зерттеушілердің жекелеген тұжырымдары көрнекті құрал ретінде
пайдаланылады. Шыңғыс ханға тарихи тұлға ретінде берілген бағалар
негізінде тарихшы зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып кесте
құрастырылады. Бұл бір жағынан дәстүрлі
конспект дайындаудан гөрі
студент үшін дәйекті әрі, екінші жағынан оқытудың жаңа әдістерін ұстану
болып саналады. Осы орайда айта кетерлік бір жайт, оқытушы да, студент те
тарихнама ғылымының өзіндік категорияларын терең меңгергені абзал.
Өйткені тарихнамалық дерек, тарихнамалық факт ұғымдарын түсінбей жаңа
технология бойынша жұмыс істеу былай тұрсын, тақырыпқа қатысты
мәселелерді ашу қиынға соғады.
Презентациялық әдіс тарихнамадағы соны, эталондық тұжырымдарды
талдауда ұтымды. Сонымен қатар ғылымның категорияларын сипаттауда да
тиімді болып табылады. Мысалы, «Қазақстандағы ХХ ғасырдың бас кезіндегі
тарихи ойдың дамуы» және «Тарихнама ғылымының зерттеу әдістері»
тақырыптарын оқып-үйренуде тың пікірлерді компоративті талдауда
жекелеген ұғымдар бойынша сызбалар, кестелер,
диаграммалар жасау
арқылы дәріс материалдарын түсіндіру, студентердің жауаптарын бағалап
отыру олардың сабақ барысындағы белсенділіктерін арттырады. Сондай-ақ
дәріс материалдарын жылдам меңгеруге септеседі. Тарихнама пәні бойынша
кестелер сызу дәстүрлі библиография құрастырудан гөрі тиімді, өйткені
белгілі бір тақырыпқа қатысты бірнеше тарихнамалық деректерді тізіп
көрсетіп, олардың мазмұнына қысқаша сипаттама беруге қол жеткізіледі.
Жеке топтарға бөліп, семинар сұрақтарын қарастыру студенттердің ойлау
қабілетін арттыруға, өзбеттерінше берілген тапсырманы орындауға
мұрындық болады. Мұндай әдіс оларды топта жұмыс істеуге, өздік жұмыстар
тапсырмаларын бірлесе отырып шешуге мүмкіндік береді. Топтық әдісті
элективті курстарда пайдаланудың тиімділігі семинар сабақтарын
студенттердің саны көп аудиторияда дәлелденді. Мәселен,
Ресей
империясының отарлау саясатының тарихнамасын бірнеше проблемаларға
бөліп, жекелген мәселелердің мән-мазмұнын ашу өте қолайлы. Бұл бір
жағынан студентерді ұжымда еңбек етуге үйретсе, екінші жағынан олардың
сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыруға септеседі, үшіншіден,
бәсекелестік жағдайында озып шығуға дағдыландырады.
Пресс-конференция тәсілі тарихнамалық мектептердің ғылымдағы орны
мен рөлін анықтауда тиімді әрі рефераттарды біржақты тыңдап, талдаудан
гөрі студенттердің белсенділіктерін арттырып, барлығын қамтуда ұтымды
әдіс болып отыр. Айта кетерлік жайт,
иновациялық әдіс-тәсілдер
студенттердің барлығын дерлік сабаққа жұмылдырып, белсенді қатысуын,
берілген тапсырмаларды толық орындап келуін талап етеді. Мұның өзі
студентке апта сайын қомақты көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстан тарихнамасы пәнін заман талаптарына сәйкес
жеке дара емес өзге де пәндердің көмегімен, пәнаралық байланыста оқытуға
да толық мүмкіндіктер бар. Себебі пәнаралық тұрғыда жинақталған
тарихнамалық фактілердің құрылымы және мазмұны, оларды талдау мен
баға берудің критерийлері туралы мәліметтер фактілерге терең еніп қана
қоймай,
қосымша тәсілдер, соның ішінде жүйелеп талдау әдісі бойынша
білімнің жинақталу тенденцияларын, олардың одан ары дамуын және жаңа
ғылыми зерттеулерді болжауды айқындауға жағдай жасайды. Мұндай
жетістікке қол жеткізу пәнаралықтың эмпирикалық тәсілдерін теориялық
қағидалармен біріктіре алатын қабілетінің негізінде мүмкін болады.
Тарихнамадағы пәнаралықты оқытудың жаңа технологияларының бірі
ретінде де дәрістер мен семинар сабақтарында үнемі қолданған тиімді.
Пәнаралықтан
өзге оқытудың интерактивті тәсілдерін пайдалану
қалыптасқан әдістермен қатар оқытушының әралуан түрлерді ұсынуына
мүмкіндік мол. Әдіс-тәсілдер қатары оқытушының терең білім мен
біліктілігіне байланысты көбейеді.
Қорыта келе, Қазақстан тарихының тарихнамасы базалық курсы және
солардың траекториялары бойынша таңдап алынған элективті курстарды
оқытуда кредиттік жүйенің ауқымында жаңа технологияларды пайдалану,
сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жаһанданудың кері әсері
емес, Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жаңашыл құбылыстар болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: