ІІІ. Үйге тапсырма. Ӛз ойларын жинақтап, әрбір оқушы 3-тен математикалық жұмбақ есептер құрастыру, қайталау.
ІV.Бағалау.
Екінші сынып
ЖҤЗКӚЛЕМІНДЕГІСАНДАР.САНДАРДЫОҚУ,ЖАЗУ,САЛЫСТЫРУ,ҚОСУЖӘНЕАЗАЙТУ Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ҧзындықты ӛлшеу. Метр. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты ӛлшеудің жаңа бірлігі – метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метр- мен» және оның кӛмегімен ұзындықты ӛлшеудің мән-жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері – метр, дециметр, сантиметрдің ара қатынасын тағайындау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту арқылы екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруды тиянақтай түсу.
Тәрбиелік: Қазақтың байырғы ӛлшем бірліктерін білуге, ол туралы мақал-мәтел, ӛлеңдер білуге тәрбиелеу.
Кӛрнекіліктер: Кеспе қағаздар, плакат, суреттер.
Сабақтыңтипі: Аралас сабақ.
Сабақтыңәдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме, әңгімелесу.
Сабақтыңбарысы: I.Ұйымдастырукезеңі.Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару. ІІ. Үйтапсырмасынтексеру. Үйге берілген 5-мысал, ӛрнекті жазып, мәнін табу. 4-5 оқушыға оқытып тексерту.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі ӛтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Метр» (м).Есіңесақта!
1 дм = 10 см 1 м = 10 дм 1 м = 100 см.
Тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық ӛлшемдері:
Елі- 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені); сере– 10-12 см (аздап ажыратылған тӛрт саусақ ені); тұтам – 8-10 см (жұдырық ені); сүйем – 17-20 см (кӛсілген бес бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық); қарыс – 20-22 см (кӛсілген бес бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық); кез–70 - 75 см (саусақтың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық), 1 кез – 7-9 тұтам; 1құлаш – 142 см, аршын - ерте кездерде қолданылған ұзындық ӛлшемі. Ол қазір қолданып жүрген «метр» ӛлшеміне жуық.
Биіктікті, тереңдікті ӛлшеу үшін адамның дене мүшелері немесе қолда бар заттың ұзындығы пайдаланылған, яғни солардың бойымен ӛлшенген:
Оқ бойы – 1,0-1,5м жебе ұзындығы; найза бойы – 3-5 м; арқа бойы – 10- 12 м; т.б.
Халқымыз құдықтың, судың тереңдігін адам бойымен, ал үлкен арақашықтарды күндік жер, қоналқамен ӛлшеген. Мәселен, бір қоналқа жер, яғни бір тәулік жүріп баратын жер.
Адамның айқайлаған дауысы естілетін қашықтықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым – 1 км.
Қазақ халқы қашықтықты кӛштің ӛлшемімен де анықтаған: қозы кӛш жер, ӛгіз кӛш жер, түйе кӛш жер.
«Қозыкӛшжер»деп 10 километрлік қашықтыққа қоныс, жаңалап қонуды айтады. Жас тӛлдерді енесінен бӛлек баққанда, олар кӛп жүруге жарамайды, тез үйездейді. Сондықтан қозының аяғы жеткен, ең қысқа кӛш аралығын «қозы кӛш жер» деп атап кеткен.
«Ӛгізкӛшжер» ұғымы 15-20 км аралыққа кӛшуді білдіреді. Кӛшкен елдің негізгі жүк кӛлігі ӛгіз болғандықтан, бұл қашықтық солай аталған.
Күніне 25-30 км шақырымға жуық жер жүруге тек түйелер ғана тӛзген, сондықтан мұндай аралықты «түйе кӛшжер» атауымен белгілеген.
Мәтінмен жұмыс.1-мысал:
Оқушылар жасыл кесіндіні дм - мен, ал кӛк кесіндіні неліктен см - мен ӛлшегендерін түсіндіреді. Мәселен, қысқа заттардың ұзындықтарын см - мен, ал сәл ұзындау заттарды дм - мен ӛлшеген тиімді.
10см + 1см = 11см; 1дм + 1см = 1дм 1см, ӛйткені 10см = 1дм.