Мысалы: Ақ жағы: d2-d4 Қара жағы: е7-е6 Шахмат ойнауды үйрену жеңіл, ал оны жетік те жақсы меңгеру ұиын екені баршаға мәлім. Ол үшін қызығушылық пен шыдамдылық керек. Жаңадан үйренушілер диаграммалардағы ойынды ынтамен қайталап отырғаны жөн. Шахмат нотациясын, фигуралардың жүрістерін және олардың салыстырмалы күшін жетік меңгергеннен кейін қарапайым мат беру жолдарын үйрену қажет. Осындай белгілі мақсатты жүзеге асыру жолында қарсылас жақтың короліне шабуыл жасағанда тақта үстіндегі фигуралардың аз-көптігіне қарай оларды өзара тиімді байланыста ұстау бірден-бір қажет жағдай. Бұл қарсылас жақтың бас фигурасына мат беруде үстеме күш береді. Міне, осындай жаттығулар шахмат әуесқойларының қиялын дамытып, ойынға құмарлығын арттырады. Әрине, сан жағынан көп фигуралар қатысқан позициялардан гөрі, аз фигуралар болған жағдайда ойнау жеңілге соғады. III. Шахмат ойынын үйрету. IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Пат және тең ойын Сабақтың мақсаты:Пат деген не екенін түсіндіру.Қай кезде тең ойын болып саналатынын ұғындыру. Көрнекілігі:шахмат,шахмат тақтасы. I.Ұйымдастыру кезеңі. II. Кіріспе әңгіме. Қиян кескі тартыста қарсы жақтың бірінің шах берілмей тұрған королін жүретін бос шаршы болмай қалады және сол король өрісінде фигуралар мен пешкалардың жүретін мүмкіндіктері қалмаған жағдай пат деп аталады. Осындай ойын тепе-тең аяқталған болып есептеледі. №№18, 19, 20, 21, 22 диаграммаларда паттық жағдайдың бірнеше түрлері көрсетілген. Тең ойынға кейде бір жүрісті қатарымен үш рет қайталауға мәжбүр ететін бітпейтін үздіксіз шах беру арқылы да жетуге болады. Мысал ретінде №23 диаграммадағы позицияға назар салыңыз.Басым-дылық қара жағында және қара ферзі мен ат қарсыласына мат беру қаупін төндіріп тұр. Алайда ақ жағы өзінің кезекті жүрісінде атпен g6 және f8 шаршыларынан ізбе-із шах беріп, ойынды теңестіреді. Ал мына №25 диаграммадағы жағдайда ақ жағының күшінің басымдылығына қарамастан қара жағы өзінің һ4-тегі ферзісімен һ4-е4-е1 шаршыларынан үздіксіз шах беріп, қарсыласын тең ойынға келісуге мәжбүр етіп отыр. Ойын тәжірбиесінде көптеген ойнаушылар өз королінің жүріс жолын тарылтып, оның жанындағы фигура немесе пешканың жүрістерін ескермей, жоғарыда көрсетілген паттық жағдайға душар болады. Алайда корольдің жүрісі болмай, бірақ оның өзі түстес басқа фигураның жүруге мүмкіндігі болса, онда пат болмайды. Мұндай жағдайда сол фигура тиімсіз де ұтылысқа ұшырататын жүріс болса да міндетті түрде жүруі керек. Жүрістің міндеттілігі жөніндегі осындай жағдай «цугцванг» (неміс тілінен келген «цуг»-жүріс, «цванг» -еріксіз көндіру, мәжбүр ету) деп аталады. Мысалға №24-диаграммадағы позицияға қысқаша талдау жасайық. Онда ақ жағының королінің жүрісі жоқ, бірақ d2-дегі өзі түстес пешканы алға жүруге міндетті. Егер осы пешкамен d3 немесе d4 шаршыларына жүрсе онда пат болады. Бірақ қара жағының мығым да жеңіс әперетін ойыны бар. Ол пешканы алмай 1. ...с4-с3-ке жүріп келесі кезекті жүрісінде с3-с2 ге жылжып, ақ корольге мат береді. Міне, осын-дай сирек те болса кездесетін жағдайды аса дәл есептеп, сақ болған жөн. Қорыта айтқанда, тақта үстіндегі бәсеке мынандай жағдайда да тең аяқталған болып есептеледі: 1) екі жақтың бір-бірден корольдері ғана қалғанда; 2) екі жақ бір позицияны үш рет қайталай бергенде; 3) екі жақтың да күші қарсыласының короліне мат бере алмайтын болғанда; 4) екі жақ 50 жүріс жасап бір-біріне фигура желінбесе және бірде-бір пешка орнынан жылжымаса, 5) екі жақ тең ойынға өзара келіскенде.