Қазіргі әлемді жасаған ежелгі адамдар ма Қазақстан ежелгі өркениеттердің өнертабыстары мен технологияларына арналған арнайы ескерткіш маркаларын шығарғалы жатқанын айтыңыз. Топтар ежелгі технологиялар, өнертабыстар туралы зерттеу портфолиосын (папкасын) құрастырып, қандай да бір өнертабыстың маңыздылығын дәлелдеуі қажет.
«Тарихи маңыздылық» терминін талқылау; портфолио құрастыру бойынша іс-әрекеттің табыстылық критерилері: үздік портфолионың бөліктері қандай болады? дереккөздерді іріктеуге қатысты ережелер қандай? жұмыстың форматы қандай болуы керек?
Зерттеуге және есеп жазуға уақыт беріңіз. Белгіленген уақыттан соң оқушыларға өз портфолиосын сыныпқа таныстыруын сұраңыз.
Оқушылармен ежелгі дүниенің қандай өнертабыстары барынша маңыздырақ екенін шешу үшін жұмыстың қай элементі барынша қажетірек екенін талқылаңыздар.
Оқушылар ежелгі дүниенің өнертабыстары, ғылыми жаңалықтары және технологияларының маңыздылығын дәлелдейтін фактілерді анықтайды
Жеті керемет: Ұлы Гиза пирамидасы; Вавилонның аспалы бақтары; Эфестегі Артемида ғибадатханасы; Олимпиядағы Зевс мүсіні; Мавсол мазары (Галикарнастағы кесене); Родосс алыбы және Александрия шамшырағы. Олар саяхатшыларға арналған ежелгі мәтіндерге инженерлік іске, өнер мен сәулет өнерін үйрену үшін баруға кеңес берілетін орындар ретінде қосылған.
Жеті кереметтің алғашқы тізімін жасаған Сидоннан шыққан Антипатра деген пікір бар, алайда Византиялық Филон, Страбон, Геродот және сицилиялық Диодорос та өздерін ғажайыптар тізімін жасаған адамбыз деп мәлімдеген болатын.
Тарихи маңыздылығын бағалау үшін Партингтон үлгісінің критерийлерін негіз ретінде пайдалана аласыздар:
Маңыздылық – өткен кезеңдердегі адамдар үшін
Көлемі – адамдардың өміріне қаншалықты мол ықпал жасалды
Сапасы – адамдардың өмірі қалай өзгерді
Ұзақтығы – уақыттың қай аралығында ықпал жасалды
Өзектілігі – қазіргі кезеңдегі маңыздылығы
Қосымша тапсырма ретінде маңыздылығын түсіндіру қиын жәдігерлердің асыра көрсетілін қарастыру үшін Mythbusters (мифтерді жоюшылар) сайтына кіріңіздер
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі:
- оқушылардың портфолиосын бағалау (мазмұнын, дәйектілігін, дереккөздердің іріктелуін)