Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



бет38/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Семантикалық сызбамен жұмыс (үлестірме материал).







Тапсырма

Қосынды

Тендік

Теңсіздік

Айырма




4 + 5

+













6 > 5







+







9 = 9




+










10 – 5










+




6 < 9







+







7 = 7




+










9 – 3










+




2 + 5

+













10 - 6










+




4 + 6

+










  1. «Бәйге» ойыны (ұжымдық жұмыс):




1 қатар (жасыл түс) 3 + 3 = 6
4 + 5 = 9
6 – 3 = 3
10 – 5 = 5

2 қатар (қызыл түс) 5 + 2 = 7
4 + 6 = 10
9 – 2 = 7
7 – 5 = 2

3 қатар (сары түс) 5 – 4 = 1
4 + 4 = 8
1 + 3 = 4
8 – 6 = 2.

  1. Жұмбақ есептер шешу (үлестірмелі парақтармен жұмыс):




№1. Кӛлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі, Қане, кім шешеді?
Шешуі: 5 қаз.

№2. Он асықтың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Ӛз қолыңда қалады?
Шешуі: 7 асық.



ІІІ. Жаңа сабақ.


1. Ауызша есеп шығару.
7 санының құрамын еске түсіріп, 7 қазақта киелі сан екінін айтып, 7 санына байланысты 7 ата, 7 қазына, 7 нан, 7 күнді атау.



7 күн

  1. Дүйсенбі

  2. Сейсенбі

  3. Сәрсенбі

  4. Бейсенбі

  5. Жұма

  6. Сенбі

  7. Жексенбі

7 ата

  1. Әке

  2. Бала

  3. Немере

  4. Шӛбере

  5. Шӛпшек

  6. Немене

  7. Туажат

7 қазына

  1. Ер жігіт

  2. Сұлу әйел

  3. Білім

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

  7. Жүйрік тазы

7 санының құрамы:


1 3 5
7 7 7
6 4 2

7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. Қосындының (+7) мәнін тауып 1-бағанға, айырманың мәнін тауып (–7) екінші бағанға орналастыру.




Венн диаграммасы



0 + 7 = 7




7 – 7 = 0




1 + 7 = 8
2 + 7 = 9

Ӛрнектер

8 – 7 = 1
9 – 7 = 2

3 + 7 = 10




10 – 7 = 3




Мұғалім: Балалар, кестеге назар аударайық. Бірінші бағанда ненің мәнін таптың?
Оқушы: Қосындының. Мұғалім: Мәндерін атайық Оқушы: 7, 8, 9, 10.
Мұғалім: Қанша ӛрнек құруға болады екен? Оқушы: 4 ӛрнек.
Айырманы да осылай түсіндіремін. Ортақ екеуінің де атауы ӛрнек екенін пысықтаймын.

  • Қане, балалар 7 - ге дейін және қайта кері санап кӛрейікші.

Сергігу сәті:


1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – орныңнан тұр.
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 – орныңа отыр.


Кӛркем жазу: 7 7 7 7 7 7.
Математикалық диктант (үнсандықтан).

ІV. Жаңа сабақты бекіту.


а) Бірінші қосылғыш 2, екінші қосылғыш 5, қосындының мәнін тап (2
+ 5 = 7);
ә) Азайғыш - 7, азайтқыш - 2, айырманың мәнін тап (7 – 2 = 5);
б) 4 пен 3 сандарының қосындысын жаз, мәнін тап (4 + 3 = 7);
в) 7 мен 1 санының айырмасын жаз, мәнін тап (7 – 1 = 6);
г) 1 мен 6 сандарының қосындысын жаз, мәнін тап (1 + 6 = 7).
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы №3 тапсырманы орындау. Тапсырманы оқушылар дәптерғе сызады.
«Ӛлше де сыз, сыз да салыстыр:



1 қатар – 9 см
9 см – 7 см = 2 см

2 қатар – 7 см
7 см + 3 см = 10 см

3 қатар – 3 см
2 см < 10 см.



Ұжымдық тапсырма (есеп құрастыру):
Үстелде 10 үлкен қасық және 7 кіші қасық тұр. Үлкен қасықтың нешеуі артық?
Үлкен қасық – 10 ? артық Кіші қасық – 7.
Шешуі: 10 – 7 = 3. Жауабы: 3-еуі артық.
Ойландыру сұрағы: Кіші қасықтың нешеуі кем? Жауабы: 3-еуі кем.
Тест тапсырмасын орындау (үлестірме дидактикалық материал):

  1. 2 + 7 = 9 ӛрнегіндегі 2 қалай аталады?

а) қосылғыш ә) қосынды б) айырма.

  1. 9 – 7 = 2 ӛрнегінде 9 қалай аталады?

а) қосынды ә) азайғыш б) азайтқыш.

  1. 5 + 3 = 8 ӛрнегіндегі 8 қалай аталады?

а) айырма ә) қосылғыш б) қосынды.

  1. Салыстырып тиісті таңбаны қой: 10 – 7 * 7. а) > ә) < б) = .

5. 10 > 7.
а) тура теңдік ә) тура теңсіздік б) тура емес теңдік.
6. Теңдікті жаз. 5 пен 2 сандарының қосындысы 7-ге тең. а) 5 + 2 = 7 ә) 5 – 2 = 7 б) 5 + 2 = 8.
Шыгармашылық тапсырманы орындау.
10 ағашты үш қатарга тӛрт-тӛрттен отырғызуға болма ма? Жауабы:



Ескерту: Бұлардан да басқа кӛптеген нұсқалар алынуы мүмкін.


Ӛзіндік жұмыс. «Ішіне, сыртына» әдісі бойынша 7 санын қосу және азайтуға байланысты орнектерді ішіне жазу.



5+2, 7+2, 10-7, 8+2, 9-7, 5+3, 1+7, 8-7, 3+7, 6+3, 7-6, 7-5, 4+5



ІШІНЕ
1+7, 2+2, 3+7, 10-7, 9-7, 8-7, 7-6,7-5

СЫРТЫНА
5-2, 8+2, 5+3, 6+3, 4+5

V. Қорытындылау, бағалау.


VІ. Үйге тапсырма беру. №5 (90-бет).
Бесінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: 10 санын азайту.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 10 санынан азайту туралы оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-ӛрісін дамыту, тілін жаттықтыру, дамыту.
Тәрбиелік: Тӛрт түлік мал туралы жалпы мағлұмат беру, мал атауларын, қасиеттерін, пайдасын білу арқылы халықтың тіршілік-істерімен таныстыру.
Сабақтың тҥрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың кӛрнекілігі: 4 түлік малдың түрлі-түсті суреттері.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Өткен сабақты пысықтау.

 + 9 =   – 9 = 
  1. Жаңа сабақ.


Ребус шешу арқылы "Тӛрт түлік" сӛзі шығады.

  • Тӛрт түлікке нелер жатады?

  • Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі.

Бүгін біз тӛрт түліктің иелеріне (атасы) саяхат жасаймыз. Тақтаға тӛрттүліктің суретін іле отырып, әр малдың атасын сұраймын:
Жылқы атасы - Қамбар ата, Түйе атасы - Ойсылқара, Сиыр атасы - Зеңгі баба, Қой атасы - Шопан ата, Ешкі атасы - Сексек ата.
"Қамбар ата" ауылы.
Жылқы - ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Жылқыда ӛт жоқ.
Сондықтан ол күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы болады.
Қамбар атаның тапсырмасы. Оқулықтағы №1 мысал орындалады.

1.

10-1=9

10-4=6

10-7=3







10-2=8

10-5=5

10-8=2







10-3=7

10-6=4

10-9=1

10-10=0.

  1. Мал тӛлдерінің аттарын ата: Түйе тӛлі - бота, қой тӛлі - қозы, жылқы тӛлі - құлын, ешкі тӛлі – лақ, сиыр тӛлі – бұзау.

"Ойсылқара" ауылы.


Тӛрт түліктің тӛресі - түйе. Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас кӛлік. Ол шӛлге тӛзімді келеді.
Ойсылқара тапсырмасы:

    1. №2 мысал. Азайтқышы 10 болатын теңдіктер жазуға бола ма?




    1. Малдың тӛлдеуі: Түйе боталайды, жылқы құлындайды, сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, ешкі лақтайды.

"Зеңгі баба" ауылы.
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, май, ірімшік жасалады.
"Зеңгібаба" тапсырмасы:

  1. №3 мысал. Кесінділерді оқушылар ӛлшейді. Тапсырманы орындайды: Қызыл - 3 см, кӛк 2 - см, жасыл - 5 см, сары - 10 см.

3 + 2 + 5 = 10 (см)
3 + 2 = 5 (см).

  1. Малдың дыбыс шығаруы: Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мӛңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақырады.

"Шопан ата" ауылы.
Қой – уақ малға жатады. Ол тӛрт түліктің ішіндегі момыны. Қойдың сүйікті шӛптері – изен, жусан, ажырық. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басылады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
«Шопан ата» тапсырмасы:

  1. № 4. Есеп құрастыру және шығару:

Қозы - 10 Бұзау - 5 ? артық
Лақ - ?, 3 - еуі кем Құлын - 2

  1. Малды қалай шақырады?

Түйені "кӛс - кӛс", жылқыны "құрау - құрау", сиырды "аухау - аухау", қойды "пұшайт - пұшайт", ешкіні "шӛре - шӛре".

"Сексек ата" ауылы.


а) №5 мысал
7 – 3 = 4 9 – 5 = 4 7 – 1 = 6 5 – 2 = 3
6 – 2 = 4 8 – 2 = 6 6 – 3 = 3 9 – 3 = 6 .
Айырмаларды ата. Мәндерін ата. Мәні бірдей айырмаларды баған түрінде жазып кӛрсет.
ә) Тӛрт түлік туралы мақал-мәтел, тыйым сӛздер айт:



Ат - адамның қанаты. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Сиырдың сүті - тілінде.
Қойдың сүті - қорғасын. Ешкілі қой ӛреген.

Малды басынан ұрма. Малға теріс мінбе.
Малды теппе, Ақты тӛкпе.




  1. Қорытынды. 10 санының құрамын ата (ауызша).

Халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, салт-санасы, түсінігі тӛрт түлік малмен тығыз байланысты болған. Себебі мал арқылы ӛмірін, тұрмыс - тіршілігін айқындаған. Тӛрт түлік мал кисе - киім, жесе - тамақ, мінсе - кӛлік, шӛлдесе сусын болған. Сондықтан халық малды аса қадірлеген. Халық ӛзінің ең асылын малға балаған. Баласын жақсы
кӛргенде "ботам", "қозым", "құлыным" деп еркелеткен. Баласының атын мал атауымен байланыстыра қоятын болған. Осының бәрін халық ӛзінің бай тәжірибесінен жинақтаған.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет