Мұғалім сабаққа дайындалу барысында бұл кезең бойынша мынадай мәселелерді ескеруі қажет:
Үйге тапсырма ретінде мүмкіндігінше, бағдарламаның негізгі мәселесіне байланысты тапсырмалар берілуі керек, қосалқы және кӛмекші материалдармен байланысты тапсырмалар үй жұмысына берілмегені жӛн.
Тапсырма мазмұны қиындығы жағынан әр түрлі болып, біртіндеп қиындай беретіндей болуы тиіс.
Тапсырманы кӛлемі шамадан тыс болмауы керек.
Тапсырма жаңа материалды тереңдетіп, кеңейте түсетіндей, оның практикада қолданылуын кӛрсететіндей болуы тиіс.
Тапсырманың мазмұны кӛбіне интуициялық мағынада (ӛлшеуге, есептеуге, сызуға, қолдан жасауға, т.с.с. арналған -П.С.) болғаны жӛн.
Мұғалім сабаққа дайындалу барысында үй тапсырмасына берілетін жаттығуларды дәл анықтап, олардың барлығын ӛзі орындап кӛруі тиіс.
Үйге тапсырма бергенде мұғалім ол тапсырманы қалай орындау жӛнінде тиісті нұсқау беруді ұмытпағаны жӛн.
Үй тапсырмасы қоңырау соғылғанға дейін берілуі тиіс.
Сабақтықорытындылау – сабақтың ең ақырғы кезеңі болып табылады. Мектеп тәжірибесіне қарағанда, мұғалімдердің кӛпшілігі сабақтың ең ақырғы, әрі аса маңызды осы кезеңіне жӛнді мән бермейтіні байқалады.
Бұл кезең бойынша ұйымдастырылатын жұмысқа күні бұрын дайындалу мұғалімнің бас назарында болуы керек.
Сабақтың қорытындылануы, алдын-ала жоспарлануы керек және мына сияқты мәселелерді қамтуы тиіс:
Сабақта жоспарланған міндеттер шешілді ме?
Оқушыларда сабақ барысында қандай математикалық білім және дағдылар қалыптастырылды?
Әр оқушының сабақтағы белсенділігі қандай дәрежеде болды?