Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.
металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.
Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?
Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.
2. Мағыныны тану. Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.
І топ тапсырмасы
Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?
Энергия – қандай ұғым?
Механикалық күй дегеніміз не?
ІІ топ тапсырмасы
Механикалық энергия дегеніміз не?
Механикалық энергияның қандай түрлері бар?
ІІІ топ тапсырмасы
Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?
Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?
Топты құрастыру Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі, дайындығы.
Әлеуметтендіру (социология) кезеңі.
Оқушылардың алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.
әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастыру.
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны 2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.