Сабақтары Әдістемелік құрал Исабаева Айман Турсымбековна Балқаш қаласы Шахмат сабақтары


III. Шахмат ойынын үйрету. IV. Қорытынды



бет11/15
Дата24.11.2022
өлшемі52,78 Kb.
#52302
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
III. Шахмат ойынын үйрету. IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Шахмат фигураларының жүрістері. Корольдің жүрісі .
Сабақтың мақсаты: Тақта үстіндегі фигуралардың жүрістерімен таныстыру. Корольдің қалай жүре алатынын балаларға түсіндіру. Король қандай фигура екенін айту.
Көрнекілігі:шахмат,шахмат тақтасы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
-Балалар, енді сіздердің назарларыңызды тақта үстіндегі фигуралар-дың жүрістеріне аудармақпын.
Шахмат нотациясында Кр әрпімен белгіленетін король ең басты, әрі әлсіз фигура болып есептеледі. Олай дейтініміз тақтадағы бәсекенің негізгі мақсаты-корольге мат беру. Осыған орай қалған фигуралар ойын барысында өз королін қорғай отырып, қарсыласының қорғаныс шебіне шабуыл жасайды. Корольдің әлсіз фигура екеніне тағы да бір дәлел ол өз «әскерлерінің» көмегінсіз ештеңе де тындыра алмайды. Сөзіміз түсінікті болу үшін тақтамен көрсетіп түсіндірейін. Ақ жағының королі d5, ал қара жағының королі b2 шаршыларында тұр. Олар жүре алатын шаршылар мыналар: ақ жағының королі c4,c5,c6,d4,d6,e5,e6. Ал оның қарсыласының басты фигурасы a1,a2,a3,b1,b3, c1, c2, c3 шаршыларына жүре алады.
Басқа фигураларға қарағанда корольдің жүрісінде тағы бір ерекшелік бар. Ол қорғаныста тұрған қарсыласының пешкасын немесе фигурасын жей алмайды және шабуыл төніп тұрған шаршыға жүре алмайды. Бұдан туатын қорытынды корольді жеуге болмайды екен. Әрбір жақтың королі бірден сегіз шаршыны бақылап тұрады.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.


Сабақтың тақырыбы: Шах беру
Сабақтың мақсаты: Шах деген сөздің мағынасын түсіндіру. Шахтың түрлерімен таныстыру. Қос қабат шах деген не түсіндіру.
Көрнекілігі:шахмат,шахмат тақтасы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Ойын барысында король тұрған шаршыға қарсылас жақтың фигурасы соққы берсе, онда корольге шах берілді деп есептелінеді. Ереже бойынша шах беріліп тұрған жақ өзінің бас фигурасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолын іздестіруі қажет. Ол үшін негізінен мынандай үш тәсіл қолданылады: шабуыл жасап тұрған қарсылас жақтың фигурасын мүмкін болса, қорғаныс шебіндегі фигуралардың бірімен немесе корольмен жеу; корольді көршілес бос шаршыға ауыстыру; шах беріп тұрған қарсылас фигура мен корольдің арасын-дағы шаршыны жабу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет