Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


Жаңа сабақ Мағынаны тану



бет162/172
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#126753
түріСабақ
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172
Жаңа сабақ

Мағынаны тану.

Ғарыш сәулелерінің пайда болуы - жұмбақ. Жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін, ядролардың бірігуі кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравтитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1 см шардың, ал Күн радиусы 3 км шардың аумағына сыйып кетер еді. Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды. Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондар мен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды. Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.


Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп миллиардтаған градусқа көтеріледі. Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10 млрд жыл бойы шығаратын энергиясынан 100 еседей артық болады. Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізгі Күн жарығанан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осындай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастырамыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.
Күн – орташа жұлдыз. Ал Күннен массасы ондаған, жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса, онда олар «қара құрдымға» айналады. Гравитациялық радиус аумағында зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады.
Әлемнің бір нүктеге қарай жиырылуынан шексіз өскен энергия қара құрдымда жарылыс жасайды да, Әлем қайта кеңейіп жаңадан құрыла бастайды. Қазіргі Әлемнің кеңеюі мен дамуы Үлкен жарылыс деп аталатын нүктелік қопарылыстан басталған.
Топтық жұмы Сұрақ- жауп
1. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туарлы қандай болжам айтуға болады?
2. Пульсар деп қандай жұлдызды айтады?
3. Заттың сингулярлық күйінің ерекшелігі не?
4. Қара құрдымдар қалай пайда болады?
5. Үлкен жарылыс дегеніміз не?
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді,тапсырмалар ды
орындайды.Жұлдыздардың артындағы сұрақтарға жауап береді.
1.Ғарыштық денелерді ата? Күн,жер,ай
2.Аспанда қанша жұлдыз бар? 3 млн жуық.
3.Жұлдыздарды немн бақылайды? телескоппен
4.Неше планета бар? 9
5.Қай планетаны алып тастаған?Плутон
6.Неліктен?Оның көлемі жұлдызға ұқсайды.
7.Тақия толы сөк ерте тұрсам жоқ. Бұл не? Жұлдыз
8.Жетіқарақшының неше түрі бар? 2
9.Жетіқарақшыға қарап нені анықтауға болады?Солтүстік бағытты
анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет