Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Баукең мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың,
ар-ожданның иесі болғандықтан осыншама жылдар бойы жүрегін сыздатқан. Баукеңнің соғыс, отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары, қанатты сөздері шырқырап шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ , сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.
Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның «Біздің отбасы», «Артымызда Москва» , «Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
2-оқушы: - Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал- мәтел нақыл сөздерге назар салсақ