1911 ж. Резефорд атомның планетарлық маоделін ұсынды: атом оң зарядталған ядродан жне оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады.
Ядро төңірегіндегі электрондарды орбиталдық электрондар деп атайды, ал олардың жиынын электрондық қабықша деп атайды.
Ядро диаметрі: 10-12-10-13 см, атом диаметрі 10-8 см.
Z –элементтің реттік саны;
е – элементар заряд.
Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшектер протондар деп аталады.
Әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа тең.
Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделлеев кестесіндегі реттік санына тең.1932 ж. Д.Чэдвик нейтронды ашты.
Протондар мен нейтрондарды нуклондар деп атайды. Тұтас ядроны нуклид деп атайды.
Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын массалық сан деп атайды. А-массалық сан.
Бір-бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.
Топтық жұмыс (5 минут)
Атом дегеніміз не?
Атомның ашылуы жайлы не білесіңдер?
Резерфорд тәжірбиесін түсіндір?
Темір мен мыс атомының құрамын салыстыр?
Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген
Атом құрамын білу біз үшін маңызы қаншама