Жарысқа әр сыныптан 9-10 оқушыдан қатысуы тиіс. Әр топтың басшысы, ұраны, газеті болуы керек.
Жарыстыңөткізілумақсаты– оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбие- леу және математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
1-бастаушы: Сәлеметсіздер ме, жиналған кӛпшілік. Кешті ұйымдас- тырушылар атынан жалынды сәлем!
2–бастаушы: «Қызықты математика» атты кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
бастаушы: Бүгінгі жарысқа тӛрт топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып ӛтейік.
«Тапқырлар»тобы. Ұраны: «Оқу білім бұлағы, Білім ӛмір шырағы».
«Ойшылдар»тобы. Ұраны: «Оқу білім азығы, Білім ырыс қазығы».
«Білгірлер»тобы. Ұраны: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп».
«Алғырлар»тобы. Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ».
бастаушы: Алғашқы тӛрт жарысқа қатысатын әр топтың мүшелерін ортаға шақырамыз. (Таныстырылып жұмыс орындарына отырғызылады. Қалған топ мүшелері келесі сайыстарға қатысады.)
- сайыс. «Жаңылтпаштарсайысы».
Әр топтан бір оқушы шығып, жаңылтпашты қайталап жарысады:
Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым. Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.
Жоғалды бес шыбыш Жоқ әлі еш сыбыс Жоқ әлі епі сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.
- сайыс: «Амалтаңбаларынқой».
Тӛрт кестеге үш теңдіктен жазылған. Сол теңдіктер тура болатындай етіп амал таңбаларын қою керек:
1) 2 6 = 8 2) 6 4 = 10
9 2 = 7 5 5 = 0
3
1 = 4
8
2 = 6
3)
7
7 = 0
4)
2
7 = 9
8
8 = 16
4
4 = 0
6
4 = 2
5
3 = 2.
3 -
сайыс:
«Жемісжинау».
Бұл сайыста әр топтан бір оқушы «жеміс жинауға» барады. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу керек.
1. Дүкеннен кеп сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым Есепте сонда бәрі,
Қанша болды, қолда бары?
(Жауабы: 6.)
2. Бес алманың үшеуін Досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі Ӛз қолыңда қалады?
(Жауабы: 2.)
3. Табақта бес алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығы Болады неше алма?
(Жауабы: 7 алма.)
4. Алма ағашта бес алма Қандай тәтті, жесе алма Бесеуінде жеп қойсам, Қалады онда неше алма?
(Жауабы: 0 алма.)
Бір минутта геометриялық фиғуралардан адам бейнесін салып және әр мүшесін қай фигурадан салғанын айтып ӛтеді.
– сайыс. «Жанкүйелерлерсайысы».
Қазақ халқында үш деген сан ӛте киелі сан. Сол санға байланысты сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап беріп, топтарына ұпай жинап, олардың сайыста жеңіп шығуына кӛмектесіңдер:
Үш арсыз деп нені айтады? (Ұйқы, күлкі, тамақ.)
Үш биді атаңдар. (Тӛле би, Әйтеке би, Қазыбек би.)
Үш дананы атаңдар. (Абай, Шоқан, Ыбырай.)
Үш тәттіні атаңдар. (Ананың сүті, туған жер, баланың күлкісі.)
– сайыс. «Басшыларсайысы».
Ӛз ӛнерлерін кӛрсетіп, газеттерін қорғайды. Барлық сайыс түрлері қазылар алқасымен 1-ден 5-ке дейінгі балмен бағаланып, қорытындысы шығарылады. Әр сайыстың арасында әр топтың жанкүйерлері ән айтып, би билеп кӛңіл кӛтеріп отырады.