Сабақтың барысы: Мұғалім: Кіріспе сөз



бет2/7
Дата10.05.2023
өлшемі37,05 Kb.
#91645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауыржан Момышұлы - батыр тұлға тәрбие сағаты Кундызбек робототехника

2-оқушы
Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген. Ал, анасы Рәзия - қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалған, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді. Сөйте тұра, кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт – дәстүрімізге жетік, ибалы, иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі, әрі дәл бейнелеген.


Жүргізуші:

  • Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Кезекті әсекери міндетін өтеуге шақырылып , «запастағы командир» атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.

 3- оқушы:  

  • 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды.

Панфиловтан бата алып,


Артыма ерді мың солдат
Тағдырын маған тапсырып,
Ел ұлдары мың солдат.
Белуардан қан кешіп,
Жүзден аса соғыста
Бал орнына у ішіп,
Қан майданда қан кешіп,
Намыс туын көтердік.
Қимылдады мың батыр,
Мыңға татып бір батыр.
Атамекен жері үшін,
Қасиетті ел үшін,
Болмай қалар кім батыр.


4-оқушы: 

  • Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы иның басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

Соғыста бір –ақ заң бар мен білетін,


Я өліп, я болмаса өлтіретін.
Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,
Жандандыратын болмаса, сөндіретін.
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.
Жас қаның туған жерде бос қақпасын,
Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет