Енді бастауыш мектептегі оқыту процесінде ӛте жиі қолданылатынаралассабақтыңәркезеңіндегіҧйымдастырылатынжҧмыстарғасипаттамаберелік (оның негізгі кезеңдері кітаптың бірінші тарауында келтірілген).
І.Ҧйымдастырукезеңі. Бұл қандай типтегі сабақ болмасын оның алғашқы кезеңі болып табылады. Ұйымдастыру кезеңінің негізгі мақсаты - сыныпта қалыпты жұмыс жағдайын туғызу. Бұл кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың зейінін сабаққа аудару жүзеге асырылуы тиіс, ӛйткені зейіннің тұрақсыздығы мен тез шаршау бастауыш сынып оқушыларына тән қасиет. Сондықтан оқушылардың зейінін сабаққа аударудың әдіс-тәсілдерін үнемі түрлендіріп отырған жӛн, әсіресе бастауыш сыныптарда ойын элементтерін кеңінен пайдаланған дұрыс.
ІІ. Ӛткен материалмен жҧмыс.
а) Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Әр оқушының тапсырманы қалай орындағанын білу үшін әр түрлі әдістер қолданып отырғаны жӛн. Мәселен, оқушылар жаңа материалды бекітумен байланысты ӛзіндік жұмыс орындап отырғанда олардан үй тапсырмасын орындаған дәптерлерін партаның үстіне ашып қоюларын талап етуге болады,
мұғалім бұл жағдайда үй тапсырмасының (сонымен бірге ӛзіндік жұмыстың) орындалуын бір мезгілде тексере алады, ал тексеруге үлгермегендердің дәптерлерін жинап алады.
Әр оқушыда математикадан үйге берілген тапсырмалар орындауға арналған екі дәптер болуын талап ету керек, ӛйткені оның біреуін мұғалім жинап алғанда, екіншісі оқушыларда қалып отырады.
Кейбір мұғалімдер әр қатар бойынша жақсы оқитын оқушылардан алдын ала кеңесшілер белгілеп алады. Олар ӛз қатары бойынша сабаққа дейін үй тапсырмасын тексеріп, оның орындалу нәтижесін мұғалімге хабарлайды.
Сондай-ақ кейбір мұғалімдер оқушылардың үй тапсырмасын орындамай келгенін ӛздерінің хабарлауын қалыптастырады (әріне бұл мұғалімнің тікелей беделіне байланысты, сондай-ақ мұны қалыптастыру кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейтін нәрсе-П.С.).
Үйге берілген тапсырманы бағалау ӛте қиын шаруа болып табылады. Мұнда да мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйлесімді түрде түрлендіріп отырғаны жӛн. Жалпы алғанда, үй тапсырмасын қалай тексеру және бағалау керек? деген сұраққа бір мәнді жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, жоғарыда біз оның кейбір жолдарын кӛрсетуге тырыстық.