Сабақтың барысы: Мұғалім: Кіріспе сөз



бет3/7
Дата10.05.2023
өлшемі37,05 Kb.
#91645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауыржан Момышұлы - батыр тұлға тәрбие сағаты Кундызбек робототехника

Жүргізуші:

  • Момышұлы өмірбаянының ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алды. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Карпов басқарған 1073 - полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қомылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді.Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып,майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе.

  • Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі (Аяулым)

Найзадан қол босаса, қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді
Жалтақтамай, именбей, ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпакка арнап істеген адал еңбек
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым,
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
Жүргізуші:
Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталармен байланысты үзіліп, жауынгерлердің қай жерде,қандай халде екенін білу қиынға соқты.
Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі - Бауыржан басқарған бірінші батолон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін 15 адамнан құралған барлаушы қойып взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірнің ізімен бірін жүргізе жүргізуді ұйғарды.Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырады. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуы бойынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Василевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп, «Жарайсың сұңқарым» деп арқасынан қақты.
Алдияр: Құрметті оқушылар, мен сіздерге Б.Момышұлының немересіне жасырған жұмбағын жасырайын
Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызық тақ,
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұкыршак,
Шұқыршақта бал қаймак,
Бал қаймақта сұр жайдақ,
Сұр жайдақта сері бойдақ.
(Күл, от, мосы, қазан, тамақ, қақпақ, ожау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет