Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


Тақырып: Ресей бодандығындағы қазақ тарихы мәселелерінің зерттелу



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
 
Тақырып: Ресей бодандығындағы қазақ тарихы мәселелерінің зерттелу 
деңгейі 
Мақсаты: Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында», 
М.Әбдіровтің «Қазақстан казачествосының тарихы», Т.Шонанұлының «Ел 
тағдыры, жер тағдыры» зерттеулеріне баға беру. 
Тапсырма: Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» 
атты монографиясының Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық 
қозғалысы тарихы туралы айтылатын тарауын және М.Әбдіровтің, 
Т.Шонанұлының еңбектерін тарихнамалық талдау. 
Орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: тарихнамалық талдау 
жүргізуде еңбектің мазмұнына, тарихи оқиғалар мен үдерістерді 
зерттеушінің 
қарастыру 
тәсілдеріне, 
автордың 
методологиялық 
ұстанымдарына, басшылыққа алған ғылыми принциптеріне, әдістеріне
түйіндеген тұжырымдарына, олардың ғылымдағы тұжырымдамалармен 
сәйкестігіне назар аудару қажет. Сонымен қатар зерттеушінің еңбегі дүниеге 
келген кездегі саяси жүйені де ескерген абзал. 
Тарихнамалық талдау толық әрі талапқа сәйкес жасалып, еңбектерге 
тарихнама ғылымының методологиялық негіздеріне және талаптарына 
сәйкес баға берілген жағдайда студентке 8 балл көлемінде баға қойылады.
Әдебиеттер: Бекмаханов Е.. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. 
Алматы,1993; История Казахстана сдревнейших времен до наших дней. 
Под.ред. А.Панкратовой. М.Абдыхалыкова. -А-Ата., 1943.; Вятин М.П. 
Батыр Сырым. -А-Ата., 1965.;Галузо П.Г. Туркестан – колония. - А-Ата., 
1935.; Абдиров М. История казачества Казахстана. Алматы, 1997.; Шонанұлы 
Т. Ел тағдыры, жер тағдыры.Алматы, 1995. 
 
Бақылау жұмыстары: 
Тақырыптары силлабуста көрсетілген, олар нақты мәселелердің зерттелу 
деңгейін анықтауды талап ететін тапсырмалар болғандықтан тарихнмалық 
деректермен жұмыс істеу қажет. Библиография құрастырып, ғылыми 
әдебиеттердің кем дегенде үш, төртеуінің мазмұнымен танысып, 
тарихнамалық фактілердің негізінде талдау жасауға тырысу керек. 
Студенттің өзіндік пікірінің де орын алғаны дұрыс. Жұмыстары жазбаша 
орындалады. Баға тақырыпқа сәйкес тарихнамалық талдаудың талапқа 
сәйкес жүргізілуіне, студенттің өзіндік ой-пікірінің орын алуына, сыни 
көзқарас танытуына қарай бір мен бес балл аралығында қойылады. Бақылау 
жұмысын орындау барысында студенттің оқытушыдан ақыл-кеңес алуына 
құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет