Сабақтастығы Әдістемелік құрал


  11-12- сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата28.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#2874
түріСабақ
1   2   3

3  11-12-

сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын 

қалыптастыруда  базалық  және  бейіндік  білім  беру  мазмұнының 

кіріктірілуі мен сабақтастығы 

 

12 жылдық мектептің орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұны саралау, 

кіріктіру  және  кәсібилендіру  негізінде  жүзеге  асырылуды  көздейді.  11-12 

сыныптарда  әлем,  қоғам  және  адам  туралы  жүйелендірілген  түсініктер 

меңгеріліп,  оларды  өздігінен  кеңейтуге,  тереңдете  білуге  көшу  қамтамасыз 

етілуі тиіс.  

Бұл тұрғыда жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

жүйеге  келтіріп  дамыту  бойынша  әлемдік  тәжірибенің  озық  үлгілерін 

пайдалану  оң  нәтиже  бермек.  Әлемнің  Германия,  АҚШ,  Франция,  Англия, 

Жапония,  Швейцария  т.б.  сияқты  дамыған  елдердің  білім  жүйесін  талдауда 

көрсеткендей, олардың бәрінде орта мектеп 12 немесе 13 жылға дейін созылып, 

соңғы 2-3 жылда міндетті түрде бейінді оқыту жүзеге асырылады. Осы елдердің 

барлығында  оқушыларға  жалпы  білім  беру  қатар,  бейінді  оқыту  сатысында 

оларды  әрқайсысының  жеке  интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттеріне, 

рухани  сұраныстарына  бейімдей  отырып,  даралап,  жеке  білім 

бағдарламаларымен  оқыту  тәжірибелері  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылықтарын арттыруға бағытталғаны анықталды [19]. 

Экономикалық  жағынан  дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мынадай 

ерекшеліктері айқындалды [20]: 

 

білім  берудің  стандарттары  мен  оқу  бағдарламалары  өмірлік  маңызды 



дағдыларды  дамытуға,  оқушының  жеке  басының  қызығушылығы  мен 

талғамдарын  ескеруге,  дамытуға,  олардың  бойында  жалпы  оқу  іскерліктерін 

қалыптастыруға,  сондай-ақ  әрбір  оқушының  және  қоғамның  мүддесі  мен 

қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге 

және дамытуға бағытталған; 

 



білім  нәтижелері,  ақпараттарды  өздігінен  табу  мен  өңдеу  біліктілігін 

қалыптастыру,  ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдалану,  өздігінен  даму 

және  өзін-өзі  бағалау  дағдыларын  қалыптастыру  оқушылардың  жеке 

мақсаттарымен байланыстырылған. 

Әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып, еліміздің 12 жылдық білім 

беруге  көшудегі  11-12  сыныптарда  бейіндік  оқыту  жаратылыстану-

математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттары  және  олардың  ішкі 

бағдарларға  бөлінуі  бойынша  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын  саралау, 

жүйелеу,  кіріктіру  және  кәсіптік  бейімдеу  жолымен  оқушылардың 

қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру 

бағдарламаларын  таңдап  алуына,  сапалы  білімді  игеруіне  мүмкіндік  беруді 

мақсат етеді. 

Осы  мақсатқа  сәйкес  жоғары  сыныптарда  бейіндік  оқыту  барысында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  басымды 

бағыттарын тұжырымдауға болады [21, 22, 23, 24]: 

28 


 

 

оқушыларының  алған білімдерін  өздігінен  практикалық іс-әрекеттерінде 



тиімді  қолданулары  мен  өзін-өзі  дамытулары  үшін  құзыреттіліктері  мен 

қабілеттерін дамыту; 

 

оқушылардың  оқу  пәндерін  оқуға  ынта-жігерлерін  күшейту,  жаңашыл 



ойлау мен сыни тұрғысынан ойлауды, өздігінен білім алуды қалыптастыру; 

 



білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі-

әрекеттік әдістерін пайдалану және оқу-өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру 

арқылы оқушыларға кәсіби-бейімделген оқуды ұйымдастыру; 

 



жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндер  және  қолданбалы  курстар  мен  таңдау 

пәндері  арқылы  оқушылардың  жекелей  білім  беру  траекторияларын  жүзеге 

асыру; 



 



оқу үдерісінде моделдеуді, жобалау мен құрастыруды іс-жүзінде қолдану 

дағдыларын  дамыту,  эксперименттік  есептер  және  өмірлік  мәселелерді  шешу 

әдістерін пайдалануды кеңейту; 

 



кәсіптік  мектеп  пен  өндіріс  саласының  арасындағы  әлеуметтік 

серіктестікті  дамыту  жолымен  инновациялық  технологиялар  мен  қазіргі 

заманғы өндірістің бастапқы негіздерін игеруге мүмкіндік жасау; 

 



бейіндік  оқыту  мен  басқа  да  кәсіптік  білім  беру  деңгейлерінің 

мазмұндарын  және  әдістерін  кіріктіру:  кадрларды,  ақпараттық  және  ғылыми-

өндірістік ресурстарды үйлесімді пайдалану; 

 



бейіндік  мектеп  пен  бизнестің  арасындағы  тиімді  ынтымақтастықты 

дамыту:  оқыту  бағдарламаларын  құрастыруда  жұмыс  берушілердің  қатысуы, 

оқу-өндірістік  базасында  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  және  сабақтың 

тәжірибелік  бөлігін  өткізу,  оқыту  нәтижелерін  бағалау,  кәсіби  мамандықты 

оқуға және меңгеруге ынталандыру; 

 



еңбек  нарығының  сұранысын  ескере  отырып  бейіндік  оқытуда  бейіндік 

пәндерді кіріктіру, кәсіпкерлік қызмет дағдыларына бейімдеуді қалыптастыру; 

 

еліміздің  индустриалдық-инновациялық  дамуы  мен  экономикадағы 



өңірлік  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  өмірлік  келешектерді  саналы  түрде 

анықтауға оқушыларды дайындау; 

 

оқушылардың  жаңашылдықпен  ойлауын  және  креативтілігін,  өздігінен 



ғылыми-зерттеу  және  жобалау  іс-әрекеттерін  жасау,  өздігінен  білім  алу 

дағдыларын қалыптастыру; 

 

ауылдың  әлеуметтік  жағдайларын  ескере  отырып,  ауылды  сақтау  мен 



дамыту  мақсатында  ауыл  шаруашылық  мамандықтарының  алғашқы  деңгейін 

игерулері үшін ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау. 

Көрсетілген  бағыттарды  жүзеге  асыру  арқылы  12  жылдық  мектептегі 

бейіндік оқыту: 

 

оқушыға  тек  қана  базалық  білім  алып  ғана  қоймай,  бейімі  мен 



икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар береді;  

 



оқушының  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  біртұтас,  аяқталған  білім 

жүйесін  меңгеруін,  функционалдық  сауаттылығының  дамуын,  тұлғаның 

интеллектуалдық,  рухани-адамгершілік  және  физикалық  дамуын  қамтамасыз 

етеді; 


29 

 


 

типтік оқу жоспарының инварианттық компоненттегі базалық пәндер мен 



жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндер  және  вариативтік  компоненттегі  таңдау 

пәндерімен оқу үдерісін ұйымдастырады. 

Базалық пәндер білім беру деңгейлері мен білім салалары бойынша базалық 

білім  мазмұнының  жүйелілігін,  сабақтастығын  және  үздіксіздігін;  барлық 

оқушылар  үшін  білімнің  тең  мүмкіндігі  мен  тең  қолжетімділігін  қамтамасыз 

етіп, алты білім саласының құрамына енеді: «Тіл және әдебиет», «Математика 

және  информатика»,  «Адам  және  қоғам»,  «Жаратылыстану»,  «Технология», 

«Дене  шынықтыру».  Осы  білім  салаларындағы  базалық  пәндердің  мазмұны 

жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдардың  меншік  нысанына,  типі  мен  түріне 

қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды 

жалғастыруға  жеткілікті  болатын  білім  мазмұнының  құрамы  мен  көлемімен 

анықталады. 

Бейіндік  пәндер  жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-

гуманитарлық  бағыттарына  және  олардың  ішкі  бағдарларына  сәйкес  әртүрлі 

сараланған  түрде  болады;  жаңашыл  және  практикаға  бағытталған  мазмұнды 

қамтиды;  бейіндік  оқыту  аясында  жекелей  және  аралас  пәндерді  кіріктіру 

жолымен  орта  мектеп  пен  жоғары  мектептің  бакалавриат  бағдарламасындағы 

сабақтастықты қамтамасыз етеді. Олардың мазмұны білім беру сұраныстарына 

сәйкес  анықталып,  қолданбалы  сипаты  күшейтілген,  базалық  пәндерді 

тереңдетіп  оқытуға  бағытталған,  оқушылардың  қабілеттерін,  жеке 

бейімділіктері  мен  қажеттіліктерін  ескеріп  жіктелген,  болашақ  мамандығына 

бейімделген білім мазмұнының құрамы мен көлемімен анықталады. 

Бейіндік  оқытуда  базалық  пәндер  мен  бейіндік  пәндер  инварианттық 

компонентке  міндетті  пәндер  ретінде  енгізіліп,  мазмұндары  кіріктіріліп, 

сабақтастықпен оқушылардың кәсіби бағдарлы білім алуы мен функционалдық 

сауаттылығын  дамытуға,  жоғары  рухани-адамгершілік  және  тұлғааралық, 

этносаралық  қатынас  мәдениеттерді  оқушылардың  бойына  сіңіруге,  тұлғаның 

өзін-өзі тануы мен өз мүмкіндігін іске асыруын дамытуға, адамгершілік қарым-

қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамытуға бағытталады. 

11-


12  сыныптардағы  жаратылыстану-математикалық  бағыты  оқушы 

тұлғасының  интелектуалдық  әлеуетін  дамыту  мақсатында  физика-

математикалық  және  химия-биологиялық  бағдарлар  бойынша  білім  беруді, 

оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік 

ойлауын  қалыптастыруды,  әртүрлі  өмірлік  жағдайларға  және  болашақ  кәсіби 

қызметіне  қажетті  оқушылардың  аналитикалық,  практикалық  біліктері  мен 

дағдыларын жетілдіруді көздейді (2-кесте). 

11-


12  сыныптардағы  қоғамдық-гуманитарлық  бағыты  оқушылардың 

гуманитарлық  даму  ортасын  жасау  мақсатында  филологиялық,  тарихи-

құқықтық  және  әлеуметтік-экономикалық  бағдарлар  бойынша  білім  беруді, 

Қазақстан  тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, құндылықтарына құрметпен 

қарауды  оқушылардың  бойында  қалыптастыруды,  келешекте  табысты 

әлеуметтенуге  қажетті  тіл-қатынастық  біліктер  мен  дағдыларды  жетілдіру 

үшін  тарихи-мәдениеттік,  әдебиеттік  және  көптілді  білім  беруді  көздейді  (3-

кесте). 


30 

 


Жалпы орта білім беруді бейіндендіру жағдайында мектеп пен жоғары білім 

берудің сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында жоғары мектеп  жалпы білім 

беретін  пәндер  циклінің  жеке  пәндері  бейіндік  оқытудың  «Бейіндік  мектеп» 

бағдарламасына кіріктірілетін болады.  

Кіріктіру ұстанымы арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының 

өзара байланыстылығы туралы түсініктерді қалыптастыру мүмкіндігі туады.  

Осыған  орай,  қазіргі  талаптарға  сай  оқытуды  бейіндендірудің  мазмұнын, 

құрылымын, бағыттарын негіздеуде бейіндік оқытудағы базалық және бейіндік 

білім беру мазмұнының ерекшеліктерін анықтадық (2, 3-кестелер). 

 

2-



кесте – 11-12 сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағыты 

 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  



базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері 

Химия-


биологиялық 

бағдар 


 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English for specific purposes (ағылшын 



тілінде)»,  «Химия  (тереңдетілген)»,  «Биология  (тереңдетілген)», 

«Физикалық  химияға  кіріспе»,  «Биохимия  және  биотехнология 

негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Технологиялық үдерістерді 

моделдеу»  бейіндік  пәндерді  оқыту  арқылы  бағдардың  даму  әлеуеті 

кеңейтіледі; 

 



коэволюциялық,  синергетикалық  парадигмаға  негізделген  химия-

биологиялық  білім  берудің  жаңа  тұжырымдамасының  элементтері 

енгізіледі; 

 



«табиғат-қоғам-адам-техносфера» 

мегажүйесін 

тұрақты 

және 


гармониялық  дамуын  қамтамасыз  етудің  құндылықтары  мен 

мақсаттарына жетуге бағытталады; 

 

планетарлық  ойлауды  және  экологиялық-гуманитарлық  көзқарасты 



қалыптастырады; 

 



әлемді  танып  білудің  жаратылыстану-ғылыми,  гуманитарлық, 

техникалық  және  технологиялық,  ақпараттық  компоненттерін  ауқымды 

кіріктіру негізінде әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастырады. 

Физика-


математикалық 

бағдар 


 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English  for  specific  purposes  (ағылшын 



тілінде)»,  «Математика  (тереңдетілген)»,  «Физика  (тереңдетілген)», 

«Астрофизика», 

«

Компьютерлік 



моделдеу», 

«Графика 

және 

проекциялау»  бейіндік  пәндерді  оқыту  арқылы  бағдардың  даму  әлеуеті 



кеңейтіледі; 

 



білім мазмұнының қолданбалық бағыты кеңейтіліп, тереңдетіледі және 

оқушылардың  логикалық  және  алгоритмдік  ойлауы,  танымдық 

қабілеттері  мен  практикалық  іс-әрекет  дағдыларын  дамытуға 

бағытталады; 

 

оқытудың  негізгі  екі  функциясының  жүзеге  асуы  қамтамасыз  етіледі: 



физика-математикалық білім беру; физика, математика мен ақпараттық-

коммуникациялық технология көмегімен білім беру

 

ақпараттарды  іздеу,  жүйелеу  және  тиімді  пайдалану  дағдылары 



қалыптасып, жобалау, моделдеу, құрастыру дағдылары дамиды

 



оқыту ертерек кәсіптендіруге бағытталады; 

 



өндірістің  инновациялық  технологиялары  мен  қазіргі  заманғы 

ақпараттық-коммуникациялық құралдардың негіздерін меңгереді. 

 

 

31 



 

кесте – 11-12 сыныптардағы қоғамдық-гуманитарлық бағыты 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  



базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері 

Филологиялық 

бағдар  

 



 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «Мәдени  мұра»,  «Кәсіби  қазақ  тілі», 

«Әлемдік  әдебиет»,  «Шешендік  өнер»,  «Журналистикаға  кіріспе»  және 

т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

 

қазақ,  орыс  және  шетел  тілдері  бойынша  коммуникативтік,  тілдік, 



лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктері қалыптасады; 

 



сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу қабілеттері дамиды; 

 



этноаралық  қатысымда  табысты  сөйлесуді  жүзеге  асыру  біліктігі 

қалыптасады; 

 

әдебиеттердің  адамгершілік  және  гуманитарлық  құндылықтарын 



пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастырады; 

 



типологиялық  әдеби  байланстарды  анықтау  арқылы  әртүрлі 

халықтардың  дәстүрлерін  ұлттық  танып  білу  мен  толеранттық  қатынас 

қалыптасады; 

 



оқуға  қызығушылықтарын,  эстетикалық  талғамдарын,  бейнелік 

ойлаулары  дамиды  және  оларды  өздігінен  мәтін  жасауда  қолданып 

шығармашылық қабілетін дамытады. 

Тарихи-


құқықтық 

бағдар 


 

 



базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English  for  specific  purposes  (ағылшын 

тілінде)», «Қазіргі  әлемдегі  Қазақстан»,  «Қазақстандық  заңнама», 

«Дүниежүзі тарихы», «Этика» және т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы 

бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

 

білім  мазмұны  Егеменді  Қазақстанның  жетістіктері  тұрғысынан 



жаңартылған  болады  және  мәденилайықтылық  принцип  пен  ұлттық-

мәдени құндылықтардың кіріктірілуін есепке алып сұрыпталады; 

 

пәндердің тәрбиелік және әлеуметтендіру әлеуеті күшейтіледі; 



 

 



мәдени, саяси және құқықтық білімдердің бастамасын игереді; 

 



дүниеге  көзқарастық,  жалпылама  және  әдіснамалық  сипаттары 

күшейтіледі. 

Әлеуметтік-

экономикалық 

бағдар 



 



базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English for specific  purposes  (ағылшын 

тілінде)», «Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  герграфиясы», 

«

Қолданбалы экономика», «Әлеуметтану», «Кәсіпкерлік негіздері» және 



т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

 



білім  мазмұны  Егеменді  Қазақстанның  жетістіктері  тұрғысынан 

жаңартылған  болып,  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  есепке  алып 

сұрыпталады; 

 



 

әлеуметтік және экономикалық білімдердің бастамасын игереді; 

 

еңбек  және  кәсіпкерлік  негіздерін  ертерек  меңгеріп  кәсіптендіруге 



бағытталады. 

 

12 жылдық мектептегі 11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны 



оқушылардың  мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып 

тиімді  педагогикалық  жағдайлар  жасауды,  оқушыларды  жоғары  оқу 

орындарының  сәйкесінше  мамандықтарында  кәсіби  білім  алуға  қажетті 

дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді. 

 

 

 



32 

 




Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

бағытталған мектептік ғылыми жобалар 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  мектептік 

ғылыми  жобалардың  ролі  зор.  Ғылыми  жобалар  оқушыларды 

шығармашылықпен  жұмыс  жасауға,  өздігінен  ізденуге,  ақпарат  көздерімен 

жұмыс жасай білуге, өзінің жинаған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді. 

Осы  тұрғыда  оқушылардың  ғылыми  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  мен 

міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: 

 



дарынды  жастардың  ғылымға  деген  қызығушылығын  және  ғылыми 

зерттеулер  жүргізу  машығын  қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттерін 

таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін меңгерту;  

 



оқушылардың  еңбекке  шығармашылық  тұрғыдан  қарауын,  өмірлік және 

азаматтық  көзқарастарын  қалыптастыру,  жоғары  адамгершілік  қасиеттері  мен 

рухани мәдениетін дамыту. 

1999  жылдан  бастап  оқушылардың  республикалық  ғылыми  жарыстары 

«Қазақстан-2030  стратегиясында  Қазақстан  дамуының  экономикалық  және 

әлеуметтік модельдері» атты тақырыппен келесі бағыттарда өтіп келеді [25]: 

 

ғылыми-техникалық  прогресс,  экономикалық  өсудің  негізгі  буыны 



(секциялары: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар); 

 



экономикалық  және  әлеуметтік  процесстерді  математикалық  моделдеу 

(секциялары: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика); 

 

таза  табиғи  орта  –  Қазақстан-2030  стратегиясын  іске  асырудың  негізі 



(секциялар:  биология,  химия,  қоршаған  ортаны  және  адам  денсаулығын 

қорғау); 

 

Қазақстанның  тарихи  ескерткіштері  және  болашақ  дамуы  бар  саяхат 



маршруттары  (секциялары:  тарих,  өлкетану,  этномәдениеттану,  әдебиет,  тіл 

білімі). 

Сонымен  қоса  «Дарын»  Республикалық  ғылыми-практикалық  орталығы 

республикалық  мақсатты  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  бойынша  ұсынған 

ғылыми зерттеулердің басым бағыттары  (4-кесте) оқушыларды ғалымдардың 

шұғылданып  жүрген  ғылыми  мәселелерімен  таныстырып,  өзекті  ғылыми 

тақырып  таңдауға  көмектесіп,  ұрпақтар  сабақтастығын  жалғастыруға  септігін 

тигізеді [25]. 

Ғылыми  жобаларды  таңдау  арқылы  оқушылар  өзін  қызықтырған 

практикалық  мазмұнды тақырыптармен жұмыс жасап үйренеді. Кей жағдайда 

пән  мұғалімдерінің  көмегі,  ұсынысы  арқылы  да  ғылыми  жоба  тақырыптарын 

алуға болады.  

Жалпы, ғылыми жобалар сайысына мынадай жұмыстар ұсынылады: 

1)

 



ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және 

жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын; 

2)

 

практикалық  тапсырмаларды  шешуде  жаңалық  енгізетін  аппараттар, 



модельдер  мен  аспаптардың  конструкциясын  ұсынатын,  мектептегі 

эксперименттерді,  өндірістік  үдерістердің  ұтымды  пайдалануын  жетілдіруге 

қатысатын; 

33 


 

3)

 

әлеуметтік-экономикалық 



мәселелерді 

шешуге 


бағытталатын 

экономикалық заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар. 

 

4-

кесте – Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттарының тізбесі 



 

Р-c 

Физика-математика ғылымдары саласында 

Математика, информатика мен басқарудың теориялық мәселелері 



Механика мен машинатанудың теориялық мәселелері 

Космостық денелер физикасы мен олардың жүйесі: өзара әрекеттесуі мен дамуы. 



Конденсияланған, газтәрізді орта физикасы мен материалтану мәселелері. 

Ядро, элементарлық бөлшектер физикасы. Теориялық физика. 



Дистанциялық зондылау мен космостық технологиялар мәселелері. 

 

Химия-технология ғылымдары саласында 

Табиғи  ресурстарды  қайта  өңдеудің  экологиялық  таза  каталитикалық  және 



электрохимиялық процестерін және жаңа энергия көздерін жасау. 

Қазақстанның көміртегісутекті және минералды өнімін кешенді қайта өңдеу. Жаңа 



материалдар мен берілген қасиеті бар заттар. Жаңа химия-аналитикалық жүйелер. 

Жаңа мономерлерді, полимерлер мен синтетикалық және табиғи текті жоғарытиімді 



биологиялық активті заттарды жасау. 

10 


Электрэнергиясы мен жылуды өндірудің энерготиімділігін қөтеру мен экологиялық 

сипаттамасын жақсатртудың ғылыми нагіздері.  Жану процесі жылу өндірудің және 

жаңа материалдар мен заттар алудың негізі. 

 

Биологиялық және медициналық ғылымдар саласында 

11 

Топырақ  ресурстары  және  биологиялық  түрлілікті,  баланысты  қолдану  мен 



сақтаудың мәселелері. 

12 


Организмдерді  қолдану  және  өнімділігінің,  резистенттілігінің  физиологиялық-

генетикалық  негіздері.  Геном  мен  тұқым  қуалаушы  ақпаратты  іске  асырудың 

механизмдері. Нуклеинді қышқылдар мен белоктар. 

13 


Адам  денсаулығы  мәселелері:  профилактиканың,  диагностиканың  және  ауыр 

науқастарды,  ядролық  зардап  шеккендерді  емдеудің  жаңа  әдістері;  аурушаң,  әлсіз 

адамдар үшін дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін жасау. 

 

Жер туралы ғылым саласында 

14 

Геологияның,  минералды  ресурстарды  қайта  өңдеу  мен  кешенді  игерудің  ғылыми 



мәселелері. 

15 


Су ресурстары, гидрогеология мен географияның ғылыми мәселелері. 

16 


Қазақстанның сейсмикалық жағдайы және сейсмоқорғанысы. 

 

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында 

17 

XXI  ғасырдың  гуманистік  құндылықтарының  жаңа  парадигмасында  ұлттық 



мәдениет  пен  ізгіліктің  қайта  өрлеуі.  Білімді  реформалаудың  социологиясы  мен 

әдістемесі, теориясы. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы. 

18 

Өркениетті процесс пен қазіргі кезең контексінде Қазақстанның мемлекеттік, саяси, 



әлеуметтік-мәдени  дамуының  тарихи  тәжірибесі.  Тарих  ғылымының  әлеуметтік-

болжаушы рөлі. 

19 

Егеменді Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құқықтық мемлекеттің 



құрылуы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілері. 

20 


Нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы  тәжірибесі  мен  теориясы  және 

экономикалық, 

ғылыми-технологиялық 

дамудың 


қазақстандық 

моделі: 


экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер. 

21 


Ашық жүйелердің эволюциясы (тәртіпаралық) 

 

34 



 

Сондықтан  оқушылардың  ғылыми  жоба  тақырыптарын  таңдауда 

мыналарды басшылыққа алу керек: 

1)

 

тақырып  оқушыларға  қызықты,  практикалық  мазмұнды,  оларды 



тартатындай болу керек; 

2)

 



тақырып  орындалатын,  шешімі  зерттеуге  қатысушыларға,  өмірдің 

әртүрлі жағдайларында пайдасы тиетіндей болу керек; 

3)

 

оқушылардың  қызығушылығын  ескере  отырып,  жетекші  өзі  жақсы 



білетін тақырып аясын таңдау керек; 

4)

 



тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, 

ерекшелік элементтері, қолданбалық сипатта болу керек; 

5)

 

тақырып жұмысы ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу 



керек; 

6)

 



тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың 

жас ерекшелігіне сәйкес келу керек. 

Енді  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

бағытталған бірнеше ғылыми жоба тақырыптарына тоқталсақ.  

Физика пәнінен «Жердің жасанды серіктерін ұшыру мәселелері және оны 

шешу жолдары», «Жылу машиналарының пайдасы мен зияны», «Дәстүрлі емес 

энергия көздерінің қолданылуы», «Жел күшін пайдаланып тоқ күшін шығару», 

«

Қазақстандағы  экологиялық  проблемалар  және  оны  шешу  жолдары»,  «Су  – 



энергия көзі» және т.б.;  

Математика пәнінен «Қазақстан Республикасының халқының орналасуын 

математикалық модельдеу», «Экономикалық  есептерде туындыны  қолдану»,  

«12-


13  жастағы  балаларға  компьютердің  әсерінің    математикалық  моделі», 

«Автобус  аялдамасын  орнатудың  тиімді  тәсілін  анықтау»,  «Тұрмыстағы 

математика»,  «Математика  және  Технология»,  «Математика  және  әлеуметтік 

ғылымдар»,  «Математика  және  космостық  қашықтықта  зерттеу»,  «Диофант 

теңдеуін  бизнесте  қолдану»,  «Сызғышсыз  өлшеулер»,  «Қазіргі  сәулет 

өнеріндегі киіз құрылысының технологиясы» және т.б. 

Информатика  пәнінен  «Сурет  салу  тәсілімен  Flash  бағдарламасында 

мультфильм  жасау»,  «Электронды  оқулықтың  маңызы»,  «Қазақ  ертегілеріне 

мультфильм жасау», «Адам өміріндегі компьютердің ролі» және т.б.; 

Биология  пәнінен  «Тағам  құрамындағы  қоспалардың  балалар  ағзасына 

әсері»,  «Сүт  өнімдерінің  құндылығы»,  «Қоршаған  ортаны  экологиялық 

дағдарыстан  алып  шығу  тәсілдері»,  «Биологиялық  және  компьютерлік 

вирустардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығы»,  «Экологияның  адам  ағзасына 

әсері. Адам», «Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері» және т.б.; 

Химия  пәнінен  «Химия  өңдіріс  қалдықтарын  жоюдың  жолдарын 

іздестіру», «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы қызметі», «Халықтың  

дәрілік заттарға  қолжетімділігінің түрлі аспектілері» және т.б.;   

Тарих  пәнінен  «Жастар  саясатының  идеологиясының  дамуындағы 

өзгерістер», «Алаш Орда− Сібір үкіметі арасындағы қарым-қатынас», «ҚР сот 

жүйесін  қалыптастырудағы  ұлттық  билер  сотының  тарихи  сабақтастығы», 

«Д.А.Қонаевтың тұлғалық қабілетімен саяси қызметі» және т.б.; 

35 


 

Әдебиет  пәнінен  «Абай  мен  Шәкәрім  шығармаларындағы  үндестік», 

«Қазіргі жастар поэзиясындағы бейнелілік пен көркемдік шешімі», «Абай және 

адам құқығы» және т.б.; 

Қазақ тілі пәнінен «Көптілділікті дамыту: Қазақ тілі мен ағылшын тілінің 

әлеуметтік экономикалық ролі», «Астана  қаласы маңындағы елді мекендердің 

атауы», 


Астана 

қаласының 

менсонимдері», 

«Оралхан 

Бөкей 

шығармаларындағы табиғат сыры» және т.б. 



Жоғарыда  аталған  ғылыми  жобалардың  кейбіреулеріне  қысқаша 

аннотацияларды сынамыз. 

«Адам  өміріндегі  компьютердің  ролі».  Бұл  жобада  оқушылар 

компьютердің  даму  тарихы,  компьютердің  құрылысы,  есептеуіш  техника 

кабинетіндегі  қауіпсіздік  ережелері  тақырыптары  бойынша  алған  білімдерін 

тиянақтап  және  «Адам  өміріндегі  компьютердің  ролі  қандай?»  «Қалайша 

компьютер адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды?» деген сұрақтарға жауап 

іздей  отырып,  оны  жан-жақты  зерттеп,  ой-өрістерін,  білімдерін  тереңдетеді.  

Сонымен  қатар,  өз  беттерінше  ізденіп,  проблемалық  сұрақтарға  талдау  жасай 

білуге  және  жұмыстарын  қорғау  барысында  сөйлеу  мәдениетін  дамытуға 

үйренеді. 

«Экологияның  адам  ағзасына  әсері.  Адам».  Жобада  әр  өңірдің  өндіріс 

көздері  мен  орналасу  жеріне  сай  түрлі  экологиялық  мәселелерді  көтеруге 

болады.  Ауа  мен  судың  адам  ағзасына  тигізетін  зияны  туралы  проблемалар 

тақырыптың өзегі болмақ. 

«Тұрмыстағы  математика».  Негізгі  мақсат  сабақтар  көлеміндегі 

тақырыпты  игерумен  қатар  кең  ауқымды  есептерді  шешуді  зерттеу.  

Тұрмыстағы математика  есептеріне - қазақ халқының өмірі, әдеп-ғұрыпы, салт- 

дәстүрлерінің  ежелгі  көрінісі  арқау  бола  алады.  Зерттелінетін  тақырып    білім 

алуды жалғастыруға, қазақ педагогикасының математикалық біліміне негіз бола 

алады.  Нәтижеге  бағдарланған  қазақтың  математикалық  білім  деңгейін 

айқындауға  жәрдемдеседі,  математикалық  білім  оқушылардың  танымына  жол 

ашады.  

«Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері». Бұл жоба қазақ 

халқының  байырғы  тағамы  –  құрттың  пайдасын  зерттеуге  негіз  бола  алады. 

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, 

кептірілген  сүт  деген  мағынаны  береді.  Бұл  тағам  ақуыздарға  өте  бай,  адам 

денсаулығына  өте  пайдалы.  Жобада  құртты  Қазақстанның  ұлттық  бренді 

ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын жазуға болады. 

Қорыта  келгенде,  оқушылардың  ғылыми  жобалар  жазып  сайыстарға 

қатысуы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда  

негізгі критерилердің бірі болып табылады.  



 

 

 



 

 

 



36 

 


Қорытынды 

 

12  жылдық  мектептің  оқушысы  нарықтық  қатынастар  мен  ақпараттық 

қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім 

негіздерін  тәжірибелік  іс-әрекеттерге  ұштастыра  білетін,  функционалды 

сауатты,  өмірлік  қажетті  дағдылары  мен  кең  спектрлі  құзыреттіліктері 

қалыптасқан,  өзін-өзі  дамытуға,  өздігінен  табысты  өмір  сүруге,  өзіне  және 

қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.  

Құзыреттілік тұрғыда білім беруге негізделген 12 жылдық оқыту моделінің 

білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығының 

қалыптасу нәтижесін анықтайтын негізгі құзіреттіліктер: 

 

оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген 



оқу  және  өмірлік  жағдаяттарда  шығармашылықпен  пайдалануына,  өзін-өзі 

дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді; 

 

оқушының  адамгершілік  және  этикалық  нормаларға  қарсы  келмейтін 



жетістікті  шешім  қабылдау  үшін  танымдық  және  практикалық  біліктері  мен 

дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы 

қабілеттер болып табылады; 

 



адамның  адамгершілік  құндылықтары  мен  ынталарын  қалыптастыруға, 

сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы  шарт 

болады. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша 

білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығының жүзеге асуы нәтижесінде: 

– 

оқушылар әрбір тақырыптардағы, бүкіл тараудағы білімнің күре тамыры 



сияқты  игерілетін  функционалдық  сауаттылықтың  элементтері  арқылы  білім 

мазмұнындағы өзара байланыстарды түсінуіне мүмкіндік туады; 

– 

оқушылар теориялық материалдың зертханалық, практикалық сабақтарда 



орындалған  жұмыстарын,  шешкен  есептерін  нәтижелерімен  байланыстырып, 

функционалдық сабақтастықпен тез әрі терең түсіне алады; 

– 

біртіндеп  жоғарылайтын  сыныптар  арасындағы  оқушылардың  игерген 



функционалдық  сауаттылықтарының  көмегімен  бірнеше  ғылыми  салаларды 

қамтитын пәндер (тіл және әдебиет, математика және информатика, адам және 

қоғам,  жаратылыстану  салаларының)  мен  пәндер  арасындағы  үндестікті 

анықтауға қол жеткізеді; 

– 

өз  еліміздің дамып,  өсіп,  өркендеп,  жаңарып,  жасарып келе  жатқан  ұлы 



бетбұрыс  кезеңінде  мәдениет,  әдебиет,  экономиканың,  өндіріс  пен  өнеркәсіп 

салаларының мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырады. 

Қортындылай  келе,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруға  бағытталған  білім  мазмұнын  игерген  оқушылардың  білімдері 

мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен 

жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, 

өзінің  болжамдарын  ұсыну  және  зерттеулер  жүргізу,  өзінің  ойын  негіздей 

білуді;  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында, 

сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік 

міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. 

37 

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

1.



 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012. 

2.

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-



2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  /Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. 

3.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 



арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  /Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. 

4.

 

БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9. 



5.

 

Жұмағұлов Б.Т. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің дамуы //12 



жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №10. – Б.7-10. 

6.

 



Дуйсебек  А.Т.  Современные  векторы  трансформации  методологии  и 

содержания  образования  //12  жылдық  білім  беру  =  12-летнее  образование.  – 

2011. – 

№5. – С.50-53. 

7.

 

Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. 



– 

Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003. – 164 с. 

8.

 

Дүйсебек  Ә.Т.  Құндылық  өзгерістері  жағдайында  білім  мен  тәрбие 



мазмұнын  жетілдірудің  әдіснамалық  негіздері  //Республикалық  ғылыми-

практикалық  конференция  жинағы.  –  Арқалық:  Арқалық  мемлекеттік 

педагогикалық институты, 2012. – Б.24-28. 

9.

 



Нұрахметов  Н.Н.  Нәтижелі  білім  беру  үшін  функционалдық 

сауаттылықтар  жүйесін  қалыптастыру  мәселесі  //Қазақстан  Республикасы 

химия және биология мұғалімдерінің съезінің материалдары. – Өскемен: 2012 

(28-


29 маусым). – Б.21-23. 

10.


 

Компетенции  в  образовании:  опыт  проектирования:  сб.  науч.  тр.  /  Под 

ред. А.В. Хуторского. – М.: Научно-внедренческое предприятие «ИНЭК», 2007. 

– 

327 с. 



11.

 

Бұзаубақова  К.Ж.  Құзыреттілік  тұрғыдан  білім  берудегі  білім 



сапасының  мәні  //«Шаяхметов  оқулары»  атты  Республикалық  ғылыми-

практикалық конференция материалдары. – Павлодар, 2009. – Б.237-243. 

12.

 

Култуманова А.Ж. Международное исследование РІSА: функциональная 



грамотность  школьников  //«Оқу  әдебиеттерін  әзірлеу,  сараптама,  апробация, 

мониторинг  жүргізу  және  басып  шығару  жүйесін  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз  етуді  жаңғырту»  атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференцияның материалдары. – Астана, 2013 (30 қазан). – Б.31-33. 

13.

 

Дуйсебек  А.Т.  Совершенствование  естественнонаучного  образования  в 



контексте  современных  требований  //«Білім-Образование»  спецвыпуск  для  I 

съезда  учителей  химии  и  биологии  РК  «Школьное  естественнонаучное 

образование:  общество,  наука  и  технология  XXI  века».  –  Усть-Каменогорск, 

июнь 2012 г. – С.14-16. 

14.

 

Дуйсебек А.Т., Туяков Е.А. Модернизация казахстанского образования в 



контексте  общечеловеческих,  национальных  и  личностных  приоритетов 

38 


 

//Материалы 

международной 

научно-практической 

конференции 

«Образование:  Традиции  и  инновации».  –  Прага,  Чешская  республика 

(27.12.2012г.). – С.347-351. 

15.

 

Бұшымбаева  Қ.Т.  12  жылдық  білім  беру  жүйесінде  жаңа  түйінді 



құзыреттіліктерді пайдалану// Қазақ тілі Қазақстан мектебінде=Казахский язык 

в Казахстанской школе. – 2011. – № 4. – 34-38 б. 

16.

 

Андриенко  Е.В.,  Пономарева  Е.С.  Формирование  коммуникативной 



компетентности  учащихся  в процессе профильного образования // Педагогика 

жэне психология = Педагогика и психология (КазНПУ им.Абая). – 2010. – №1. 

– 

С.28-32. 



17.

 

Афанасьева  С.И.  Формирование  информационной  компетентности 



учащихся  в  профильных  классах  //Наука  и  образование:  история, 

современность, перспективы развития: Сб. докл. междунар. науч.-практ. конф. 

(15-16 

окт. 2010 г.). – Усть-Каменогорск, 2010. – Ч.З. – С.123-128. 



18.

 

Результаты международного исследования оценки учебных достижений 



учащихся  4-х  и  8-х  классов  общеобразовательных  школ  Казахстана. 

Национальный отчет. – Астана: НЦОСО, 2013. – 237 с. 

19.

 

Смағұлова Г.Қ. және т.б. Шетелдік тәжірибедегі 12 жылдық білім беру 



//Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. – Алматы, 2012. – 9 б. 

20.


 

Карибаева  А.А.  12-летнее  образование  в  странах  с  переходной 

экономикой//  Абай  атындагы  ҚазҰПУ-дың  Хабаршысы.  Әлем  халықтары 

тілдері сериясы. = Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. – 2006. 

– 

№1(8). – С.87-89. 



21.

 

Муканова С.Д. Концептуальные основы развития профильного обучения 



в Республике Казахстан //Білім беру мекемесі басшыларыныц аныктамалығы = 

Справочник руководителя образовательного учреждения. – 2011. – № 8. – С.74-

84. 

22.


 

Дуйсебек А.Т. Векторы обновления содержания образования в контексте 

современных  мировоззренческих  трансформации  //

 

Сб.материалов  III 



Международной  научно-практической  конференции  «Теория  и  практика 

современного образования». – Санкт Петербург, 20-21 ноября 2012 г. – С.28-34. 

23.

 

Дуйсебек  А.Т.  Современные  аспекты  обновления  содержания 



школьного  образования  //Сб.материалов  Международной  заочной  научно-

практической  конференции  «Педагогические  и  психологические  науки: 

актуальные вопросы». – Новосибирск, 31 октября 2012 г. – С. 36-38. 

24.


 

Иванова  Н.  Теоретико-методологические  основы  содержания 

образования в 12-летней школе //12 летнее образование. –2005. – №7. – С.3-15. 

25.


 

Оқушылардың  ғылыми  қоғамдарын  ұйымдастыру  мен  республикалық 

ғылыми  жарыстарын  өткізуге  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.  –  Астана: 

«Дарын», 2009. – 45 б. 

39 

 


Мазмұны 

 

Кіріспе......................................................................................................................   3 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу 

пәндерінің мазмұндық-әдістемелік бағыттары............................................... 

 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының 

сабақтастығы...................................................................................................... 

 

 

16 



3  11-12-

сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастыруда базалық және бейіндік білім беру мазмұнының 

кіріктірілуі мен сабақтастығы........................................................................... 

 

 

28 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға 

бағытталған мектептік ғылыми жобалар......................................................... 

 

33 



Қорытынды...............................................................................................................  37 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................  38 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



40 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда  

12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы 

 

Әдістемелік құрал 

 

 

Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат. 

 

41 



 

Document Outline

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет