6-тақырып Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.
Сұрақтар:
1Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.
2.Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.
1-тақырып Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні және міндеттері Мақсаты: Тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіогі қоғамдық даму кезеңіндегі тәрбие формасы , құралы., әдістері мазмұнын сипаттау.
Сұрақтар:
Тәрбие мақсаты, міндеттері, мәні және ерекшеліктері.
2-тақырып Мектеп тәрбие жүйесі ретінде. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде Мақсаты: Студенттерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.
Сұрақтар:
1.Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың мақсатты факторы ретінде.
2. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері. Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
3-тақырып Сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде Мақсаты:Студенттерге сыныптық тәрбие жұмсының жүйесі туралы түсінік беру, балалар ұжымын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі туралы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары туралы мәлімет беру. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту.
Сұрақтар:
Мектеп сыныбы тәрбие жұмысы жүйесінің бастапқы өзегі ретінде.
Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекеті.
Сынып ұжымында оқушылардың өзін-өзі басқаруы: маңызы, құрылымы.
Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде, олардың белгілері, қазіргі кездегі қызметі.