деп  айтылған  оқушыларға 

қарағанда  көп  біліп  алады.  Нашар  оқитын  оқушылар  үшін  бұлардың 

айырмашылығы зор

11



 

Баға алатын оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын көреді (жеке 



қызығушылық);  ал  тек  қана  түсініктеме  алған  оқушы  бұдан  жақсартуға 

бағытталған  көмекті  сезінеді  (тапсырмаға  деген  қызығушылық).  Соңғысы 

алғашқыларынан асып түседі

12



 

Бәсекелестік  жүйеде  үлгерімі  нашар  оқушылар  өзінің  үлгерімінің  нашар  болуын 

«қабілетінің»  жеткіліксіздігімен,  ал  үлгерімі  жақсы  оқушылар  өзінің  талпыныс, 

күш-жігерімен  байланыстырады.  Тапсырмаға  бағдарланған  жүйеде  үлгерім 

жұмсалған  күштің  нәтижесі  деп  саналып,  оқу,  әсіресе  нашар  үлгеретін 

оқушылардың оқуы жақсарады

13





 

Түсініктемелерді  зерттеуге  жан-жақты  шолу  жүргізу  оның  үлгерімді  60  пайызға 

жақсартатынын көрсетті. Пікірлер пайдасыз болған жағдайларда, ол пікір жай ғана 

пайымдау немесе қалай жақсартуға болатынын көрсетпейтін бағалау ғана болған

14



«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

14-бет 


 

Жалпы  алғанда,  мадақтау  немесе  бағалау  түріндегі  пікір  тапсырмаға  деген 

қызығушылыққа  қарағанда,  жеке  қызығушылықты  арттырады.  Ол  оқушылардың  назарын 

талпынудың  маңызды  екендігіне  аударудың  орнына,  олардың  «қабілетіне»  аударады, 

осылайша  нашар  үлгеретін  балалардың  өз  күшіне  деген  сенімін  талқандап,  «сырттан 

таңылған дәрменсіздік» проблемасына әкеледі

15

. Ал не істеу керектігі туралы түсініктемелер 



балаларға  өздерінің  оқуларын  жақсарта  алатындықтарына  сенім  ұялатады.  Мұндай  пікір 

оқушылар  тарапынан  күш  жұмсау  арқылы,  мұғалімдер  тарапынан  сол  күшті  жұмсауға 

ынталандыру арқылы оқуды жақсартуға ықпал етеді

16



    

Шығармашылық идея: Оқуға ден қою 

Жоба  аясындағы  біздің  эксперименттеріміз  мұғалімнің  негізгі  мақсаты  оқушының 



оқуын  жақсарту  екенін  түсіну  қажеттігін  көрсетті.  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  сабақтарды 

жоспарлауды қайта қарап, мұғалімнің өзінің де, оқушының да оқу үдерісін қолдаудағы рөлін 

өзгертуге дайын болуын көздейді.   

 

Оқу ортасы: Негіздері және жоспарлар 

 

Сабақта оқытуды жақсарту үшін алдын ала мұқият дайындық талап етіледі. 



 

Бұған дейін оқыту туралы ойым менің кәсіби даму жолымда пайда болған және оған 

ықпал ететін кез келген мәселені шеше алуым үшін мен идеялар мен стратегияларды 

ойлап  таба  аламын  дегенге  саятын.  Қазір  мен  сабақтардың  мазмұнын  барынша 

мұқият  ойластырамын.  Менің  «Мен  нені  оқытпақпын  және  оқушылар  не  істейді?» 

деген ойым «Мен бұны қалай үйретемін және оқушылар нені білулері тиіс?» деген ойға 

ауысты. - Сюзан, Waterford мектебі. 

 

Мұғалім  көрегендігінің  мақсаты  –  өз  жұмысын  жақсартатындай  етіп  жоспарлау. 



Мысалы, сұрақтар мен сабақтарды жоспарлау оқу мақсатына сай келуі тиіс. 

 

Қалыптастырушы  жаттығулардың  алдында  сұрақтарды  құруға  жеткілікті  уақыт 



жұмсамаған  екенмін.  Өз  жұмысымды  талдау  барысында  оның  соншалықты  нашар 

екендігіне  көзім  жетті.  Сұрақтарды  уақыт  өткізу  үшін  пайдаланғанымды, 

оқушылардың тарапынан мұқият ойлануды талап етпейтін сұрақтарды қойғанымды 

анықтадым. Оқушылармен, әсіресе оқуда қиындықты көп сезінетіндерімен әңгімелесу 

барысында оларды тақырып туралы ойландыратын, оқу барысында алға қадам басуға 

мүмкіндік беретін сұрақтарды қойған дұрыс. – Дерек, Century Island мектебі.  

 

Мұғалімнің  диалог  барысында  немесе  жазбаша  жұмысқа  түсініктеме  беру  кезінде 

беретін жауаптарының сапасы туралы да ұмытуға болмайды. Дұрыс түсініктеме оқушыларға 

жоғары сапалы жұмыстың қандай болатынын ұғындырып, өз жұмысының сапасын жақсарту 

үшін  не  істеу  қажеттігі  туралы  жөн  сілтеуі  қажет.  Сонымен  бірге,  кері  байланыс 

оқушылардың дағдылары мен тиімді оқыту стратегияларын жақсарта алады. 

Осы  орайда  тағы  бір  үлкен  проблема  бар.  Оқу  ортасы  оқушылардың  оқу 

тапсырмаларын орындауға барынша қарқынды тартылуына ықпал ететіндей етіп «құрылуы» 

тиіс.  Бұл  жерде  оқушылардың  ойлану  үдерісі  басты  назарға  алынып,  ол  ойлану  үдерісі 

мейлінше ашық болуы, яғни дыбысталуы тиіс. Мұғалімдердің бірінің айтуы бойынша: 

  

Белгілі  бір  кезеңде  оқыту  үдерісіне  өзімнің  қандай  үлес  қосатынымнан,  оқушының 

үлесі  қандай  екеніне  көбірек  көңіл  бөлуге  ауыстым.  Оқушылардың  оқу  тәжірибесіне 

өзгеріс  енгізу  тәсілдерінің  бірі  оларды  мейлінше  көп  ойлануға  жетелеу,  түрткі  болу 

Баға алған оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын 

көреді; ал тек қана түсініктеме алғандар жақсаруға бағытталған 

көмекті сезінеді. Соңғысы алғашқысынан асып түседі. 



«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

15-бет 


екендігін түйсіндім. Одан кейін мен оқушылар үшін оқыту үдерісін барынша ашық ету 

тәсілін  іздестірумен  айналыстым.  Қазір  өз  уақытымның  басым  бөлігін  оқушыларды 

өзінің  білімі  үшін  жауапкершілік  алуына  мәжбүрлейтін  тәсілдер  мен  оқыту  үдерісін 

бірлесіп өткізу жолдарын іздестіруге жұмсаймын. – Том, Riverside мектебі. 

 

Мұғалім  мен  оқушының,  оқушылардың  өздерінің  арасындағы  өзара  қарым-қатынас 



оқушылар  өздерінің  идеяларын  зерттей  алатын,  өз  құрбы-құрдастарынан  баламалы 

идеяларды естуіне және оларды бағалауға мүмкіндік беретін қолайлы ортаның қалыптасуына 

ықпал ете алады. 

 

Оқушылардың әрқайсысына өз әріптесіне түсіндіру үшін материалдың бір бөлігін беру 



арқылы оқушыларды шағын топтарға бөлу тәсілін қолдандым. Оларға дайындалу үшін 

бірнеше  минут,  бірнеше  ойтамыздық  беріледі,  өз  ойларын  жазып  алу  үшін  олар 

дәптерлерін  пайдаланады.  Одан  кейін  әрбір  оқушы  өз  тақырыбын  топтың  қалған 

мүшелеріне түсіндіреді. Оқушылар бір-бірінің ойларына тез назар аударады, мысалы: 

«Меніңше,  сен  таңдап  алған  мысалдар  өте  пайдалы,  себебі  олар  біздің  кітапта  бар 

материалдарға  қарағанда  өзгеше.  Мен  оларды  есіме  де  алмас  едім».  Немесе, 

«Сұйықтықтар  мен  газдар  арасындағы  айырмашылықты  түсіндіру  кезінде 

бөлшектер  туралы  айта  кетерсің  деп  ойладым».  Мұндай  сабақтар  кейбір 

оқушылардың  түсіну  деңгейін  ұғыну  үшін  маған  ғана  емес,  сондай-ақ  оқушылардың 

өздері үшін де құнды болды. – Филип, Century Island мектебі.  

 

Мұндай оқу ортасының тағы бір артықшылығы – мұғалім сыныптың қалған бөлігі де 



қарқынды  жұмыс  істеп  жатқандығын  біле  отырып,  бір  топпен  қарқынды  жұмыс  істеп,  сол 

топтың идеялары мен болжамдарын талқылай алады. 

Сонымен, тиімді оқыту ортасын құруға арналған негізгі іс-әрекеттер: 

 



сыныптағы  сабақтарды  оқушыларға  өз  ойларын  ортаға  салуға  мүмкіндік  беріп, 

түсініктемелер олардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндей етіп жоспарлау; 

 

түсініктемелерді оқыту үдерісін жақсартуда жетекшілік ететіндей етіп құру; 



 

әрбір  оқушы  қатысып,  тапсырма  алуы  үшін  бірлесіп  жұмыс  істеуді  талап  ететін 



тапсырмаларды  пайдалану  және  оқушыларды  бірін-бірі  тыңдауға  және  өзгелердің 

идеяларын құрметтеуге үйрету; 

 

оқушылар сабақта белсенді қатысатындығына сенімді болып, оқытудың дұрыс жауап 



беруге  қарағанда,  өзінің  түсінігін  айтуға  және  талқыға  араласуға  дайын  болуына 

байланысты болатындығына сендіру. 

 

Оқу ортасы: Рөлдер мен күтілетін нәтижелер 

Дәрісханалық  оқытудың  жаңа  бір  түрін  жоспарлау  бір  басқа,  оларды  алға  қойылған 

мақсаттарға  сәйкес  іс-тәжірибеде  қолдану  бір  басқа.  Бұл  жерде  дайын  тәсіл  жоқ.  Қара 

жәшіктің  ішінде  қалыптастырушы  бағалауды  ұтымды  дамыту  «әрбір  мұғалім  өзіндік 

дәрісхалық  оқыту  моделінен  шығатын  идеяларын  қалыптастырып,  сабақ  өткізудің  өзіндік 

тәсілін тапқан» жағдайда ғана жүзеге асырылады деп нақты айтылған. 

 

Екінші қағидат – қарастырылып отырған оқу ортасы сынып мәдениетін талап етеді, ол 



мұғалімге  де,  оқушыға  да  бейтаныс  болып,  екеуін  де  әбігерге  салуы  мүмкін.  Мұғалім 

енгізген инновацияның әсері мұғалімдер мен оқушылар арасындағы «сыныптық келісімді» - 

күтілетін  тәртіпті  анықтайтын  ережелерді  өзгертіп,  оны  мұғалімдер  де,  оқушылар  да 

мойындауға тиіс. 

 

Оқушылар мұғалім ұсынатын білімді енжар түрде қабылдаушыдан, өзінің білім алуы 



үшін жауап беретін және өз оқуын басқаратын белсенді оқушыларға айналуы қажет. 

 

Мұғалімдерге  жігерлілік  пен  батылдық  қажет.  Жобамыздың  бастапқы  кезеңінде 



көптеген қатысушылар жаңа тәсілді «үрейлендіретін» деп сипаттағандары бар, өйткені олар 

өз сабақтарын бақылаудан шығарып аламыз ба деп қорыққан екен. Жобаның соңына қарай 

олар бақылауды жоғалту жөнінде емес, оқушылардың оқуы үшін жауапкершілікті сыныппен 


«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

16-бет 


бөлісу  туралы  айта  бастады;  бұл  да  дәл  сол  үдеріс,  тек  басқа  көзқарас  тұрғысынан 

қарастырылады.  Бір  жағынан,  мұғалімдер  мен  оқушылар  жеткізуші/алушы  сияқты  өзара 

қарым-қатынаста болады, екінші жағынан олар ортақ мақсатқа ұмтылған әріптестер: 

 

 



Қалыптастырушы  бағалау  мені  өзіме  қарағанда,  оқушыларға  көп  көңіл  бөлуіме 

жетеледі.  Оқушыларға  алға  қарай  ілгерілеуіне  мүмкіндік  бере  алатындығыма  көзім 

жетті. – Роберт, Two Bishops мектебі. 

 

 

Нәтиже  қандай?  Нәтиже  –  әрқайсысының  үміттері  –  атап  айтқанда,  мұғалім  мен 



оқушылардың өздері  не істеулері қажет деген ойлары өзгерді. Бұндай өзгеріс жүргізу оңай 

болмауына  қарамастан,  олар  кенеттен  жүрмеуі  керек.  ПМОҚБЖ  жобасының  мұғалімдері 

тәжірибе  жинақталуына  қарай  баяу  және  біртіндеп  өзгеріп,  түсініктеме  беру  мен  бірлескен 

жұмысты жақсарту жөніндегі түрлі стратегияларды пайдаланудағы сенімділігі өсті. Мысалы, 

көптеген  мұғалімдер  ойлауға  ықпал  ететін  сұрақтар  қоя  бастады.  Одан  кейін  олар  ауызша 

және жазбаша түсініктемелерін жақсартып, ойлануды бірінші орынға шығару арқылы өзара 

бағалау және өзін өзі бағалауды дамытуды жалғастырды. 

 

Қорытындысында, төмендегі тәсілдер арқылы: 



 

«сыныптағы өзара қарым-қатынасты» барлығы мұғалім мен оқушы бірлескен нәтиже 



үшін бірігіп жұмыс істейді  деп күтетіндей етіп  өзгерту арқылы (бұл ретте бірлескен 

нәтиже әрқайсысының оқуын жақсарту болып табылады);   

 

оқушыларға белсенді оқушы болуға мүмкіндік беріп, осылайша олардың өз оқуы үшін 



жауапкершілік алуы арқылы;   

 



орынды  болған  жағдайда,  қадамдап  мұғалімнің  рөлі  туралы  ұғымға  өзгеріс  енгізу 

арқылы; 


 

бағалау оқытуды жақсартатын амал-тәсілдерді ойластыру және үздіксіз назар аудару 



арқылы сынып мәдениеті мен күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады

 

Сіз не істей аласыз? 

Өз  қызметіңізге  қалыптастырушы  бағалау  идеясын  енгізу  үшін,  ең  алдымен,  сіз  не 

істейтіндігіңіз  төңірегінде  ойлануыңыз  қажет.  Әріптестермен  талқылау  және  сабақтарда 

бірін-бірі бақылау осындай ойларға түрткі болуы мүмкін. 

Келесі  қадам  енгізілген  өзгерістерді  тексеру  болуы  тиіс.  Бәрін  түбегейлі  өзгерту 

қауіпті  болып,  бәрін  бүлдіруі  мүмкін,  сондықтан  өзгерткіңіз  келетін  бір  нәрсе  таңдап 

алыңыз, мейлің, «бағдаршам» карточкаларын пайдалану немесе құрбы-құрдастарын бағалау 

болсын,  немесе  күрделендірілген  жауап  алу  болсын,  әйтеуір  біреуі  болуы  тиіс.  Тек  істі 

бастаудан қорықпаңыз. Егер де сіз орта немесе жоғарғы сыныптарда сабақ беретін болсаңыз, 

онда  алдымен  бір  сыныппен  ғана  орындап  көріңіз.  Мұғалімдер  өздеріне  сенімі  артып, 

оқушыларға  нені  білетіндерін  және  нені  білгілері  келетіндерін  айтуға  мүмкіндік  бере 

бастасымен-ақ,  бағалауды  өзінің  бүкіл  оқыту  тәжірибесінде  пайдалану  керек  деп 

ұйғаратынын байқадық. 

Стратегияларды  пайдалануды  жалғастыру  алдағы  прогреске  апарады.  Бірнеше 

мұғалім бірлесіп жұмыс істегенде, әрқайсысы өзінің стратегиясын таңдап алып, кейіннен қол 

жеткізген  жетістіктерімен  бөліседі.  Бұл  үдеріс  бірқатар  стратегиядан  тұратын  «іс-әрекет 

жоспарының» нақты тұжырымдамасын жасауға әкелуі тиіс, бұл жағдайда сыныппен жұмыс 

істеуді  оқу  жылының  басынан  бастаған  дұрыс.  Оқу  жылының  басынан  бастап  кірісудің 

бірінші  себебі  -  мұғалімдер  үшін  де,  оқушылар  үшін  де  жұмыстың  жаңа  тәсіліне  үйреніп-

төселуіне  уақыт  болады.  Екінші  себебі  –  әбден  орныққан  жұмыс  тәртібін  оқу  жылының 

ортасында өзгерту қиын болады. Бірнеше сыныпта ғана бір жыл бойы үзбестен жұмыс істеу 

тәжірибесі,  осы кезде  басқа  мұғалімдер де осы сияқты жұмыс атқарса, бұл жаңа тәсілдерді 

жаппай бейімдеуге мықты негіз бола алады. 

Осы  сияқты  инновацияларды  енгізуге  тартылған  топтармен  бірлесіп  жұмыс  істеу 

қажет. Жалпы бақылау, идеялармен және қол жеткізілген өрлеу туралы тәжірибемен алмасу, 

тактика  үшін  де,  стратегиялық  деңгейде  де  пайдалы.  Сыныптағы  оқытудан  күтілетін 


«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

17-бет 


нәтижелерді  және  сынып  мәдениетін  өзгертуді  ниет  еткен  кездегі  алғашқы  күмәнды  жеңу 

үшін әріптестеріңіздің қолдау көрсетуі өте маңызды. 

Кез  келген  жаңалыққа  қатысты  мектеп  әкімшілігінің  де  қолдауы  маңызды  болмақ. 

Мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетуінің бір жолы – мұғалімдерге жиі-жиі кездесу өткізуге 

уақыт  бөлу.  Сондай-ақ,  мұғалімдерге  әдістемелік  бірлестікке  және  Педагогикалық  кеңеске 

атқарылған жұмыс туралы баяндама жасауға мүмкіндік беру де маңызды. 

Жаңалықты  зерттеумен  айналысатын  кез  келген  топтың  жұмысы  бүкіл  мектептің 

қызметіне  құйылған  инвестиция  болып  табылады,  сондықтан  көмек  кішіпейілділік  сипатта 

болмауы  тиіс.  Керісінше,  топтың  жұмысын  бағалағаннан  кейін,  бай  тәжірибені  тарату 

басталады деп күткендіктен, мұндай жұмыс мектеп жұмысын жақсарту жоспарына енгізілуі 

тиіс. 

 

Сонымен  қатар,  қалыптасқан  мектеп  саясатын  қайта  қарау  қажет,  себебі  саясаттың 

кейбір  қағидаттары  қалыптастырушы  бағалаудың  пайдаланылуын  шектеуі  мүмкін. 

Қарапайым  мысал  ретінде  кез  келген  үй  жұмысына  ұпай  немесе  баға  қоюды  талап  ететін 

саясатты  айтуға  болады.  Ол  түсініктемелерді  пайдалануға  кедергі  келтіреді.  ПМОҚБЖ 

жобасына  қатысқан  алты  мектептің  бесеуі  математика  мен  жаратылыстану  ғылымдары 

мұғалімдерінің  тәжірибесіне  сүйеніп,  баға  қоюдың  орнына  түсініктеме  беруді  енгізіп, 

өздерінің  оқыту  тәжірибелерін  өзгертті,  осы  мектептердің  екеуі  қабылдаған  өзгеріс  барлық 

мектеп бойынша үй тапсырмасына ұпай және баға қоюдан бас тарту түрінде болды. Тағы бір 

мысалда  жиі-жиі  қайта  қарауды  талап  ететін  «мақсат  қою»  жүйесі  орта,  ұзақ  мерзімді  оқу 

дағдыларын  дамытуда  шұғыл  «өрлеуді»  баяулататын  оқытудың  кез  келген  тәсілдерін 

өзгертуге кедергі келтірді.    

Сондықтан,  оқу үшін бағалаудағы жаңалықтарды оқыту тәжірибесіне енгізуге  көмек 

көрсету, бағалау және алдағы  уақыттағы тарату, дамуды бақылау жауапкершілігі мектептің 

әкімшілігіне  жүктелген  жағдайда  ғана  үйлесімді  жоспарланатын  болады.  Біздің 

тәжірибемізден көрініп отырғандай, бірнеше адамның күшімен қалыптастырушы бағалауды 

іске асыру сол адамдардың өздеріне қатысты әділетсіздік болар, ал барлық мұғалімдерден өз 

рөлдері мен әдістемесін табан астында өзгертуді талап ету – ессіздік. 

Бұл ретте кем дегенде үш жылға арналған даму жоспары қажет, онда бірнеше шағын 

топтарға  екіжылдық  зерттеу  жүргізуде  қолдау  көрсетіледі.  Алдағы  уақытта  бұл  топтар  осы 

идеяларды  бүкіл  мектепке  тарату  үшін  және  әріптестеріне  өздерінің  осы  сияқты 

экспериментін жүргізуге қолдау көрсету үшін түйінді өзек болмақ. 

 

Сілтемелер: 

1.  Пол  Блэк  және  Дилан  Уильям  «Қара  жәшік  ішінде:  сыныпта  бағалау  арқылы  оқыту 

стандарттарын  арттыру»,  Фи  Дельта  Каппан,  қазан,  1998,  139-148-беттер.  Бұл  мақала 

Біріккен  Патшалықта  басып  шығарылды  және  кеңінен  таратылды.  2002  жылы  басып 

шығарылған брошюра да Біріккен Патшалықта кеңінен таралды. Бұл екі мақала да бір 

мәселені көтерді, авторлары да бір адамдар. Екі брошюра да, сондай-ақ одан кейінгі сол 

топтамадағы брошюралар НФЕР-НЕЛЬСОН-да басып шығарылды.  

Бұл жерде әдебиеттерге аз ғана сілтеме берілген. Басылымдар мен ресурстарға қатысты 

басқа  ақпаратты  Қалыптастырушы  бағалауды  дамыту  тобының  парақтарында 

Патшалық  колледждің  веб-сайтынан  табуға  болады.  Кейбір  басылымдарды 

www.Kel.ac.uk/education/research/Kal.html сайтынан көшіріп алуға болады. 

2. Paul Black and Dylan William «Assessment and Classroom Learning» [Бағалау және сыныпта 

оқыту], Assessment in Education, March 1998, pp. 7-71. 

3. Paul Black, Christine Harrison, Clare Lee, Bethan Marshall, Dylan William, Assessment for 

Learning: Putting It into Practice [Оқу үшін бағалау: тәжірибеге енгізу] Buckingham, U.K.: 

Open University Press, 2003. 



Мектептің саясатын қайта қарау қажет сияқты: үй жұмысының 

барлық түрлеріне баға қою саясаты маңызды тәсіл – 

түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді.

 


«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

18-бет 


4.  Mary  Budd  Rowe  “Wait  Time  and  Rewards  as  Instructional  Variables,  Their  Influence  on 

Language,  Logic,  and  Fate  Control”  [Күту  уақыты  және  оқытуды  өзгерту  нәтижелері: 

олардың тілге, логикаға және бақылау жүргізуге ықпалы], Journal of Research in Science 

Teaching, vol. 11, 1974, pp. 81-94. 

5. Ruth Butler, “Enhancing and Undermining Intrinsic Motivation; The Effects of Task-Involving 

and  Ego-Involving  Evaluation  on  Interest  and  Performance”  [Ішкі  ынтаны  арттыру  және 

жою;  Тапсырмаға  бағытталған  қызығушылық  пен  жеке  қызығушылықтың  өнімділігін 

бағалау], British Journal of Educational Psychology, vol. 58, 1988, рр. 1-14. 

6.  Royce  Sadler,  “Formative  Assessment  and  the  Design  of  Instructional  Systems” 

[Қалыптастырушы  бағалау  және  оқыту  жүйелерін  жобалау],  Instructional  Science,  vol. 

18, 1989, pp. 119-44. 

7.  Royce  Sadler,  “Formative  Assessment:  Revisiting  the  Territory”  [Қалыптастырушы  бағалау 

және оқыту жүйелерін жобалау], Assessment in Education, vol. 5, 1998, pp. 77-84. 

8. Қараңыз, мысалы, Paul W.Foos, Joseph J.Mora, Sharon Tkacz, “Student Study Techniques and 

the  Generation  Effect”  [Оқушыларды  оқыту  техникалары  мен  негізгі  әсері],  Journal  of 

Educational  Psychology,  vol.  86,  1994,  pp.  567-76;  Alison  King,  “Facilitating  Elaborative 

Learning  Through  Guided  Student-Generated  Questioning”  [Оқушы  нұсқаулығы-

Сауалнама  арқылы  оқуды  пысықтауға  көмектесу],  Educational  Psychologist,  vol.  27, 

1992, pp. 111-26. 

9. Қараңыз, мысалы, Mike Askew et.al., Effective Teachers of Numeracy: Final Report [Сандық 

ойлаудағы  мұғалімдер  тиімділігі;  қорытынды  есеп]  (London:  King’s  College  London, 

School of Education, 1997). Бұл  жұмыста педагог зерделеген, арифметика және жоғары 

математика  бойынша  бастауыш  сынып  оқушылары  орындаған  өрлеу  арасында  өзара 

байланыс жоқ. Шын мәнісінде, екеуінің арасында аздаған өзара байланыс болды. 

10.  Royce  Sadler,  “Formative  Assessment:  Revisiting  the  Territory”  [Қалыптастырушы  бағалау 

және оқыту жүйелерін жобалау], Assessment in Education. 

11.  Richard  S.  Newman,  Mahna  T.Schwager,  “Students’  Help  Seeking  During  Problem  Solving: 

Effects of Grade, Goal, and Prior Achievement” [Оқушыға проблеманың шешімін табуға 

көмектесу:  сыныптың  ықпалы,  мақсат  және  күтілетін  нәтижелер],  American  Research 

Journal, vol. 32, 1995, pp. 352-76. 

12.  Ruth Butler, “Task-Involving and Ego-Involving Properties of Evaluation: Effects of Different 

Feedback Conditions on Motivational Perceptions, Interest, and Performance” [Бағалаудағы 

тапсырмаға 

бағытталған 

қызығушылық 

пен 


жеке 

қызығушылық: 

уәжді, 

қызығушылықты және өнімділікті арттырудағы түрлі кері байланыстың әсері], Journal 



of Educational Psychology, vol. 79-том, 1987, рр. 474-82. 

13.  Rhonda  G.  Craven,  Herbert  W.Marsh,  Raymond  L.Debus,  “Effects  of  Internally  Focused 

Feedback  on  Enhancement  of  Academic  Self-Concept”  [Академиялық  өзін  өзі  бағалауды 

арттырудағы кері  байланыстың әсері], Journal of Educational  Psychology,  vol. 83, 1991, 

pp. 17-27. 

14. Avraham N.Kluger, Angelo DeNisi, “The Effects of Feedback Interventions on Performance: A 

Historical  Review,  a  Meta-Analysis,  and  a  Preliminary  Feedback  Intervention  Theory” 

[Өнімділікке  ықпал  етудегі  кері  байланыстың  әсері:  тарихи  шолу,  метаталдау  және 

бастапқы кері байланыстың ықпал ету теориясы], Psychological Bulletin, vol. 119, 1996, 

рр. 254-84. 

15.  Carol  S.Dweck,  “Motivational  Processes  Affecting  Learning”  [Аффекттік  оқудағы  уәждеу 

үдерісі], American Psychologist (Special  Issue:  Psychological  Science and Education),  vol. 

41, 1986, pp. 1040-48. 

16.  Carol S.Dweck, Self-Theories: Their Role in Motivation, Personality, and Development [Өздік 

теориясы:  оның  уәждеудегі  рөлі,  жеке  тұлға  және  оның  дамуы]  (Philadelphia: 

Psychology Press, 2000). 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет