білуге дағдыландырады. Бұдан соң топтар араб және парсы деректері
бойынша тарихнамалық кесте құрастырып, оларды талдауы тиіс. Сонда
ауызша берген жауаптары нақты кесте түрінде көрініп, аталмыш деректерге
ортақ мәселелер мен ерекшеліктері ашылатын болады. Ең бастысы араб,
парсы, т.б. мұсылман деректерінің тарихнамалық дерек болып
саналатындығын түсініп, жауапты осы бағытта берген дұрыс.
Ж.Баласағұнның, әл-Фарабидің еңбектерін талдауда «пресс-конференция»
әдісін пайдаланған ұтымды. Студенттер сұхбат берушілерге сауалдар қою
тарихшы-ойшылдардың тарихи білімді дамытуға қосқан үлестеріне баға
береді.
Түркі дәуіріне байланысты мұсылман деректерінің мәні мен мазмұнын
және маңызын айқындауды салыстырмалы талдау негізінде жүргізген абзал,
өйткені бұл әдіс олардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге жол ашады.
Семинар сабақтарының соңында қорытынды жасауды студенттердің
өздеріне тапсырса, ой-тұжырымдар түйіндеуге машықтанады.
Достарыңызбен бөлісу: