HQ=C
факт
/RfC,
Бұндағы, С – ауадағы заттың фактілі концентрациясы;
Rf C – референтті концентрация
Бұл кезде егер, HQ 1,0 тең немесе одан аз болса, онда зиянды әсердің
қаупінің шегі «аз» деп қарастырылады. Ал HQ коэфициентінің жоғарылауы
зиянды әсерлердің де қауіпінің даму мүмкіншілігі жоғарылайды, яғни,
HQ>1,0 адам денсаулығы үшін «потенциалды қауіп» деп қарастырылады.
2-нші кесте – 2008-2010 жж аралығында ҚР қалаларында шаңның ұсақ
дисперсті фракцияларының созылмалы инголяциялық жол арқылы әсер етуі
кезінде канцерогенді емес әсерлерінің қауіп қатерін бағалау
ҚР
қалалары
Бақылау жылдары
2008
2009
2010
Коэффициент опасности пылевых фракций
қауіпті шаң фракцияларының HQ қауіптілік
коэфициенттері
НQ
10
НQ
2.5
НQ
10
НQ
2,5
НQ
10
НQ
2.5
Алматы
4,0
8,7
2,9
6,3
2,5
5,5
Астана
7,0
15,2
4,8
10,4
5,7
12,5
Шымкент 2,4
5,2
1,9
4,2
2,4
5,3
Жезқазған 3,1
6,8
3,7
8,0
4,6
10,1
Тараз
1,3
2,9
1,5
3,2
1,7
3,6
Павлодар 1,5
3,4
1,5
3,3
1,7
3,6
Өскемен
1,9
4,2
1,8
4,0
1,5
3,4
Семей
2,3
5,0
1,6
3,6
1,1
2,4
Қызылорда 1,7
3,8
1,1
2,4
0,4
1,0
Атырау
3,7
8,0
6,9
15,0
3,7
8,2
Теміртау 2,2
4,7
2,6
5,7
2,4
5,3
Ақтау
3,1
6,7
2,3
5,1
2,4
5,3
Регламент HQ ≤ 1,0
2-нші кестеде келтірілген мәліметтерден шаң фракцияларының қауіптілік
коэфициенттері ҚР барлық, атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент,
Жезқазған және Атырау қалаларында бірліктен жоғары екендігін көруге
болады. Бұл ҚР қалаларының атмосфералық ауасының ұсақ дисперсті шаң
бөлшектерімен ластануынан туатын тұрғындар денсаулығы үшін зиянды
бейспецификалық әсерлердің даму мүмкіншілігінің қаупі жоғары екендігін
көрсетеді.
Осылайша, жүргізілген жұмыстардың негізінде мынадай қорытындыға
келуге болады:
1.
ҚР зерттелінген қалаларының басым бөлігінде қалқыған бөлшектердің
жиынтық
мөлшерлерінің
деңгейі
бойынша
жалпы
жағдай
атмосфераның ластану индексіне байланысты қолайсыз деп есептеледі.
2.
Алматы, Астана, Жезқазған және Атырау қалаларының ауа
бассейіндерінің ұсақ дисперсті шаң фракцияларымен ластану деңгейі
жоғары екендігі анықталды.
3.
Осы нұсқалған қалалардағы анықталған аэрогенді жүктемелер шаң
фракцияларының
қауіптілік
коэфициенттерінің
есептелген
көрсеткіштерімен
дәлелденген,
тұрғындар
денсаулығы
үшін
канцерогенді емес әсерлердің қаупі жоғары екендігін көрсетеді.
4.
Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, тұрғындардың денсаулығындағы
қолайсыз өзгерістерді болжамдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады
және қауіп-қатерді басқару бойынша шаралар мен ұсыныстарды
дайындау үшін сілтеме бола алады.
Дәріс №7. Өндірістік қалалар атмосферасының негізгі ластану көздері 2
сағат
1.
Қазақстанның өндірістік қалалардың ластану ерекшеліктері
2.
Өндірістік қалалар ауасы ластану көздері
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы
болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның
сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның
құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон
қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және
экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын
қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен
озон
қабатының
тіршілік
үшін
маңызы
ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда.
Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын
әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера –
бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ
элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және
жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды
сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының
кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары
күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы.
Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі
болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті
мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай
келмесе,
онда
ауаны
ластанған
деп
саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу
энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б.
Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа
құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық
өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға,
топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс
материалдарын
бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы
жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі
организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы
бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар
мен
адамдар
тұншыға
бастайды.
Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез
процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар
мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы
негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы
жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап
отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық
даму
деңгейіне
қарай
түрліше
үлес
қосып
келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен
газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу
институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр
жылға және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень»
журналы
арқылы
көпшілікті
хабардар
етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар
аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы,
қалалары
кіреді.
Әрине
бұл
үнемі
өзгеріп
отырады.
Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс
істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған
қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001
жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара
металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан
шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды
сейілтуге
метрологиялық
жағдайы
қолайсыз.
Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық
жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген
технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық
бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы
химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт
диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі
қатты
және
сұйық
заттар.
Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері
(АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.),
Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан
қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.),
Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,
металлургия,
мұнай-газ
кәсіпорындары
шоғырланған.
Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы
облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер
ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр.
Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне
жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден
шығарылатын
зиянды
заттармен
ластанып
отыр.
Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт
диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4
ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау,
Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе
көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр.
Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда
(3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.
Қ азақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң
континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз
болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент,
Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа
ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы
тұманмен
оранып
жатады.
Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.
Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға
алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану республика бойынша жоғары
болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы,
қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6
есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен.
Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес мемлекетердің ауаға
шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң,
күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе
артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер,
Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың
концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа
кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру
кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен
катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының
35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында
дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі
гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына
жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың
көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық
заттар,
дефолианттар,
пестицидтер,
мөлшерден
артық
қолданған
тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Дәріс №9. Қаладағы қалдықтар проблемасы 2 сағат
1.
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
2.
Қаладағы өнеркәсіптік қалдықтар мәселесі
3.
Тұрмыстық қалдықтар мәселесі
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен
өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін
есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға
асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
[1]
Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді
шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы
тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан
шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары.
Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар:
буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін.
Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын:
қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс
орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі.
90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2
млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс
орындарының еншісіне тиді.
Әртүрлі елдерден шығарылатын қауіпті
Елдер
Қауіпті қалдықтар, мың тонна
80-ші жылдардың
бас кезі
80-ші жылдардың
аяғы
АҚШ
Италия
Ұлыбритания
Франция
Ресей
Бүкіл әлем бойынша
264 000
-
1 500
2 000
-
-
275 000
3 800
4 500
3 000
20 000
338 000
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен
биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен
фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер
тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала
шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға
болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым
мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның
жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға
қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз
түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып
отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы,
үй-жай шаруашылығы жатады.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық
маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы
өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің
энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа
бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза
және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық
аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік
энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор
қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда
пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады.
Бөлінген
жылу
калдықтарды
өндейтін
кондырғыларда,
жылу
айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы
жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым
утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді
жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады.
Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны
үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған
ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына
карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші
реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында
қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін -
күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде
қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған,
3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар
заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы,
күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып
кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~
10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында
вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес
көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады.
Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары
масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін,
бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі
бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет
вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл
аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп
институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы
жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып
өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар
аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар
жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар
эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты
қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал
Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда -
3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын
тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде.
Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық
қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-
90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді
жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне
сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45
кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай
тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін
ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала
қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен
алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш
(1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2),
пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар
үйіндісі,
шамалы
мөлшері
қайтадан
өнделеді
немесе
арнайы
ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.
Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеу
Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы,
тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын,
қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты
жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның
жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде
бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса,
шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал
шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады.
Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге,
зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл,
шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан
шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990
ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің
өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V -
12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ -
1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең
орындарынан
алынатын
мөлшерге
эквивалентті.
Санкт-Петербург
маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты
өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост
(тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш,
металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна
төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл
сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т
компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде
өсімдіктер
мен
жануарлар
қалдықтарынан
шыкқан
органикалық
тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар
саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары,
сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру
процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы
қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды,
патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері
азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы
түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек)
орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың
барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік
қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық
тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты
микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан
өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады.
Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып,
тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап
жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал
қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру
жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін
магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |