Сабақтары Әдістемелік құрал Исабаева Айман Турсымбековна Балқаш қаласы Шахмат сабақтары


Тақтаның орталық шаршылары бар. Ойынның бас кезінде осы орталық шаршыларды жаулап алу ойнаушыға ойында көп басымдық әпереді. Осыны әрқашанда есте сақтау керек



бет8/15
Дата24.11.2022
өлшемі52,78 Kb.
#52302
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Тақтаның орталық шаршылары бар. Ойынның бас кезінде осы орталық шаршыларды жаулап алу ойнаушыға ойында көп басымдық әпереді. Осыны әрқашанда есте сақтау керек.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.


Сабақтың тақырыбы: Пілдің жүрісі
Сабақтың мақсаты: Пілдің жүрісімен таныстыру. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Шахмат нотациясында піл С әрпімен белгіленеді (орысша «слон») деп атайды. Әрбір ойнаушының екі-екіден пілі болады. Олардың бірі ақ, екіншісі қара диагональ бойымен жүре алады. Сондықтан да олардың тұрған шаршыларының түсіне байланысты бірін ақ шаршылы піл, екіншісін қара шаршылы піл деп атайды.
Тақтада пілдің жүрісін түсіндірейін. Ақ жағының пілі d4-те, жүретін жолы а1-һ8, а7-g1, ал қара жағының пілі е4-те тұр, жүретін жолы b1-һ7, а8-һ1.
Пілдер өз және қарсылас жағының фигураларының үстінен аттап жүре алмайды. Ол үшін жолындағы қарсылас фигураларды кезекті жүрісінде жеп, ойынды, әрі жалғастыруы керек. Мысалы е4-тегі піл ақ жағының һ1-дегі шаршысына жүруі үшін ең алдымен сол шаршыда тұрған тұраны жеуі керек. Сонда Се4:һ1 жүрісі жасалады деген сөз.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.

Сабақтың тақырыбы: Пешканың жүрісі
Сабақтың мақсаты: Пешканың жүрісімен таныстыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Пешка шахмат нотациясында П әрпімен белгіленеді. Пешка басқа фигураларға қарағанда жүріс жағынан әлсіздеу. Ол алғашқы орнында тұрғанда ойнаушының еркіне қарай вертикаль бағытта, тек алға қарай бір немесе екі шаршыға жүре алады. Ойымыз түсінікті болу үшін тақта-ға қарайық.
Тақтамен жұмыс.
Жүріс кезегі ақ жағында. Онда g2-дегі пешка g3 немесе g4 шаршы-ларына, ал оның қарсыласы жауап жүрісінде b4-тен b3-тегі шаршыға жүруге мүмкіндіктері бар.
Пешкалар кейін жүре алмайды. Сонымен бірге ол қарсыласының фигурасын тура жүргеніне қарай жей алмайды, тек қиғаш келгенде ғана жеп, алған фигураның орнына өзі көшеді. Егер ойын барысында пешкалар кезекті жүру және жеу арқылы қарсы жақтың соңғы горизонталына жетсе, онда олар ойнаушының өз қалауына орай ферзь, тұра, піл, ат сияқты фигураларға айнала алады. Ақ жағы үшін соңғы горизонтальдар-а8,b8, c8, d8, e8, f8, g8, h8, ал қара жағы үшін-а1, b1, c1, d1, e1, f1, g1, h1 шаршылары болып есептеледі.
Пешка алғашқы позициясында тұрып, жүріс кезінде қарсы жақтың шаршысын кесіп өтті делік. Мұндай жағдайда қарсы жақ кесіп өткен пешканы жей алады және ол желінген пешканың орнына емес, оның кесіп өткен шаршысына көшеді.
Ақ жағының с2 шаршыдағы пешкасы b4 шаршыдағы қара пешканың соққы беретін бағытында тұрған с3 шаршысынан астап өтіп, с4-ке жүрді делік, онда b4-тегі пешка қолма-қол с4-тегі пешканы жеп, с4-ке емес, с3 шаршыға орналасады. Келесі жүрісте «өткелден» (на проходе) жеу құқығы жойылады. Пешканың жай жеуі де, «өткелден» жеуі де міндетті емес, бұл ойнаушының еркі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет