Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Дене импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі деген не?
Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі(3 минут)
Зымыран қалай қозғалады?
Реактивті қозғалыс деген не?
Оған мысалдар келтіріңдер.
Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады
Оқушылар слайд суреттерін тамашалайды және өздері мысал келтіреді;
Трапецияға анықтама құрастырады.
Жаңас сабақ
Мағананы тану
Тәжірибелер әлемі
1 топ Шардың ұшуы
2 топ Сұйықтың ағуы
3 топ Ыдыстың қозғалысы Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Адамзат ерте заманнан – ақ аспанға ұшуды армандаған. Соның нәтижесінде ұшатын кілемдер мен жалмауыз кемпірдің ұшатын сыпырғышын ойлап тапқан. Кейін келе ұшатын техникалар пайда болды. Енді адамзаттың алдында ғарыш кеңістігін меңгеру міндеті тұрды. Ол үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәріде қазіргі кезде жүзеге асты.
(Осы арада интерактивті тақтада Циолковскийдің портреті көрсетіледі).
Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден басталады десек болады. Цилоковскийдің идеялары оның 1903 жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынды. Ойы мен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты. Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды.
Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957ж. ұшырылған болатын. 1961 жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді. Адамзаттың ғарышқа шығуы басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.
(осы арада интерактивті тақтада екі қазақ ғарышкерлерінің портреттері көрсетіледі және Марфуға Айтқожақызының «Қос ғарышкер( атты өлеңін 9 «Б» сынып оқушысы Есіркеп Лаура оқиды)
Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем!
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік ғарыш керек,
Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!
Қос ғарышкер! Қос батыр, Қос жұлдызым,
Мерейлі етіп тұрсыңдар достың жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.
Енді сабағымыздың басынан бері айтылып жатқан мәелелерді қолымызбен жасап, көзімізбен көрейік.
(Осы арада интерактивті тақтада зымыран макеті көрсетіліп, мұғалім зымыран, көп сатылы зымыран туралы түсінік береді.) Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жауы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сапл деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейін) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mU1 импульс алады деп есептейік, мұндағы U1-атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған оттың массасы.
Газбен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импулсі бағытына қарама-қарсы бағытталған
(М-m) U2 импульс алады, мұндағы U2-зымыран қабығының жылдамдығы. Онда mU1=-(M-m) U2 болады. Ал бұдан U2=-m/(-m)U1
Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама-қарсы бағытталған жылдамдық алады. Қазіргі заманғы зымырандар көп сатылы болып жасалады. Оның әр сатысының отын қоры тотықтырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Әрбір саты отыны жанып болғаннан кейін бөлініп қалады. Бұлай болуы кейінгі сатылардағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі арттыруға себептеседі. Ал егерде зымыран Жерге қайтып оралу керек болса, үшінші саты ашыларда зымыран 1800-қа бұрылады.
Практикалық жұмыс.
/ 5мин /
Импульстің сақталу заңын қалай тұжырымдауға болады?
А) дене импульсі В) дене импульсінің қосындысы күш импульсіне тең
С) импульстерінің қосындысы нөлге тең Д) күш импульсі
Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?
А) a=F/m B)F*t C) p=m*V Д) mV2/2
Массасы 5 кг дене 7м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Дене импульсі неге тең?
А) 30кг*м/с В) 2 кг*м/с с) 35 кг*м/с д)18 кг *м/с
Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс?
А) сақталу заңдары
В) жасанды серіктердің қозғалысы
С) реактивті қозғалыс
Д) денелердің ауырлық күші әрекеттерінен қозғалу
Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?
А) реактивті қозғалыс кезінде
В) денеге бірнеше күш әсер еткенде
С) тұйық жүйелерде
Д) механикалық энергияның сақталу заңы
Күш импульсінің өрнегін көрсетіңіз.
А) F* t B) F*V C) F*S Д)F/m
Қандай физикалық шамалар «Н*с» өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) күш импульсі В) күш моменті
С) дене импульсі Д) күш
Импульсі 360кгм/с тең, 6м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан адамның массасы қандай?
А) 18 кг В) 10 кг С) 60кг Д) 120кг
Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10кДж тең?
А) 0,5м В) 10м С) 3 м Д) 5м
Ньютонның екінші заңының импульстік түріне қай өрнек сәйкес келеді?