Әдістемелік нұсқаулар: тақырыпты оқып-үйренуде басты назарды
тарихнама
ғылымының
ерекшеліктеріне
аударған
жөн,
өйткені
тарихнаманың өзіндік ерекшеліктерін түсінбей оның мақсаты мен
міндеттерін ұғыу мүмкін емес. Ең алдымен ғылымның теориялық негіздерін,
яғни негізгі ұғымдарын меңгеру маңызды болып табылады. Тарихнамалық
дерек, тарихнамалық факті ұғымдарын түсініп қана қоймай, мысалдар
келтіру арқылы оларды бекіте түсу қажет. Соннымен қатар ғылымның
методологиялық ұстанымдарын терең түсіну ғылымның тұғырнамалық
ұстанымдарын терең меңгеруге септеседі. Тарихнаманың зерттеу
принциптері мен әдістеріне Қазақстан тарихын зерттеудің кез келген
мәселелерінен мысалдар келтіре отырып түсінген абзал. Сұрақтарға жауап
беруде аталғандарды тарих ғылымының методологиялық ұстанымдарымен
салыстыра отырып қарастыру ұтымды болып саналады.
Әдебиеттер: Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық
ұстанымдары. - Алматы, 2008; Омарбеков Т.Омарбеков Ш.Қазақстан
тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. -А., 2002; Мұхатова О.Х.
Тарихнама ғылымы: теориялық методологиялық негіздері және зерттеу
үлгілері. - А: Қазақ университеті, 2009.
2 семинар. Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнама. Мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнаманы талдау.
Негізгі мәселелер: Сақ, ғұн, үйсін тайпалары туралы тарихи деректер.
1. б.з. дейінгі V ғ.-XІ ғ. тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік
құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар.
2. Герадоттың, Страбонның ,Фукидидтің еңбектері және олардың маңызы.
3.Үндіаийлердің шығу тегі туралы теорияларға шолу.
Әдістемелік тәсілдердің түрлері: тақырыпқа байланысты тарихнамалық
деректер бойынша қысқаша хабарламалар жасау, негізгі тарихнамалық
деректердің атауларын жазбаша тізіп жазу, кесте құрастыру.