Адам, адам құқықтары, еркіндік, бостандық, əлеуметтік саясат, ассимиляция, геноцид, гуманизм, жалпы азаматтық құндылықтар, маргиналдар, менталитет, тұлға.
Дəріс мазмұны:
Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір – біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін жəне əрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. Саясаттың объектісі- қоғам болып есептеледі. Субъектісі – қоғамдағы үлкен əлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жекеадам. Саясаттың негізгі мəселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапта өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, əлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сондай- ақ, меншік жəне мемлекеттік билік туралы таптар арасындағы өзара қатынас саяси қатынастың объективті негізін құрайды. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мəселелерінің бірі – саяси қатынас мəселесі.
Еркіндікті дұрыс түсіну жəне оны дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның
психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мəселесін қажеттілікті жəне заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ал Ф. Энгельс «Анти- Дюринг» атты еңбегінде: «Еркіндік əлдебір нəрседен тəуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым- қатынастарға жəне өз болмысына үстемдігі» деп жазумен қатар, ол Гегельдің еркіндік теориясы жайлы былай тұжырымдайды: – Гегель алғашқы болып еркіндік пен қажеттілік арасындағы қарым-қатынасты дұрыс көре білді, өйткені қажеттілікті білмейінше, адам соқыр болады. Еркіндік табиғат заңдарынан тəуелсіздігінде тұрған жоқ, қайта еркіндіктің негіздері оны танып, өз мақсаттарына бағындыруда жатыр».