Мұғалім сабақтың ең маңызды болып табылатын осы кезеңіне дайындалу үшін, ең алдымен, ӛтілетін материалдың жалпы кӛлемін анық белгілеп алуы керек. Мұнан кейін сабақта қорытылатын ережелердің немесе анықтамалардың оқулықта қалай тұжырымдалғанымен танысып шығуы керек. Ал, 1-сыныптарда оқулық бетіндегі суреттердің мазмұнын тақырып бойынша мағлұматтар беру тұрғысынан талдау қажет. Осылайша талдаулар жүргізу нәтижесінде оқулықтағы суреттердің, иллюстрациялардың немесе тұжырымдамалардың осы сынып үшін жарамсызы болса, оны қалай ӛзгерту керек екендігін анықтап алғаны жӛн.
Математика сабағына дайындықтың бұл кезеңі осы сабақ үшін оқулықтың ролі қалай болатынын белгілеп алуға мүмкіндік береді. Егер онда ұсынылған тапсырмаларға ӛзгертулер жасау қажет болса, мұғалім оның ӛзгертілетін түрін күні бұрын анықтап алуы керек. Мұнан соң жаңа материалды түсіндіру барысында қолданылатын әдістердің үйлесімді ара-қатынасын анықтап алуға болады. Бұл орайда баланы жаңа материалды оқып-үйренуге ынталандырып, қызықтырып, оны белсенді оқу әрекетіне мәжбүр ететіндей әдіс-тәсілдерді таңдап алуға ерекше кӛңіл белген жӛн. Мұнымен қатар жаңа материалды тұрмыспен,қазақбаласыныңұлттық,психологиялық,мемлекетіміздің аймақтық ерекшеліктерімен, қоршаған ортамен, сондай-ақ бастауыш мектепте оқылатын басқа пәндермен байланыстыру ретін ойластыру мұғалімнін бас назарында болуы тиіс.
б) Жаңа материалды бекіту.
Сабақтың бұл кезеңіне байланысты ұйымдастырылатын жұмыстарға дайындалу барысында оқулықтан сыныпта орындалатын жаттығулар іріктеліп алынады. Мұғалімнің осы іріктеліп алынған жаттығуларды сабаққа дайындалу барысында ӛзінің орындап кӛруі міндетті жұмыс болып табылады, ӛйткені ӛзі орындап байқағаннан соң ғана ол әр жаттығудың ерекшеліктерін және оның міндетін түсіне алады, кейіннен сабақ ӛткізгенде оларды ескеретін болады.
Жаттығуларды таңдап алуда ең алдымен, әрине, оқулықты пайдалану керек болады. Егер ондағы жаттығулар жеткілікті болмаса, онда басқа кітаптарды немесе есеп құралдарын пайдалану керек, әйтпесе мұғалімн0ің ӛзі сабаққа дайындалу кезінде жаттығулар (есептер, мысалдар т.б.) құрастырып алуы керек.
Мұғалім сабақ кезінде орындалатын жаттығулардың санын мүмкіндігінше сабақ уақытына сыятын шамада мӛлшерлеп алуға да кӛңіл бӛлуі тиіс. Мұны әсіресе, оқушылардың ӛздігінен орындайтын жұмысына арналған материалды сұрыптауда айрықша еске алған жӛн. Бұл үшін мұғалімнің қолында математикадан дидактикалық материалдардың болғаны дұрыс. Дидактикалық материалдарды дайындауда алғашқы кезде біраз уақыт бӛліп кӛп еңбектенуге тура келсе, толық даярланып біткеннен кейін керісінше, ол сабақ барысында уақыт үнемдеуге, сабақтың тиімділігін арттыруға игі әсерін тигізеді.