Сабақтың барысы: Мұғалім: Кіріспе сөз



бет6/7
Дата10.05.2023
өлшемі37,05 Kb.
#91645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Жүргізуші:

  • Бауыржан Момышұлы жайында өлең, дастандар да, естелік мақалалар да,кітаптар да көп. Олар Александр Бектің «Арпалыс», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» , келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» , ұлы Бақытжан Момышұлының «Жанымның жарық жұлдызы» және тағы басқа шығармалар.

  • Келіні Зейнеп Ахметованың әңгімесін бейнекөріністен тамашаласақ.



Жүргізуші:
Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері көп. Атап өтсек:

  • Құралайды көзге атқан мерген.

  • Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

  • Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен, атбегілігімен аты шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп. Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен. Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің «Батька» , «Ақсақал» дегендей қошеметтеріне ие болған.

  • Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да — бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс — тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

  • Кітабы әлемге таралған жазушы..

  • Бильярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты билярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.

  • Сөзге шешен және тапқыр.

  • Бауыржан Момышұлы суретті керемет салған екен. Кәдімгі кәсіби суретшілерден бір мысқал да кем емес. Мысалы, басылым беттерінде жиі пайдаланылатын қолмен салынған суретін Бауыржан атамыз өз қолымен салыпты. Немересі Ержан қолына қағаз алып келіп: «Ата, сурет салып бер» дейді бірде. Бала қыңқылдап қоймағасын, Ержан екеуінің суретін салып береді. Сонда Ержан былай алып шығып, суреттегі өзінің бас жағына бес, атасының бас жағына екі деген баға қойып қойыпты. Мұны келіні Зейнеп апа бір сұхбатында айтып берген екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет