Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы


Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары



бет15/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары


Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» жəне маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура,
плебисцитарлық, өкілдік. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан
шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын жəне басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны əдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою жəне т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға жəне биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі жəне т.б.


9- тақырып. Сайлау жəне сайлау жүйелері.


Дəріс мақсаты: 1 Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары 2 Сайлау үрдісінің сатылары
3 Сайлау жүйелерінің түсінігі мен түрлері
4. Қазақстан Республикасындағы сайлау жəне сайлау жүйелері.

Негізгі ұғымдар:


можаритарлық, пропорциональды, депутат, оппонент, сайлау науқаны, аймақтық сайлау құру, тікелей жəне жанама сайлау, сайлау құқығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет