Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(4 минут) Жылдамдық дегеніміз не?
Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Бұрыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі(3 минут)
Кинематика тарауындағы формулаларды еске түсіру
ІҮ. Топтық жұмыс (20 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау.
1. Хоккейші шайбаға 2 м/с жылдамдық бере отырып, жайлап клюшкамен соқты. Егер шайба мұзға үйкеліс нәтижесінде 0,25 м/с2 үдеумен қозғалса, соққыдан кейін 4 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?
2. Велосипедші төбешіктен 5 секунд ішінде 0,5 м/с2 үдеумен қозғала отырып түсті. Егер велосипедшінің бастапқы түсу жылдамдығы 18 км/сағ-қа тең болса, төбешіктің ұзындығын анықтаңдар.
3. Биіктігі 80 см столдан еденге қарындаш құлап түсті. Қарындаштың құлау уақытын табыңдар. (g≈10 м/с2).
4. Автомобиль түзусызықты қозғалып келеді. Автомобильдің жылдамдық векторының проекциясының уақытқа тәуелділік теңдеуі: υх=10+0,5t. Автомобильдің бастапқы жылдамдығының модулі мен бағытын және үдеуін анықтаңдар. Жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
5. Велосипедші тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Қанша уақыттан кейін велосипедшінің жылдамдығы 2 м/с-қа тең болады?
6. Жердің өз осін айналу периоды 24 сағат. Жер бетіндегі нүктелердің айналуының бұрыштық жылдамдығы мен сызықтық жылдамдығын табыңдар. Жер радиусын 6400 км деп есептеңдер.
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»(13 минут)
1
Білу
Кинематика тарауы нені қарастырады?
2
Түсіну
Кинематика тарауы формуласын жаз?
3
Қолдану
Тарау бойынша бір құбылысқа мысал келтір?
4
Талдау
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалысты салыстыр?
5
Жинақтау
Үдеу және үдеу түрлеріне мысал келтір?
6
Бағалау
Жалпы кинематика тарауының физика ғылымы үшін маңыздылығы қаншама?