Ертегі – баланың тақырыпқа деген қызығушылыгын арттырады, киялын дамытады. Математика сабағында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Сандаржәнецифрлар. Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да ӛмір сүріпті. Сандардың кӛптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті ӛмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес» десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер ӛтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
Біз кӛппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз. – дейді.
Цирлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар ӛздері қалсын. Кӛрейік, не істейтіндерін! – дейді.
Күндердің күнінде сандар ӛздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім ӛз үйінің есігіне нӛмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар ӛз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Ӛйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар ӛз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама кӛп болса да, цифрларсыз ӛмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті, достықта ӛмір сүріп жатыр.
Нүктелер достығы.
Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте ӛмір сүріпті. Бұл ӛзі ӛте әдемі қызыл түсті нүкте еді. (Мұғалім тақтада түрлі-түсті бормен, ал оқушылар дәптерде қызыл қарындашпен нүкте қояды.)
Бір күні нүкте отырып ойланады:
Шіркін, менің кӛп досым болса ғой! Қой, мен серуенге шығып, ӛзіме дос іздеп келейін.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.
Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, - деді қызыл нүкте. (Мұғалім мен оқушылар бірінші нүктенің қасына екінші нүктені қояды.) Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан кӛк түсті нүкте шықты.
Осылайша нүктелер саны күнен күнге кӛбейіп, дос болып кетеді. Кӛбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді. (Мұғалім түзу сызады.) Осылайша түзу сызық пайда болады.
Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.
Ертегіні тыңдай отырып оқушылар түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеді.
Мұғалім түзудің нүктелерден тұратынын, түзудің кез-келген жерінен нүктелер белгілеуге болатынын түсіндіреді.