Ӛлшем бірлігі туралы қандай мақал білесің?
40 қадақ неше пұтқа тең?
1 пұт неше кг тең?
Ӛздерің үйде апа-аталарың айтатын қандай ӛлшем бірліктерін білесіңдер?
Мысалы: титтей, тарыдай, т.с.с.
Үйге тапсырма. 6-мысал.
Бағалау. Сабаққа жақсы атсалысып қатысып отырған оқушыларды мадақтап бағалау.
Қорыта айтқанда, біз салмақты килограммен ӛлшеуді білдік.
Килограммен ауыр заттарды, мысалы: ұн, қант, шәй, т.б. ӛлшейді.
Үшінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылық жайында тҥсінік.
Литр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі литрмен таныстыру. Литрдің қажеттілігімен, сыйымдылықты ӛлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: математикалық жұмбақтар, есептер, суреттер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: қазақтың байырғы сыйымдылық бірліктерін еске түсіру арқылы ұлттық танымға.тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың кӛрнекілігі: Плакат, кеспе қағаздар, суреттер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тынышталдырып, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген 6-мысалды парта аралап жүріп тексеріп шығамын.
Сұрақтар қоямын:
Қосудың компоненттерін кім айтады?
Азайтудың компоненттерің кім айтады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түсіндірме жұмыс.
«Дүкеннен сүт сатқанда оны немен ӛлшейді? Сұйықтық литрмен ӛлшенеді» - деп практикалық жұмысқа кӛшемін. 3 литрлік банканың ішіндегі суды 2 литрлік банкаға құйып, оған судың сыймай қалғанын байқату керек. Қалғанын 1л банкаға құйып кӛрсету. Сонда қолда бар 3 түрлі ыдыстың сыйымдылықтарының әр түрлі екеніне оқушылардың кӛздері жетеді.
Қазақ халқы күнделікті тұрмыста сүт, айран, қымыз т.б. сұйық тағамдардың мӛлшерін ыдыстың кӛлеміне қарай шамалаған. Осыған байланысты халық арасында тағамдар құятын ыдыстардың іштілігі ӛлшем бірлігі ретінде қалыптасқан.
Мысалы: 1 аяқтың іштілігі шамамен 1 литрге тең. Ал одан кӛбіректігі 1 торсық, 1 саптаяқ деп те аталған; қасық – 50 г; ожау – 0,5 л; тостақан – 0,5 л; аяқ
-1 л; шара – 1,5-2 л, тегене – 8-10 л; торсық – 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс); кӛнек – 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын, былғарыдан тігілген ыдыс), саба – 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).
Сусымалы денелердің ӛлшеу бірліктері: уыс, қалта, қоржын ---40кг, қап – 4 пұт – 54-56 кг,тағар – 6-8 пұт -100-130 кг, батбан -30тағыр – 300-450кг.
Ал, ұсақ заттар үшін: шымшым, шӛкім, уыс, бір уыс, қос уыс, т.б. ӛлшемдері қолданылады.
Шымшым - ұсақ затты бас бармақ және саусақпен қысып алғандағы ӛлшем.
Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі ӛлшем.
Ескі ӛлшемді білші, Ұмытпастан бекем бол. Үш саусақпен шымшы, Қанша іліксе шӛкім сол.
Кӛрнекілікпен жұмыс:
1-мысал
-
|
Суреттегі ыдыстарды салыстыр. Не байқадың?
|
|
Суреттегі ыдыстардың әрқайсы- сында неше литр сүт құйылған?
Барлығы неше литр сүт құйып алуға болады? Бидонда неше литр сүт қалды?
|
Сұрақтарға жауап алу.
Кітаппен жұмыс. 2-есеп:
Құмырада – 3 л Шешуі: 3 + 7 = 10.
Шелекте – 7 л ?
Жауабы: 10 л сүт.
Болды – 8 л Шешуі: 8 – 5 = 3. Жұмсалды – 5 л Жауабы: 3 л сүт қалды. Қалды – ?
Математикалық санамақ: Бәрі қанша құс болды?
-
Мынау да бір санамақ,
Ӛздерін кӛп саралап:
|
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
|
|
Тӛбеден тӛрт бӛктері, Аңдыпты қос кептерді. Шыңқылдаса кӛп қарға, Үн қоспапты кӛп қарға. Секем ап, бір дауыстан, Безектеп бес сауысқан, Алты белден асыпты,
|
Тасқа құлап түсіпті. Жарда жеті жапалақ, Отырғанда қаталап.
Топ-топ тоғыз тоқылдақ, Қаптап кеткен топырлап. Сӛйтіп қызық іс болды, Бәрі қанша құс болды?(Жауабы: 31 құс). (Қ.Толыбаев.)
|
Тақтамен жұмыс.
3-есеп. Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар: Мес - 10л Шешуі: 10 + 4=14
Торсық – 4л ?
Жауабы: 14 л қымыз.
х + 1 = 6
|
х – 2 = 4
|
6 – х = 3
|
х = 6 – 1
|
х = 4 + 2
|
х = 6 – 3
|
х = 5
|
х = 6
|
х = 3
|
5 + 1 = 6
|
6 – 2 = 4
|
6 – 3 = 3
|
6 = 6
|
4 = 4
|
3 = 3.
|
«Сынап кӛру» тәсілін еске түсіру, теңдеуді шешу. 5-мысал:
Сергіту сәті.
Оң қолымда 5 саусақ, Қосып едім екеуін
Сол қолымда 5 саусақ. Болып шықты 10 саусақ.
Ӛз бетінше жұмыс.
6-мысал. Сандарды салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы айтылады.
Шығармашылық тапсырма: 10 литрлік және 3 литрлік екі ыдысты пайдаланып, 8 литр суды қалай құйып алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |