Сабақтың барысы: Мұғалім: Кіріспе сөз



бет4/7
Дата10.05.2023
өлшемі37,05 Kb.
#91645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Көрініс:
Автор: Бауыржан атамыз үш жасында шешесінен қалған. Содан кейін әжесінің қолында өседі. Үйдің үлкені Музей апаның (Үрбиян) да қамқорлығын көп көреді. Үрбиян апаның «Музей апай» аталуы да қызық. Елде жоқ есімді Бақытжан қойған екен. Бала Бақытжанды анасы музейге ертіп барыпты. (Анасы баласын сыныптан ертіп шығып кетеді) Сонда басына кимешек киген келіншектің суретіне қызығып қарап қалады. Қатты әсер еткен болу керек. Үйге келсе дәл сондай әйел үйде отырады. (Анасы баласын ертіп сыныпқа кіреді) Мұны көрген Бақытжан: «Бұл музейдегі апа үйге қалай келіп қалды?» – деп таңғалып, содан бері Музей апа аталып кеткен екен.


5-оқушы:
Ел аузында аңыз болған есімі
Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді
Ерге лайық мінегі оның найзағай,
Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.
Қалт еткенде естеліктер қалдырып,
Қоршау бұзған жауды естен тандырып,
Ер Бауыржан ата есімі рух берген,
Жүректерде жігер отын жандырып.
Қызу қанды командир ол намысты,
Жауға қарсы жан аямай алысты.
Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың
Батыр ата Бауыржандай арысты


6- оқушы: 

  • Кеңес әскерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамамен аман-есен дивизиясына қосылды



Ән: «Қазақстан бақытты»


7-оқушы: 

  • Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктері үшін қазақстандық 500- ден астам жауынгер Кеңес Одағы Батыр атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ оған соғыс біткеннен кейін жарты ғасыр уақыт өткенде барып берілген болатын. Ол 1990 жылдың 11 - желтоқсаны еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет