Дәріс №3. «Урбанизация» түсінігі. Мәселелердің қазіргі жағдайы 2 сағат
1.
Урбандалу түсінігі. Қалыптасу ерекшеліктері
2.
Урбандалудың тарихи кезеңдері
Қалалану – бұл халықтың қалада тұру үшін көшіп-қону процесі. Қалалану –
объективті, заңды процесс, қоғамның қажеттіліктеріне жауап береді.
Адамдарды жаңа жерге орналастырудың қалалық түрлерінің әлеуметтік-
экономикалық артықшылық-тары даусыз.
1950 ж. дейін үлкен емес қалалардың халқы аса жылдам өсті, ал соңғы
уақытта халықтың ірі қалаларда шоғырлану тенденциясы үстем болады.
миллион және одан астам халқы бар қалалардың саны көбейіп келеді. XIX
ғасырдың ортасында әлемде мұндай қалалардың барлығы небары – 4, 1920 ж.
олар – 25, 1950 ж. – 90, 1960 ж. – 140, 1970 ж. 15013 астам болды. Жеке
қалалар көбейіп қана қоймай, сонымен бірге олар өз араларында қосылды,
мегаполистер (өз араларында қосылған) деп аталған алып қалалар пайда
болды. Тұңғыш алып мегаполис АҚШ-тың Атлант жағалауында және өзінің
шағын құралған тораптары - Бостон және Вашингтон бойынша құрылып,
Босваш деп аталды, оның ұзындығы 850 км құрайды және онда 35 млн. адам
тұрады. Лос-Анджелестің ұзындығы тынық мұхитының жағалауында 120 км-
ге және ені 60 км-ге созылды және Сан-Францискоға қарсы көз тікті. Үлкен
Токиода (Токио - Иокогама) – 25 млн., Мехикода 18 млн. адам тұрады.
Болашақта мегаполистердің құрылу процесі жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасында қалалардың, әсіресе үлкен және ірі қалалар-дың
саны өнеркәсіп пен көлік жедел дамыған, сондай-ақ тың және тыңайған
жерлер игерілген жылдары жылдам өсті. Болжамдық деректерге сәйкес,
Қазақстанда қалалардың саны болашақта елеулі өзгермейді, алайда олардағы
тұрғындардың саны 12 млн. адамға дейін ұлғаяды немесе еліміз халқының
65% дерлігі қалаларда өмір сүретін болады. Қала халқының жоғары меншікті
үлесі қоршаған табиғи ортаны сақтау және оның қалыпты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету ісінде қосымша қиындықтар тудырады. Қалалардағы, әсіресе
Алматы және Қарағанды сияқты ірі қалалардағы халықтың тығыздығы
ерекше жоғары және 1 км
2
-қа 200-ге жуық адамды құрайды. Олардағы
экологиялық жағдай өте күрделі және үнемі бақылау мен қадағалауды талап
етеді.
Қалалану процесі қалалық ортаға және оның қала маңына үлкен экологиялық
жүктеме тудырады. Қала көлігі, әсіресе автомашиналар адамдардың
денсаулығы үшін үлкен қауіптілік тудырады. Пайдаланылған газдар және шу
адамға тітіркендіруші әсер етеді, сонымен қоса, лақтырыстар улы. Көптеген
адамдар уланған ауамен тыныс алуға мәжбүр болады. Ауыл адамдарына
қарағанда қала адамдары арасында ауыру 2 есе жоғары. Өнеркәсіптік және
тұрмыстық ағындылардың тұрақты ұлғаюы, олардың химиялануы табиғи су
көздерінің ластануына, олардың қорларының таусы-луына әкеледі.
Биологиялық тазалаудың жиі болмауынан қала ағындылары өзендер мен
көлдерді ағынды орға айналдырып, оларды ластайды.
Қалалық ортаны сауықтандыру проблемасы бұрыннан беру көптеген
адамдарды толғандырып келеді. Сәулеттік-құрылыс экологиясы осы
проблема бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, олардың жүзеге асырылуы
азды-көпті салауатты қалалық ортаны құруға көмектеседі. Ең алдымен,
еліміздің өндірістік күштерін дамыту және орналастыру перспективаларын
есепке алғанда, әрбір мемлекеттің халықты орналастырудың принциптік
сұлбасы, қалалар мен елді мекендерді мемлекет аумағында дамытудың
ғылыми негізделген ұзақ мерзімді тұжырымдамасы болуы тиіс.
Әрбір аймақ үшін аймақтың климаттық, ландшафттық және басқа
ерекшеліктерін, осы жерлерге тән табиғи ортаның сақталу қажеттілігін
есепке алатын, аудандық жоспарлау сұлбасы әзірленеді. Зауыттар мен
фабрикаларды қала ішіндегі өзен ағындыларын тазалықта сақтау үшін өзен
ағысы бойымен қаладан төмен орналастырады, халық тұратын аудандарды
зауыт құбырлары-ның түтіні мен күйесінен қорғау үшін басым желдердің
бағытын есепке алады.
Әрбір қала үшін құрылысты жақсартудың және қала ортасын
сауықтандырудың қажетті шарты ретінде дамытудың бас жоспары
әзірленеді. Онда тұрғын үйлерді, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді,
өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру, аумақты көркейту, суландыру
және
көгалдан-дыру,
автомашиналар
гараждары
мен
тұрақтарын
орналастыру, қала қоқысын жою және зарарсыздандыру орындарына дейін
тасымалдау әдістері көзделеді.
Қалалар мен елді мекендерді жоспарлау және салу жобалары қолданыстағы
құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес әзірленеді, ауа бассейнін
зиянды лақтырыстардан қорғау, сумен қамту көздерін және су қоймалары
мен топырақты ластанудан қорғау, шу мен дірілдің, электрмагниттік сәуле
шығару деңгейін азайту және тұрудың санитарлық-гигиеналық жағдайларын
жақсарту бойынша шаралар көзделеді.
Жоспарлау мен салуда қала аумағын аймақтандыруға маңызды орын
бөлінеді;
аймақтар
өнеркәсіптік,
санитарлық-қорғау,
тұрғын
үй,
коммуналдық-қоймалық, сыртқы көлік және қала маңындағы деп бөлінеді.
Қала құрылысы экологиясының басты міндеті халықтың өмірі мен
денсаулығы үшін қолайлы жағдайлар жасау және қоршаған табиғи ортаны
сақтау мақсатында қалаларды оңтайландыру және экологияландыру болып
табылады.
Урбандалу қалалардың, қала халқының өсуінің, олардың қоғам дамуындағы
рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққа тән белгілердің,
ерекшеліктердің, өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
«Урбандалу» сөзінің кең мағынасы –жалпы қоғамның дамуындағы
қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-
мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі.
Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес.
Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің
тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау
бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұйымдастыруға баса назар
аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлеуетін тиімді
пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға
орналасу және қоныстану жатады.
Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ
бойынша орналастыру.
Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру.
Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді
мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп белінеді.
Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни
сол үшін негізі қаланған. Қаланы қалыптастыруға өнеркәсіп, көлік, сауда,
әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.
Қалаға қызмет көрсету - қаланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Олар үй -
коммуналды шаруашылық, қала көлігі, кейбір кәсіпорындар (мысалы, нан
зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету.
Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала
ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы
қаланың есуіне әсері бар.
Урбандалудың тарихи кезеңдері
Демографиялық трендтерге тоқтайтын болсақ. 1926 жыл мен 1989 жылдар
арасында өткізілген халық санағының деректері бойынша халық саны осы
аралықта 3,6 есе өскен (13,7-ден 49,4 млн. дейін). Қалалықтардың үлесі осы
периодта үш еселенеді 13,4%-дан 45,6%-ға дейін. Мұнымен қатар 1950 мен
1990 жылдар аралығындағы кезеңде тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 12
жылға ұзарады, өлім-жітім екі есе қысқарып, ал орташа туу коэффициенті
34,8 промиллені құрады.
Орталық Азия мемлекеттерінің халық санының өсуіне қарамастан, әр
мемлекетік өзіндік демографиялық даму жолы болды.
Қазақстан. 1926 мен 1989 жылдар аралығы кезеңінде Қазақстанның халық
саны 2,7 есе – 6,025-тен 16,537 млн.-ға дейін өсті. 1950-80 жылдар бойына
Қазақстанның халық санының өсуі табиғи өсу факторы негізінде жүзеге асты.
Мұнда 1968 жылдан бастап теріс көші-қон сальдосы орын алды, бірақ табиғи
өсімнің жоғары деңгейі оның халықтың жалпы өсіміне әсер етуіне 1990
жылдардың басына дейін жол бермеді. Қазақстан экономикасының пайдалы
қазбаларды өндіруге бағытталуы басқа өңірлерге қарағанда урбандалудың
жоғары деңгейін анықтады. Егер де 1959 жылы урбандалудың деңгейі 43,7%
болса, 1970 жылдары – 50,3%, 1989 жылы – 57,1% болды.
Қырғызстан халқы 1926-1989 жылдары 1001,7 мыңнан 4290,5 мыңға дейін 4
есе өсті. Сонымен қатар қала халлқының үлесі 12,2-ден 38,2%-ға дейін өсіп,
үш еселенді. 1926-1939 жылдары ерекше демографиялық өсім жылдары (орта
есеппен жылына 3,2%) және қала халқының өсімінің ең жоғары қарқыны
(жылына, шамамен, 6,8%) болған уақыт атанды. 1950-1960 жылдары ел
бойынша жалпы халық санының өсімі жылына 2,2% шамасында болды. Қала
халқынынң өсімі 4,3% жетіп, ауыл халқының көрсеткішінен (1,3%) бірнеше
есе басым түсті.
1979-1989 жылдары халықтың орташа өсімі 2,0 % тұрақтап, ал оның қала
және ауылдағы шамалары іс-жүзінде бір деңгейде қалыптасты. Бірнеше көне
индустриалды қалалар мен кенттерді есептемегенде, қала халқының өсуі
төмен деңгейде болды. Сондай-ақ, солтүстік және оңтүстік облыстардың өсіп
келе жатқан айырмашылығы байқалды. Солтүстікте қала халқы ауыл
халқына қарағанда тез өсті, оңтүстікте халық санының жоғары өсімі Ферғана
аңғарының және алыстағы таулы жерлердің бірқатар ауылдарында байқалды.
Тәжікстан халқы 1926-1989 жылдар аралығында 5 еседей өсті – 1032-ден
5109 мың адамға дейін. Кеңестік кезең республикадағы қала халқының
үлесінің артуымен сипатталды (1913 жылы 9%-дан 1989 жылы 33%-ға).
Тәжікстан КСР урбандалу процесі өндірістік ірі қалаларды шоғырлануына,
жаңадан игеріліп жатқан жерде (Нүрек СЭС және кейбір жерлердің су
басуымен байланысты) қала типтес елді-мекендердің салынуына, соған
сәйкес халықтың жаппай түрде қалалар мен қала типтес елді-мекендерге
қоныс аударуына, сондай-ақ, олардың ірі қалаларда шоғырлануына
байланысты. Алайда, 1970 жылы тарихындағ ең жоғары көрсеткішке жеткен
(37%) қала халқының үлесі азайып, КСРО құлау кезеңінде 32%-ға дейін
төмендеді.
Өзбекстан халқының саны 1929-1989 жылдар аралығында 4,3 есе өсті – 4,6-
дан 19,9 млн.-ға дейін, қала халқының үлесі 2 есленді (22%-дан 41%-ға
дейін). Мұнымен қатар, абсолютті деңгейде республиканың қала халқының
саны одан да көп есеге өсті (8 есе – 1-ден 8,2 млн. адамға дейін). Соғысқа
дейінгі уақытта (1924-1941 жж.) орташа жылдық өсім қарқыны 2,5%-ды
құрады, 1959-1970 жж. 4,1%-ға жетіп, 1970-1990 жж. 3,15%-ға дейін
төмендеді. Өсімнің негізгі үлесі ауыл халқына тиді, ол 1959 жылдан 1990
жылға таман 2,2 есе өсті.
Урбандалу процесі соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі кезеңдерде
индустриалдандыру мен КСРО-ның басқа аумақтарынан жаппай қоныс
аудару арқылы ынталандырылды. 1966-1970 жж. қала халқының РКСР,
Ураина және басқа да одақтас елдерден көшіп келген қоныстанушылар
есебінен өсуі байқалды (негізінен Ташкент қаласының). Алайда, 1970
жылдардың екінші жартысынан бастап жергілікті емес халықтардың
(негізінен, орыстардың) тек қалалық қана емес, ауылдық елді-мекендерден де
көшуінен басталған сыртқы көші-қонның теріс мәнге ие болу құбылысы
көріне бастады.
Түркменстанда кеңестік билік кезінде жоғары демографиялық өсім байқалды.
1929-1989 жылдар аралығында республика халқы 3,5 есеге (1-ден 3,54 млн.
адамға дейін), қала халқының саны 11,6 есеге (137 мыңнан 1590 мыңға
дейін), қала халқының үлесі үш еселеніп (14%-дан 45%-ға дейін) өсті.
Түркменстандағы урбандалу Орталық Азия елдерінің басқа қалалары секілді
индучтриалдандыру әсерімен байланысты болды. Қала халқы 1930-1970
жылдары орта есеппен жылына 6,7%-ға өсіп отырды, 1970 жылдар отрасына
таман қалалық елді-мекендерде республика халқының 49% тұрып жатты.
Одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп (негізінен, ауылдық
тұрғындардың жылдам қарқынмен өсуінен), КСРО құлауға таман уақытта
қала халқының үлесі Түркменстанда 45% құрады.
Дәріс №4. Қала экологиясы туралы түсінік.2 сағат
1.
Қалалардың қазіргі мәселелері
2.
Қала- экологиялық бақылау объектісі
3.
Қазақстан қалалары экологиясы
Қалалардың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін оның суын,
ауасын, топырағын, жасыл желегін табиғи қалпынан өзгертпей ұстау
жеткіліксіз. Әсіресе қанатын кеңге жайып қарыщтап, дамып бара жатқан
қалалар үшін оның қоршаған ортамен үйлесімділігі бас шарт. Қала
орталықтарында жасанды көлдер, бассейндер,фонтандар жасау да ауаның
қалыпты болуыны жағдай жасайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында
және транспорт тасқынын шектеу мүддесіне үлкен қалаларда газдану мен
шуды азйту үшін орағытып өтетін жолдр салынуда.Қоршаған ортаны
қорғауға үкімет соңғы жылдары қаржы бөлуді күрт өсірді. Ал оны тиімді әрі
үтымды пайдалану жергілікті әкімшіліктің іскерлігі мен жауапкершілігі ғана
байланысты болмақ.
Үзақ жылдар бойғы қала салу ісіндегі жіберілген қателер, дүрыс
жоспарламау Қазақстанның өнеркәсіпті қалаларын экологиялық апатқа
үшыратып отыр
Табиғат қорғау объектілерінің қүрылысына бөлініп отырған қаржының
жеткіліксіздігіне орай табиғат қорларын игеру және өндірістік қуаттарды
арттыру Ақтөбе облысында барынша қиын жағдайды қалыптастырады, оны
жақсарту үшін төтенше шараларды қолдануды қажет етті.
Түтас облыс бойынша әр түрлі мақсатқа өзендердегі жылдық су қорының 11
проценті жүмсалды. Жер бетінде пайда болған ағынды сулар негізінен
тазарту орындарына, сүзгіден өткізу қондырғыларына бағышталады,
буландырады. Облыста жалпы қуаты 64,9 млн. текше метрлік 59 тазарту
қүбыплары бар, оларға 2005 жылы 44,3 текше метр ағынды су жіберілді.
Жер асты суларының, сол арқылы жер бетіндегі судың ластануы негізінен
өнеркәсіп өнімдері қалдықтарынан топырақ қабатты арқылы өтуі, булануы
салдарынан болады. Бүрын өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру жөніндегі
қүрылыстар сүзгісіз салынған болатын.
Су қорларының көзіне жүргізілген тексеру көрсеткеніндей Елек өзенінің жер
асты және ағынды сулары 6 валентті хроммен және бормен ластанған. Бүлар
негізінен хром қосындылары заводының өнеркәсіп алаңы, осы заводтың
өнеркәсіп қалдықтары тасталатын орны, сондай — ақ жылу -электр
орталығының гидролологиялық күлі арқылы ластануда. Хром қосындылары
заводының қалдықтары тасталатын тоғаннан аққан су солтүстікке және
шығысқа қарай жылжып баралы. Мүның өзі Елек өзенінің 3 километрге
жуық бойында судың хроммен бүлінуіне әкеліп соқтыруда.
Ақтөбе химия заводы экологиялық жағдайды қатты бүлдіруде. Өнеркәсіп
өнімінің қалдықтары сақталатын төңіректе жер астындағы судың бормен
бүлінуі жиіледі. Қазір мүндай көлемдегі жер 13,7 шаршы километрге жетті.
Ол тәулігіне 1 метр шапшаңдықпен кеңейіп отырады. Ақтөбе қаласындағы
көптеген су көздері де ластанды. Ақтөбе су қоймасында балық
шаруашылығы үшін белгіленге қалыпқа қарағанда бор ерітіндісі 20 есе асып
түсті.
Біз мынаны айтуымызға тиістіміз. Гидрометеоорталықтың өлшемі бойынша
Ақтөбе қаласында жауын — шашын жиі болғанына қараастан, ауаының
тазалығы көңілдегідей емес. Қала атмосферасында шаңның үсталуы норма
шеңберінде болса да, азот диоксидінің тәуліктік орташа қүрылуы 1,25 есеге,
формальдигид 4 есе асып кетті.
Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда атмосферадағы қалдықтарды
шығару көлемі 500 тоннағаүлғайды. Биылғы жыл басында облыста 1 млрд.
0,44 млн тоннадан астам қалдық жинақталды. Бүлардың 70 пайызы дерлік
бүрынғы Кемпірсай кен басқармасы (205 млн.т ) мен дөң тау кен байыту
комбинатының (794 млн.63000 тонна ) аршыған қабаттары. Жарты жыл
ішінде 9,3 млн. тонна тоннадай қосылды. АЗФ пен АЗХС — те қажетсіз
188270 тонна қалдықтар — облыс бойыынша барлық әлемнің 2 пайызы
жинақталады.
Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тексеру кем
болды, тәртіп бүзушылықты анықтаудың мысалдары 520 — ға кеміді. Сөйтсе
де өндірілген айыппүл 264,7 мың теңгеге артты, табиғатқа зиян келтіргені
үшін 13 млн.346 мың теңгеге талап -арыз артық берілді және 14млн. 301000
теңге артық өндіріді.
Бүл нені көрсетеді? Біріншеден, мемлекеттік экологиялық бақылау деңгейі
күшейгендігінен. Екіншіден, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға
өз өндірісі келтірер зиянды дүрыс болмауынан, қателіктерге жеткілікті
талдау жасамауынан. Мысалы, берілген 15 талап — арыздың екеуі табиғи
ортаны нормадан тыс ластағаны үшін болды. Табиғат қорғау заңдылықтарын
бүзушыларға наразылықтың 19 оқиғасы сот арқылы қанағаттанлырылды,
себебі өндірістер басшылығы үйғарымдарын орындауға мән бермеді.
Олардың ішінде » Дөң тау кен байыту комбинаты» ААҚ, » Ремпуть» ААҚ,
Шалқар станциясындағы жөндеу локомотив депосы, » Ақтөбемүнайгаз »
ААҚ, «Қазторчермет» ААҚ, «Маерск Ойыл Қазақстан ГмбХ» компаниясы
бар.
Жекеген кәсіпорындар қызметкерлері заңды айналып өтіп, экологияға
қаржыны үнемдеу ниетін көздейді. АЗФ- тың ауа қорғау қызметін
мемлекеттік инспекторлар тексергенде алғашқы есеп қүжаттарында шыққан
газ бен ондағы шаң қүрамасын кемітіп жазуды анықтады, бүл дегенің — қала
атмосферасына шығатын қалдықтарды кемітіп көрсету. №1 цехтың барлық
жеті пешінде нормадан артық шаң қалдықтары тіркелді. Қалдықтар жайында
дәйексіз ақпарат бергені, газ тазарту қондырғысы жүмысының тиімділігіне
бақылау жасамағаны, оны пайдалану ережесін бүзғаны үшін лауазымды 4
қызметкрдің әрқайсысына 13 мыңтеңгеден айыппүл салынды.
Бізде бүл талапты орындауға жеткілікті мән берілмей жатады. Мысалы,
Октябрьмүнай мүнайгаз бүрғылау басқармасында Жаңажол кен орнының
жобасы бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол кен орнының жобасы
бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол газ өңдеу зауытына жөнетілуі
қажет. Бүл — жоба бйынша, ал негізінен 500 млн. текше метрдей газ кеніш
алауларында қүр жанып түр. Сонымен бірге газ өңдеу зауытында күкірт
қышқылынан тазартылмаған газ жануда,яғни «Атмосфералық ауаны қорғау
туралы» Заңды бүрмалашылыққа жол беріліп отыр. Өткен жартыжылдықта
зауытқа 104640 теңге мәлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы
СНПС — Ақрөбемүнайгаз ААҚ облыста табиғи ортаны ластаушылардың
алғашқы бестігі кіреді.
Бірінші жартыжылдыкта табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтірілген үш апат
оқиғасы орын алды. Ақбүлақ ААҚ — нда 1972 жылы салынған №11 канал
насос станциясының темір бетон қүбырлары істен шығуы салдарынан 120
мың текше метр тазартылмаған шайынды су Жіңішке өзенінің арнасына
қүйылды. Теміржолда Қандыағаш станциясында цистерналар түйісуінен
бензин жерге төгілді. Бүл Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің қыруар сомада
айыппүл төлеуіне әкеліп соқтырды. «СНПС — Ақтөбемүнайгаз» ААҚ- ның
мүнаймен
жабдықтау
басқармасында
цистернаның
тығындау
жабдықтарындағы ақаулар үлкен шығынға әкеліп соқтырды.
Экологиялық сипаттағы мәселелер табиғат қорғау аумағында ғана емес,
облыстың атқарушы және қүқықтық органдарының назарына да болып
келеді. Облыстың мәслихеттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі
түрақты комиссиясының мәжілісінде бірқатар ірі өндірістердетабиғат қорғау
заңдылықтарының орындалуы қаралды. Облыстық прокуратурның және
көліктегі Батыс аймақтық прокуратурасының алқа мәжілістерінде де бүл
мәселе күн тәртібінде қойылды.
Қала халқы күн санап өсіп келуде. Статистикалық мәліметтер бойынша
қалада 260 мың адам түрады. Бүл тек тізімде барлары ғана, ал
тіркелмегендерді қосқанда 300 мыңнан асып кеткені анық. Халыққа тәулігіне
160-180 мың текше метр су қажет, ал «Ақбүлақ» тәулігіне 100-110 мың текше
метр ғана су бере алады. Қазіргі таңда қалаға ауыз су бес жер асты
қүдықтарынан келеді. Онда барлығы 82-ге жуық скважина жүмыс жасайды.
Олардың өзі көнерген, өнім беру көрсеткіші томен. Әрі олардың жаңасының
өзі осыдан жиырма жыл бүрынғы қала халқының санынан сәйкестендіріп
жасалған. Ауыз судың халыққа жетіспеуінің басты себебі болса керек.
«Ақбүлақ» АҚ-ның маркетинг бойынша тете-президенті Серік Ахметовтың
айтуынша, түрғындарға күніне 50-60 мың текше метр ауыз су жетіспейді. Бүл
проблеманы шешу үшін жаңа су көздерін табу қажет. Ал, ол үшін ең бастысы
қаржы керек.
Жаңадан су көздерін тауып іске қоспай, қаланы ауыз сумен толығымен қамту
мүмкін емес. Қазір бізде тек қүндақтыр Жер асты қүдығы ғана жақсы жүмыс
істеп түр. Оның өзінде 22 скважина бар болғанымен, 16-сы ғана жүмыс
жасайды. Қалған алтауын жөндеп іске қосу үшін әрқайсысына 10 млн.
теңгеден астам ақша қажет. Қазір тек соның екеуін жүмысқа қосу жүмыстары
жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қолда бар скважиналардвң қалыпты жүмыс
істеуі үшін екінші магистральді су қүбырын салу керек. Оған 3 млрд. теңге
қажет. Ал бізде ондай ақша жоқ. Өз бетімізше қаржы табу көздерін
қарастырып жатырмыз. Қаланың бас жобасына сәйкес жаңадан салынып
жатқан қүрылыстарды сумен қамтамасыз ету қиын. Біз солармен
келісімшартқа отыратын боламыз. Жаңа обьектілерге су өткізіп береміз, олар
үшін бізге ақша төлейді. Онсыз да аз су шүрық-тесік түрбалардан ағып
баратын жеріне дейін жартысы жетеді. Судың қалыпты берілуі үшін жылына
кем дкгенде 30-40 шақырым су қүбырларын жөндеуден өткізу керек. Ал,
бізде жылына тек 3-4 шақырым қүбыр ғана жөнделеді. Барлық су
қүбырларын ауыстыруға 19 млрд. теңге қажет. Біздің канализация жүйесі де
көнерген. Қалада 365 км канализация болса, оның 60-70%-ы шіріген. Бүл да
өздігінен шешілмейтін мәселе.
Судың жетіспеушілігінің тағы да бір себебі оның мақсатты пайдаланбауында.
Түрлі өндірістер мен мекемелер ауыз суды басқа мақсатта пайдаланады.
Мысалы, бір ғана жылу электр орталығының (ТЭЦ-тің) өзі халық ішетін
судың 30%-ын пайдаланады екен. Өндіріс орындары негізінен техникалық су
шығаратын қүбырлар ауадай қажет.
Соңғы кезде қалада көлік жуатын орындар қаптап кетті. Олар да ауыз суды
оңды-солды пайдаланады. Серік Ахметовтың айтуынша бүлар өздеріне
арнаиы скважина қазып алулары қажет.
Су туралы кодексте ауыз суды өндіріске және басқа да мақсатқа пайдалануға
болмайды. Қалада 45 көлік жуатын орын бар. Қазір олардың сегізін жаптық,
жиырмасы өз скважиналарын қазып алды, ал үшеуінде қайта өңдеу жүйесі
бар. Қалғандарына осы мәселені шешуге уақыт бердік. Сондай-ақ халық
ішетін суды арақ зауыттары да пайдаланып келеді. Осындай өндіріс
орындары ауыз суды пайдаланбай, мәселелерін өз беттерімен шешіп, жатса
су халыққа жетіп қалар еді.
Қала маңында салынып жатқан үйлер ауыз су мәселесін өз беттерімен шешіп
жатқан секілді. Үйдің жанынан қазылған қүдықтың суы ішуге жарамды
жарамсызын санэпидемиологиялық орталық тексеріп отырады. Кейбір
түрғындар тексерусіз-ақ өз қүдықтарынан су ішіп жатыр. Қаланың әр
бөлігінде шығатын судың сапасы әртүрлі.
Ауыз судың тағы бір бөлігі қаланы көгалдандыруға және саяжайларды
суаруға кетеді екен. Бүл жөнінде Серік Ахметов былай дейді «Біз келесі
жылдан бастап көгалдарды суару үшін ауыз суды пайдалануға рүқсат
бермейміз, ал биыл олар арнайы жүйемен жүмыс жасап отыр. Қай аумақтың
қашан көгал немесе бау- бақша суаруға болатыны туралы арнайы жоспар
қүрдық. Мысалы, кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін ғана көгалды суаруға
болады. Күндіз пайдалануға тиым салынған. Болашаққа бүлар да өз бетімен
су табу жолдарын қарастырулары керек».
Соңғы үш жылдан бері су бағасы өспепті. Қалада ауыз суды пайдаланушылар
25 класқа бөлінгендіктен олардың суға төлейтін ақшалары да әртүрлі. Қазіргі
жағдай мен жылдық инфляция тоғыз пайыз болатын түрі бар. Барлығы
қымбаттап жатыр. Ал су бағасы сол қалпында. Серік Ахметовтың айтуынша,
биыл баға өспейді. Бірақ алдағы жылы қымбаттауы мүмкін.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 26 ескертпе жасалып, 24,3 млн.
теңгеге айыппүл салынды. Атап айтсақ ең көп мөлшерлі айыппүл АҚ
«Ақтөбемүнайсервиске» -1,4 млн. тенге, ал Жаңажол газ үқсату заводына жер
заңын сақтамағаны үшін үш рет ескерту беріліп, ауаны қорғауды және жер
заңын бұзғаны үшін 11,3 млн. теңге айып салынды. Ал ААҚ АЗХС-ға Елек
өзенін алты валентті хроммен шектеулі мөлшерден тыс ластандырғаны үшін
7,6 млн. теңге айыппүл салынып, ол түгелімен өндірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |