V. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: №6.
VІІ. Бағалау: Оқушының білімі мен белсенділігін бағалау.
Ҥшінші сынып
МЫҢ КӚЛЕМІНДЕГІ САНДАР
Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ҥлес ҧғымы. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үлес ұғымын түсіндіру, үлес ұғымына байланысты есептер шығару.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, математикалық тілін, пәнге қызығушылығын, ӛзін - ӛзі тексеру дағдыларын жетілдіру.
Тарбиелік: Ӛздігінен жұмыс істеу, жинақылық, табандылық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық негізде тәлім - тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, ой қозғау, ой ашар әдістері.
Сабақтың кӛрнекілігі: Ребус, қиынды фигуралар суреті - қызықты үшбұрыш ойыны.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тыныштандырып, назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
есепті оқыту, нәтижесін тексеру,
5-ті кӛбейту кестесін жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау әдісі: Ребус шешу (кӛбейту).
Суретпен жұмыс.
тапсырма. Суретті кесінділерді пайдаланып үлес ұғымының мән- мағынасы ашылады. Нәрсенің екіден бір бӛлігі ұғымының нәрсенің жартысы ұғымымен, нәрсенің тӛрттен бір бӛлігінің нәрсенің ширегі ұғымымен тең мәндес ұғымдар екендігіне оқушылардың назарлары аударылады.
Ұзындығы 4 см, екіден бір бӛлігі 2 см. Ұзындығы 6 см, үштен бір бӛлігі 2 см. Ұзындығы 8 см тӛрттен бір бӛлігі 2 см (ширегі).
Осыған қосымша түсіндірілетін жәйт: біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде қарыс, тұтас, кез, елі, аршын, адым, кере құлаш, аттам, кӛз,
шақырым т.б. сӛздер ӛлшем бірліктері ретінде қолданылып келген. Нақтылап салыстырмалы түрде айтар болсақ:
Бір елі – 2 см, елі – 2,5, табан - 9-10 см, бір сүйем – 21-22 см, қарыс – 23-24 см, адым – 60-62 см, аршын – 71 см, аттам – 70-72 см, құлаш – 150-155 см, шақырым – 1 км-ге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |