Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет10/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Алтыншы қағида: сәйкес математикалық жаттығуға байланысты атқарылатын жұмысты бастан-аяқ ӛзі орындаудан немесе оны үздік оқушыға тапсырып, оқушыларға дайын нәрсені кӛшіріп алуға мүмкіндік беруден сақтануы керек. Мұнда мұғалім танымдық процестің логикасын терең сақтап, оқытуды дамытушылық сипатта ұйымдастыруға кӛңіл бӛліп отыруы керек. Қажет болғанда оқушылар алдында жиі проблемалық ситуациялар туғызып, оны оқушылардың ӛз беттерімен шешуіне қолайлы жағдайлар туғызуы қажет.
Жетінші қағида: әр оқушының сабаққа белсене қатысып отыруын қамтамасыз ету тиіс. Тек үздік оқушыларға кӛңіл аудара бермей, үлгермейтін, дайындық деңгейі нашар және сабаққа деген ынтасы тӛмен оқушылар да мұғалімнің назарында болуы керек. Ол үшін мұғалім ырғақты қарқында жұмыс істеуге, сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыратындай әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалануға тырысуы керек.
Сегізінші қағида: оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен технологияларын пайдаланып отыруы қажет. Бұл сабақ барысындағы жұмыс ӛнімділігін арттырады, уақытты тиімді пайдалануға кӛмектеседі, сабақ барысын жетілдіреді.
Тоғызыншы қағида: оқушылардың әрқайсысының математикалық дайындығын үнемі бақылап отыруы, сондай-ақ математикалық білімдерін жүйелі түрде тексеріп, бағалап отыруы қажет. Мұнда оқушылардың пән бойынша оқу үлгерімдерін тиянақты есепке алып қана қоймай, жекеленген оқушылар кездескен қиындықтарды жоюдың жолдарын үнемі іздестіріп отыруы қажет.
Оныншы қағида: математика сабағы барысында мектеп гигиенасы талаптарының қатаң сақталуын қадағалап отыру керек.
Он бірінші қағида: математика сабақтарында мұғалім 6-10 жастағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың кӛбіне нақты түрде ойлап, дерексіз ойлауға әлі де тӛселе қоймағандығын, математикалық білім қорының шағын екендігін ескеріп отыруы қажет.
Он екінші қағида: математика сабақтарында оқулық материалымен ғана шектеліп қалмай, әр алуан қосымша оқу құралдарын (дидактикалық материалдар, қызықты жаттығулар мен дидактикалық ойындар, баспа негіздегі дәптерлер, т.б.) тиімді пайдалана білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет