Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#122388
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
treatise18657

Әдістемелік тәсілдердің түрлері: 
ахуалды шешу, тарихнамадағы 
салыстырмалы-проблемалық, логикалық талдау әдістерін пайдалану. 
Әдістемелік нұсқаулар: 
тақырыпты оқып-үйренудегің ең маңызды тұсы 
көне түркі руналық жазбалардың тарихнамалық дерек ретіндегі құндылығын 
ашып көрсету болып табылады. Себебі олар өздерінің бойына УІ-Х 
ғасырлардағы Қазақстан аумағы, халқы, шаруашылығы, әлеуметтік 
құрылымы, саяси жағдайы туралы мәліметтерді сақтаған. Сондықтан да олар 
тек тарихи дерек ретінде ғана емес тарихнамалық дерек болып саналады
өйткені бітіктастардың көпшілігі ғылыми зерттеулер түрінде жарық көрген. 
Олар түркі қоғамының ерекшеліктерін қарастыруға мұрындық болады. Басты 


назарды Тоныкөк пен Иолық тегіннің тарихи көзқарастарына аудару 
қажет.Оларды сипаттау қажет және руналық жазбалардың мәтіндерімен 
салыстыра қарастырса, студентттердің ой-өрісін жетілдіруге, әрі оқу 
материалын ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалануға мүмкіндік береді. Ром 
авторларының еңбектері, византиялық шығармалар, орыс жылнамалары 
бойынша олардың тарихнамалық дерек ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін 
салыстыра жауап берген дұрыс. Оқытушыға сабақты тартымды етіп өткізуі 
үшін тарихнамадағы проблемалық ахуалды шешу әдісін ұстанған ұтымды. 
Студенттерді топтарға бөліп, семинар сабағында мазмұны ашылуға тиіс 
мәселелер бойынша сұрақтар қойдырып, олардың белсенділіктерін 
арттыруға болады. Балл сұрақтың қойылымына, ғылымилығына, мәніне және 
жауаптың дұрыстығына қарай қойылады. 
Қорытынды түркі кезеңі тарихын зерттеудегі бітіктастар мен жазба 
деректердің маңызына баға беруге байланысты түйінделеді. 
Әдебиеттер: 
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. -М., 1967.; Рашид ад-
Дин.Сборник летописей. - М-Л., 1946.; Бернштам А.Н. Социально-
экономический строй орхоно-енисейских тюрок УІ-УІІІ вв. -М-Л., 1946.; 
Комеков Б.Е. Государство кимаков ІХ -Х вв.по арабским источникам. - А-
Ата., 1972.; Кляшторный С.Г. Древнетюркские памятники как источник по 
истории Средней Азии. -А-Ата., 1964. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет