Табиғи ластаушылар:
1.
Радиоактивті ластау;
2.
Жанартаулар;
3.
Орман және жер өрттері;
4.
Шаң, тұз көшкіндері;
5.
Ғарыш шаңы;
Анторпогендік ластаушылар:
өнеркәсіп,
оның
ішінде
үлес
салмағы
бойынша
электроэнергетика, отын өндірісі, машина жасау, тау-кен өндірісі;
көлік (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары);
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке
жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі);
ауыл шаруашылығы (мал, құс өсіру кешендері, химиялық заттар
қолдану, ауыл шаруашылығы заттарын өңдеу, ағаш өңдеу).
Ауаны ластаушыларды бұлай сұрыптау әр сала бойынша ластау
мөлшерін анықтап, атмосфераны қорғау шараларын жоспарлауға
ыңғайлы. Сонымен қатар, ластаушы заттар құрамы, түрі бойынша, оларды
шығаратын кәсіпорындарды топтастырып сұрыптау да қолданылады. Бұл
табиғат қорғау шараларын аймақтық жоспарлауға пайдалы /4-6/
Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу
электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен
мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өңдіру кәсіпорындары
жатады.
Жылу электр станцияларының қалдықтары жағатын отынға, оның
химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.
Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. Мысалы,
Қарағанды көмірімен салыстырғанда Екібастұз көмірінің күлі көп.
Қуаты орташа жылу электр станциялары ауаға сағат сайын 5 тонна күкіртті
түтін мен 16-17 тонна күл қосады. /6-7/
Сұйық отын (мұнай және оның өнімдері) жаққанда күл аз болады да,
күкірт пен көміртек қалдықтары көп қосылады.
Газ (табиғаттың немесе қолдан сұйытылған) жаққанда ауаға тек азот
тотығы қосылады.
Шым тезекті, ағашты, қамысты отын ретінде пайдаланғанда ауаға күл,
күйе, шайыр, күкірт, көміртек тотығы, шаң-тозаң қосылады.
Отынның барлық түрінің химиялық құрамында көміртек, сутек, күкірт,
азот және оттек болады. Олардан бөлінген газдар адамдар мен
қоршаған ортаға зиянды.
Отынды жағу әдісі де ауаның ластануына әсерін тигізеді. Шаң-тозаң,
газ қалдықтарын ұстайтын қондырғылары бар кәсіпорындардың
атмосфераға зияны аз, ал ондай қондырғылары жоқтардың келтіретін зияны
көп болады. Өйткені қондырғылардың көмегімен қалдықтардың 90-95
пайызын ауаға жібермей, ұстап қалуға болады.
Әр саладағы кәсіпорындардың ауаға тигізетін зияны әртүрлі.
Металлургия кәсіпорындары ауаны металл қалдықтары және
қосындыларымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мырыш,
қалайы, никель, көмір, күкіртті түтін, глинозем (алюминий тотығы) т.б.
қалдықтары бар.
Машиналар жасайтын кәсіпорындардан бөлінген газ бен шаң-тозаң
кремний тотығы (құю цехтары), күйе (темір соғатын цех), қорғасын
мен көміртек тотығы (балқыту цехтары) бар.
Ауа газдары бар құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер
бітендегі тіршіліктің – өсімдіктер және жануарлар болып екіге
бөлінуіне себепші болды.
Бүгінгі атмосфералық ауадағы газдар құрамы биосфераның көп жылдар
бойы дамуының нәтижесі. Тірі организмдер осы құрамға үйренген,
көндіккен, егер ол өзгере қалса тіршіліктің осы күнгі қалыптасқан жағдайы
да, түрі де өзгеруі мүмкін. /1-3/
Жаратылыстағы атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады
(пайыз есебімен) азот – 78,08; оттек – 20,95; аргон – 0,93; көмір
қышқыл – 0,03; неон, гелий, ксенон, родрн, тағы басқалары – 0,01. Бұлардан
басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң атмосферада өтіп жататын
процестер үшін қажет. Олар буларды сұйық түрге айналдыруға, күн сәулесін
азайтып жерді өте ысып кетуден сақтауға, жер бетіндегі жылудың әлемге
тарап кетпеуіне, жауын-шашын әкелетін бұлттарды жинауға қатысады. Жер
бетінен көтерілген жылы шаң-тозаң ауаның араласуына әсерін тигізеді.
Әрине, шаң-тозаң млн жылдар бойы қалып қалыптасқан мөлшерде болса
ғана пайдалы. Егер өте көп болса келтіретін зияны да аз емес.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды, таңдауға мұршасы болмай, қандай
ауа болса да дем алуға мәжбүр. Егер тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн өмір
сүруге болса, ауасыз 4-5 минуттан артық тұра алмайды.
Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25кг немесе 10-15 мың литр ауа
жұтса, қойға-20 мың, жылқыға-86 мың литр ауа керек.
Жоғарыда көрсетілген атмосфералық газдардың құрамы жер бетіне
жақын кеңістікте болады да, биіктеген сайын өзгеріп отырады. 1000км
биіктіктен әрі ауа негізінен Гелий газынан, 2000км-ден әрі сутектен тұрады.
Ең төменгі жер бетіне жақын атмосфера қабатын ТРОПОСФЕРА деп
атайды. Мұнда атмосферада бар ауаның 84 пайызы жиналған. Бұлт пен
тұман, жел мен дауыл, жаңбыр мен қар, басқаша айтқанда ауадағы барлық
құбылыстар осы қабатта өтіп жатады.
Тропосферадан жоғары қабатты тропауза дейді. Өзендер сияқты белгілі
арнасы жоқ, желдің ыңғайыменжүретін тропаузаның ұзындығы
мыңдаған км-ге, биіктігі 1-3 км-ге дейін созылып жатады. Мұнда үнемі қатты
дауыл болып, желдің жылдамдығы секундына 80-100 метрге жетеді.
Одан жоғары қабатты стратосфера деп атайды. Биіктігі 55км
шамасында. Стратосфераның ішінде 25-30км биіктікте ОЗОН қабаты
болады. (Озон – балауса иіс, найзағай ойнап, қысқа жаңбырдан кейін
қарағайлы орманда болатын иіс)
Озонның тіршілік үшін маңызы өте зор. Ол күн сәулесіндегі өте күшті
ультракүлгін
сәулелерді
ұстап,
организмдерді
өлімнен
сақтайды. Озонның көлемі өте аз, жалпы салмағы 3,29*10 тоннадай. Озон
қабатын жер бетіндегі атмосфералық қысыммен бірдей қысымға алса, оның
қалыңдығы 3мм шамасында ғана болар еді. Сондықтан – өте жұқа, жердегі
тіршілік үшін маңызы зор озон қабатын сақтауға аса көңіл бөлу қажет.
Озонның тез бұзылып, жоғалуына адамдар кінәлі. Халық шаруашылық
салаларында түрлі азольдарды шашуға, бояуларды сұйылтуға, сырдың
жылтыр түрін кетіруге қолданылатын хлорофторметандар атмосфераға
зиянсыз газ ретінде қосылады да, 30км биіктікке көтерілгеннен кейін күннің
ультракүлгін түстес сәулесінің әсерімен хлорға, фторға бөлініп, бұл екеуі де
озонды бұзуға тікелей қатынасады. /3-4/
Соңғы 10-20 жылда озон қабатының бұзылу қарқыны күшеюіне
байланысты 1985 жылы наурыз айында 37 мемлекет және Еуропалық
экономикалық одақ озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық Вена
конвенциясына қол қойды. Онда озон қабатын үнемі бақылау, зиянды
заттарды қолдануға тыйым салу немесе оларды шектеу, озон үшін зиянды
заттардың тізімін бекіту, хлорфторметан қалдықтарын атмосфераға
шығармау туралы келісті.
Ауаның 55-75км аралығындағы қабатын Мезосфера деп атайды. Онда
ауаның қозғалысы тек тіке, жоғары қарай болып, температура қайтадан
төмен түседі.
Экологтар есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттектер
агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді бөлінеді.
Газ тәрізді заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен
90%-ын құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыл сайын
адамның іс-әрекетінің салдарынан атмосфераға 25,5 млрд.т көміртек оксиді,
190 млн. Тонна күкірт оксиді 65 млн.тонна азот оксиді, 1,4 млн.тонна
(хлорфторкөміртек), қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсутектер,
соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көмірсутектер таралады. /6/
Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты
қоспалардан басқа жылу шығарындыларымен, электр магнитті
өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиоактивті
сәулелермен, басқа да көптеген физикалық факторлармен ластайды.
Дәріс №6. Қалалардың биологиялық ластанулары және оның
эпидемиологилық қауіптілігі 2 сағат
1.
Қалалардың биологиялық ластану көздері
2.
Биологиялық ластанудың тұрғындар денсаулығына қаупі
3.
Қазақстан қалаларының ластануы және эпидемиологиялық қауіптілігі
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық,
химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің
табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.
Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға
болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды
әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы)
биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері:
атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер
қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және
микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп
немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды,
сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да
ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде
бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды.
Бұлклассификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның
салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы
түрлер болып негізінен мыналар саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер
сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының
іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз)
болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір
заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың)
экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі
зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып
табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы)
қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық
қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері
бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін
биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат
алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін
заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи
да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң
т.б.),антропогенді де (қоғамның іс — әрекетінің нәтижесі) текті бола
алады.
Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы
химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап
болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның
ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе
ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық
тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша
ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде
болатын ластанулар;
– адамдардың іс – әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді
ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен
үлес қосады.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1) Биологиялық — кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде
ластануы;
2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:
3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан
артып кетуі;
4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:
а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны
жылулық деп атайды.
ә) Жарықтық — жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен
баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар
дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл нәтижесінде;
в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;
г) Радиоактивті ластану.
5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында,
антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес
организмдердің көбеюі.
Қоршаған ортаның ластануы — кез келген экологиялық жүйеге, оған тән
емес
сипаттағы
жанды-жансыз
компоненттердің
қосылуы
немесеқұрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің — зат, энергия
алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін
айырады:
1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу
және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ
бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік,
шулық және т.б.);
3. химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады.
Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер
арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік
ластану – қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің
нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы,
екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан
түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).
Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды
бөледі.
Қоршаған
ортаның
компоненттеріне
байланысты
біріншіден
атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық
ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын
қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың
70% тамақпен, 20% — ауамен, ал 10% — сумен бірге түседі.
Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар,
құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның
организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-
ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам
организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру
қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және
тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек
керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар,
бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену
объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады.
Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт – адам
организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы.
Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек.
Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі
бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның
эритроцитінде өсе алады. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің
жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады. I-
ден, сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш
микробтар шашырап ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының
сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа
арқылы таралатындар деп атайды. Оларға: тұмау, қызылша,шешек т.б. II-ден,
микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына түсуі .
Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы
шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға
тырысқақ, іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың
гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған
жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер,
әр-түрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы –
тазалық. III-ден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала,
бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек,
бөртпе, сүзек т.б. IV-ден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да
таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД аурулары
жатады. Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ
болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы
аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын
құрттары, балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б.
Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, жұқпалы
аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын
пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы
микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ секілді аурулардың
таралуына себепші болады. СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру
тудырады. Жануарлардың организмінде тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын
тек қана адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған
шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені
бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурулар таралған
аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек . Жас
нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу
жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин
жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Химиялық
ластаушылар
-
экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген
заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды
жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және
өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.Атмосфераны
қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы,
көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті
ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.Екпе
ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық
ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға:
терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл,
аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей,
жерге көміп тастаған дұрыс.Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың
зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары
мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ
жерде
радиоактивті
тұнбалардың
белсенділігі
32
есе
жоғары
болады.Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен
ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы
адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар
мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам
организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде
(қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы,
мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті
мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді
пайдаланғанда сақ болған жөн.
Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері
қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен
ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің
қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ
ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын
ластануы өте қауіпті.Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп
шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады.
Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті
жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және
саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді
қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт
ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай
қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт
ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер
бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды
және басқа да жәндіктерді жолатпайды.
Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту көп жағдайда
қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім.
Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта
дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады [1].
Қоршаған ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкеп
соғады, ал бұл өз кезегінде ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың
дамуына ықпал жасайды. Қазіргі уақытта өндіріс орындарына, энергетика
және автокөліктерге таза, қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне
қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін
қатерлі болып табылады. Көптеген зерттеушілер атмосфералық ауа және
оның құрамындағы ластағыштар урбанизацияланған аймақтарда тұратын
тұрғындардың денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын
«бірінші дәрежелі фактор» деп бағалайды [Авалиани С.Л., 2002;
Величковский Б.Т., 2002].
Қазіргі кезде кез-келген елді мекендердегі ауа бассейіні жүздеген химиялық
заттардың түрімен ластанған, бұлардың деңгейі шекті деңгейден әлдеқайда
жоғары, ал оның ағзаға тигізетін қосалқы әсерлері өте жоғары болып отыр.
Барлық тұрғылықты мекендердегі атмосфералық ауаның ластануы ҚР
Қоршаған
ортаны
қорғау
Министрлігі,
Экологиялық
мониторинг
Департаментінің ресми мәліметтері бойынша алынған атмосфераның ластану
индексі
(АЛИ
5
)
кешенінің
көрсеткіштері
бойынша
бағаланады.
Республиканың ластанған қалаларына (АЛИ
5
≥ 5) 12 қала кіреді, соның
ішінде ауаның жоғары деңгейде ластанған қалаларына (АЛИ
5
≥ 7) 8 қала
(Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен,
Жезқазған) кіреді (1-нші сурет).
Қазақстан Республикасы қалаларының ауа бассейінінің ластануына
жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ең жоғары ластану деңгейі Алматы
қаласында байқалды (АЛИ
5
– 11,7) (Сурет 1).
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі бойынша
динамикасын талдау барысында мынадай нәтижені көрсетті; өткен 2009
жылға қарағанда 2010 жылы, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында АЛИ
5
(атмосфераның ластану индексі) төмендегендігі байқалса, ал Шымкент,
Теміртау, Астана, Қызылорда қалаларында ол керісінше жоғарылады. Ал
қалған Тараз, Қарағанды, Атырау, Риддер, Жезқазған, Петропавл, Қостанай,
Семей, Ақтау, Павлодар, Глубокое ауылы, Балқаш, Екібастұз, Талдықорған,
Көкшетау қалаларында өзгеру үрдісі байқалмады (1-нші сурет).
1-нші сурет. 2009-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының
қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (АЛИ5) салыстыру
Көптеген қалаларда ауаның ластану индексінің құрамына ауадағы қалқыған
шаң бөлшектерінің үлесі басқа да зерттелініп отырған бөлшектермен
(Атырау қаласында 45%, ал Астана қаласында 65% дейін) салыстырғанда
жоғары болды. Осыған байланысты, біз ҚР қалаларындағы қалқыған
бөлшектердің жиынтық концентрацияларын бағалау қажет деп есептейміз.
Жалпы қалқыған заттар (шаң) жөніндегі мәліметтер «ҚР қоршаған орта
жағдайы жөнінде», РГП «Қазгидромет» жыл сайынғы ақпараттық
бюллетеньдерінен алынған. 2-нші суретте көрсетілгендей Тараз бен Павлодар
қалаларынан басқа зерттелінген қалаларда қалқыған заттардың орта жылдық
концентрациялары соңғы үш жылда шекті деңгейден асып кетті.
Осыған байланысты, көрсетілген тұрғылықты мекендер қалқыған шаң
бөлшектерінің жиынтық концентрациясының жоғары әсеріне тәулік бойы
ұшырап
отырады.
Қалқыған
шаң
бөлшектерінің
жиынтық
концентрациясының бұдан да жоғары деңгейі, шекті қалыптан 2 есе жоғары
Алматы қаласында, (зерттелінген кезеңде ШРЕК асу еселігінің біртіндеп
төмендеуі байқалды) сонымен қатар, Астана, Жезказған және Атырау
қалаларында (2-нші сурет) байқалады.
2-нші сурет. 2008-2010 жж аралығындағы ҚР қалаларының атмосфералық
ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) ШРЕК-нан асу еселігі.
Соңғы он жылдықта гигиенист пен эколог ғалымдардың ұсынысымен
атмосфералық
ауа
сапасын
бағалау
кезінде
алдыңғы
қатарлы
поллютанттарды бөлу қабылданды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау
ұйымының мәліметтері бойынша ауадағы шаң, қалқыған бөлшектер, әсіресе,
мөлшері 10 мкм (РМ
10
) болатын ұсақ бөлшектер тұрғындардың
денсаулығына әсер ету деңгейі бойынша, атмосфералық ауаны ластайтын
алдыңғы қатарлы ластаушы заттардың қатарына жатады.
Ғылыми әдебиеттерде қалқыған бөлшектердің екі фракцияларын – PM
10
және
РМ
2,5
(РМ – аббревиатура ағылшын тілінен аударғанда particulate matter-яғни,
қалқыған бөлшектер) ажыратады. Олардың жай қалыпты көзге көрінетін
шаңдардан айырмашылығы атмосфералық ауаға кез-келген отынды жаққан
кезде түседі. Сонымен бірге, мөлшері өте ұсақ және ауада ұзақ сақталатын
қасиетке ие, осыған байланысты адамның төменгі тыныс алу жолдарына,
яғни, бронх пен өкпе альвеолаларына енеді [2, 3].
Қазақстан Республикасының (ҚР) аймақтарында тұрғылықты мекендердің
ауасында PM
10
және РМ
2,5
шаң фракцияларына бақылау жүргізілмейді.
Сонымен бірге, ҚР заңдылық құжаттарында шаң фракцияларына байланысты
нормативтер енгізілмегендіктен, атмосфералық ауаның сапасына гигиеналық
бақылау жүргізілмеуі мәселені қиындатып отыр. Ал, Европалық Одақ пен
АҚШ елдерінде шаң бөлшектерін нормалау тек дисперстілік фракциялары
бойынша ғана жүргізіледі [3].
Бірақ та, осыған қарамастан, атмосфераның ластануын интегралды бағалау
кезінде мына есептеу әдістерін жүргізу қажет [4]:
РМ
10
=
0,55
х
TSP
РМ
2,5
= (0,33-0,36) х TSP, где
TSP – қалқыған бөлшектердің жиынтығы;
0,55 и (0,33-0,36) – коэффициенттер
Осы әдісті қолдана отырып, біз ҚР қалаларындағы қалқыған бөлшектердің
жалпы жиынтығынан (PM
10
и РМ
2,5
) шаң фракцияларының орта жылдық
концентрацияларын есептеп шығардық. (1-нші кесте).
Атмосферадағы шаң бөлшектерінің респирабельдік фракциялары үшін
гигиеналық нормативтер Ресей Федерациясының (РФ) регламенттерінен
алынды.(Гигиеналық нормативтер ГН 2.1.6.2604-10).
1-нші
кесте. 2008-2010 жж аралығында ҚР қалаларындағы шаң
фракциясының орта жылдық концентрациялары
ҚР
қалалары
Бақылау жылдары
2008
2009
2010
РМ
10,
мг/м
3
РМ
2,5
,
мг/м
3
РМ
10,
мг/м
3
РМ
2,5
,
мг/м
3
РМ
10,
мг/м
3
РМ
2,5
,
мг/м
3
Алматы
0,20
0,13
0,1
0,09
0,1
0,08
Астана
0,35
0,23
0,2
0,16
0,3
0,19
Шымкент 0,12
0,08
0,1
0,06
0,1
0,08
Жезқазған 0,16
0,10
0,2
0,12
0,2
0,15
Тараз
0,07
0,04
0,1
0,05
0,1
0,05
Павлодар 0,08
0,05
0,1
0,05
0,1
0,05
Өскемен 0,10
0,06
0,1
0,06
0,1
0,05
Семей
0,11
0,08
0,1
0,05
0,1
0,04
Қызылорда 0,09
0,06
0,1
0,04
0,02
0,01
Атырау
0,18
0,12
0,3
0,23
0,2
0,12
Теміртау 0,11
0,07
0,1
0,08
0,1
0,08
Ақтау
0,15
0,10
0,1
0,08
0,1
0,08
ШРЕК РФ,
мг/м
3
0,04
0,025
0,04
0,025
0,04
0,025
ҚР қалаларындағы шаң фракцияларының орта жылдық концентрациялары
2008-2010 жж аралығында бағаланды. Зерттелініп отырған кезеңде барлық
бақылауға алынған тұрғылықты мекендердің ауа бассейінінде шаң
фракцияларының орта жылдық концентрациялары РФ гигиеналық
нормативтерінен жоғары болды (кесте 1). Бір көзбен қарағанда, осы шаң
бөлшектерінің фракцияларының гигиеналық нормативтері РФ өте төмен
сияқты көрінеді. Бірақ, Европа Одағының PM
10
шаң фракциялары үшін
орнатылған нормативі 40 мкг/м3 немесе 0,04 мг/м
3
құрайды, бұл РФ
регламентіне сәйкес келеді. ( РМ
10
ШРЕК-ы=0,04мг/м
3
). Мысалы АҚШ –да
РМ
10
шаң бөлшектері үшін регламент – 83 мкг/м
3
немесе 0,08 мг/м
3
болып
табылады. Сонда РФ шаң фракцияларының гигиеналық нормативтері Европа
Одағының нормативті шамаларымен бірдей болып табылады, бірақ АҚШ
регламентімен салыстырып қарағанда 2 есе төмен болып отыр.
РМ
10
и РМ
2,5
респирабельді фракциялардың ШРЕК-нан жоғарылау еселігінің
маңызын талдау кезінде Республиканың зерттелініп отырған барлық
қалаларында, 2008 ж Тараз бен Павлодар қаласы және 2010 ж Қызылорда
қалаларынан басқа, олардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден 2 есе ШРЕК
шамасында жоғары болып отыр (3-нші сурет). Ал, Астана, Жезказған және
Атырау қалаларында жүргізілген зерттеулердің барлық кезеңдерінде жоғары
деңгейлері (5 ШРЕК және одан жоғары) байқалады (3 және 4 суреттер).
3 -нші сурет. 2008-2010жж аралығында ҚР қалаларының атмосфералық
ауасында қалқыған бөлшектердің PM10 ШРЕК шектен асу еселігі
4 -нші сурет. 2008-2010жж аралығында ҚР қалаларының атмосфералық
ауасында қалқыған бөлшектердің PM2,5 ШРЕК шектен асу еселігі
Біздің қатысуымызбен ҚР қалаларының атмосфералық ауасында қалқыған
бөлшектердің жиынтықты және ұсақ дисперсті фракцияларының мөлшерінің
деңгейі бағаланды. Ауа сапасын негіздеу арқылы гигиеналық бағалау үшін
олардың тұрғындар денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалау қажет.
Қауіп-қатерді талдау әдістемелерінің ең маңызды атқаратын рөлі адам
денсаулығы мен экожүйелердің жағдайы үшін қауіп-қатерді бағалаудағы
заманауи амалдарды тепе-тең ұстау болып табылады. ХХ ғасырдың соңында
АҚШ қоршаған ортаны қорғау бойынша агенттігі қазіргі біздің заманымызда
кең етек жайған қоршаған ортаның зиянды факторларының [5] әсері кезінде
адам денсаулығына қауіп-қатерін бағалау әдістемесін қолдануды ұсынды.
Осыған сәйкес, ШРЕК орнына референтті доза және барлық заманауи
ғылыми мәліметтерді есепке алғанда және тұрғындардың ең сезімтал
топтарының денсаулығы үшін қауіп туғызбайтын, бүкіл ғұмыры бойындағы
химиялық заттың тәуліктік әсер ететін концентрациясы қолданылады. РФ
аймақтарында
2004
жылдан
бастап
қалқыған
шаң
бөлшектері
фракцияларының референтті концентрацияларының мәліметтері келтірілген
«Қауіп-қатерді бағалау бойынша нұсқау…» Р 2.1.10.1920-04 [6]
қолданылуда.
Сонымен бірге, біз кацерогенді емес әсерлерді формулаға сәйкес қауіптілік
коэффициентін (hazard quotient) – HQ, есептеу негізінде жүргіздік:
Достарыңызбен бөлісу: |