Байланысты: Бауыржан Момышұлы - батыр тұлға тәрбие сағаты Кундызбек робототехника
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз Бауыржан Момышұлын жан –жақты таныдық. Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Жүргізуші:
1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.
- Міне, батырдың өзі жазғандай , Бауыржан атамыз биыл 114 жасқа келді. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!