Сабақтың басталғанына бақандай екі апта. Алайда, балалардың бəрі бірдей мектепке барып жүр ме? Сабаққа əлі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.01.2017
өлшемі29,12 Mb.
#3126
түріСабақ
1   2   3   4   5

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

Сырсандық

Өнерпаздар 

отбасы

Тамылжыта шырқатып,

Əн салғанда анамыз,

Құйылғандай нұр-бақыт,

Желпініп бір қаламыз.

Буырқантып, бұрқанта,

Күй төккенде көкеміз,

Жүректерді бұлқынта,

Көкке самғап кетеміз.

Шаршы топта алқалы,

Жүлделерді сан алған, 

Қарындасым бар тағы

Шебер биші саналған.

Өнердегі жұлдызы –

Домбыра мен жетіген,

Қазағымның ұл-қызы,

Өнерпаз  ғой шетінен.

Орашолақ

Қияр тұсын саралап,

Отыр еді қарап-ақ.

Сарт еткізіп қайшымен,

Алды қолын жаралап.

    


Тігемін деп жарғақты,

Пысықсынған ол қатты.

Жылап отыр, инемен,

Түйреп алып бармақты.

Іс қыларда, тегінде,

Олақтыққа берілме.

Абай болғын əрқашан

Ине, қайшы, желімге. 

 

Жаратылыс 

жұмбағы

Қоян – жүйрік қашады,

Қырдан бір-ақ асады.

Асықпайтын Тасбақа,

Балпаң-балпаң басады.

Назарыңды сап қара,

Түнің мынау қап-қара.

Жалғасумен жарыққа,

Таң атады шаттана.

Жылжып жылдар, апталар,

Керуен көші аттанар.

Жұмбағымен өмірдің,

Тепе-теңдік сақталар.

ҚҰÉÛËҒÀÍÄÀÉ ÍҰÐ-ÁÀҚÛÒ, 

ÆÅËÏІÍІÏ ÁІÐ ҚÀËÀÌÛÇ...

Жаңбырлы 

күн

Жаңбыр жауар себелеп,

Гүлдер қағар дегелек.

Тысыр-тысыр дамылсыз,

Тамшы, саған не керек?..

Тамбай тысыр-тысыр,

Бұлтты ары ысыр.

Қыңсылайды күшігім,

Мияулайды мысығым,

Батпақты күн ойынның

Қандыра алмай құшырын.

Аф-аф, мияу-мияу!

Күн ашылмай тұр-ау!     

Қыр төсінде

Сыбдыр-сыбдыр 

                            тал-қайың,

Бұлақ – сылдыр əрдайым.

Далабезер    

Есі-дертің ойында,

Сабақ болмас ойыңда.

Далабезер достым-ау,

Өз мініңді мойында.

Содан алып екілік,

Отырасың өкініп.

Қашан адам боласың,

Ақыл-ойың жетіліп?!.

Бөспе

Əй, Есенбек, Есенбек,

Күлкі болдың бөсем деп.

Кішілердің алдында,

Кетесің-ау көсем боп.

ÌÀÇÀҚÒÀÌÀËÀÐ

ÌÀÇÀҚÒÀÌÀËÀÐ

«Ұмытшақтық»

Қанат кетті Жанатқа,

Жанат жетті Саматқа.

Ойын отын көсеумен,

Ұмытылды сабақ та.

Ұрыншақ

Кемшілік көп 

Сырымда:

Бестігі жоқ ырымға.

Қыздар  десе, 

                        қырғидай

Өш келеді бұрымға.

Арасанбай 

ЕСТЕНОВ

Суретті салған Е.Лысенко 

Сәби 

қиял

Сұлулығы керемет,

Келіп қонды дегелек.

Ұшып кетті-ау 

                          бөгелмей,

Жақындайық  деген ек.

Кірсең тоғай ішіне,

Құлақ тұнар əн дайын.

Дегендейін «қырға жүр»,

Шақырады қырғауыл.

Əупілдейді əупілдек

Күткендей-ақ бір дауыл.

Шидің түбін жықпыл ғып,

Бытпылдықтар 

                         бытпылдық.

Үйге жетсек, тауық жүр:

«Құт келді, – деп, –

                       құт-құт-құт!»

Көйлек киген керемет,

Келіп қонды көбелек.

Ұшып кетті-ау бөгелмей,

Жақындайық деген ек.

Ойламастан жаңсақ ой,

Қасымызға қонса ғой.

Тым болмаса бірге ұшар,

Қанатымыз болса ғой!



«Қисық» 

доп

Бағыт, бағдар алмаса,

Тыным таппас теңбіл доп,

Өз дегенің болмаса,

Білем, бізге көнгің жоқ.

Қыңыр, қисық жандайын,

Сиқың бар-ау жауыққан.

Мен тепкенде əрдайым,

Табыласың ауттан.

Бұлттар

Ақпын, сұрмын, қарамын,

Еркесімін даланың.

Жел тиіссе, жасымды,

Төгіп-төгіп аламын.

Ақпын, бозғылт, қарамын,

Қазбауырмын, аламын.

Шөліркеген бауларды,

Суарып бір аламын.

Ақпын, сұрмын, қарамын,

Көктей аспан алабын.

Диқандарға септесіп,

Жайқалтамын танабын. 

Жеті 

нота

(музыкалық санамақ)

До дегенім – домбыра,

Құлақ күйін оң бұра.

Ре дегенім – рең ғой,

Əсемдікті білем ғой.

Ми дегенім – сана ғой,

Ақылы мол бала ғой.

Фа дегенім – Фараби,

Білім жиған дара би.

Соль дегенім – сөл емес,

Оны білмеу жөн емес.

Ля – «Лəйлімдей» 

                               өлеңнің,

Қайырмасын өрер мың.

Си дегенде – Сиқым бар,

Өнерпаз ұл күй тыңдар.



№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

8

Өздерің жазған хаттардан

Мен биыл мектеп оқу-

шылары арасында өткен ІІІ 

Республикалық  «Тайжарыс» 

радиобайқауына қатыстым. Əн 

салу номинациясы бойынша ІІІ  

орынға ие болып, дипломмен 

марапатталдым. Байқауды 

«Шалқар» радиосы «Атадан 

қалған мұра»  қорының қол-

дауымен ұйымдастырды. Ал 

мектебіміздің  мақтанышына 

айналған Ғалымжан Ерназаров 

мəнерлеп  оқудан үздік өнер 

көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Ол 

– 9-сынып оқушысы. 

Бұл жетістігім үшін 

қуанышымда шек жоқ. 

Көңілім бір көтеріліп қалды. 

Байқау Көкшетау өңіріндегі 

«Балдəуренде» өтті. Бурабайдың 

сұлу табиғатына, тұп-тұнық 

көлдеріне тамсанып қайттым. 

Абылай  хан  алаңын, əйгілі 

Оқжетпес пен Жұмбақтасты өз  

көзіммен  көріп,  ұмытылмас  

əсер  алдым. «Балдəуренде»  

өткен үш күн ішінде жан-

жақтан келген балалармен  

танысып,  достасып үлгердік. 

Оқу-сауықтыру орталы-

ғы маған  қатты ұнады. 

Мұндағы тəрбиешілер де  өте 

мəдениетті,  сыпайы  екен. 

Сенің замандасың

ÁÓÐÀÁÀÉҒÀ 

ÁÓÐÀÁÀÉҒÀ 

ÁÀÉҚÀÓҒÀ ÁÀÐҒÀÍÄÀ

ÁÀÉҚÀÓҒÀ ÁÀÐҒÀÍÄÀ

Бізді жылы қабақпен, құшақ 

жая қарсы алды. Балалар  бір-

біріне  бауыр  басып қалғаны 

сондай,  кетерде қимастықпен  

қоштастық. Осындай керемет 

əсерлерге бөлеген байқау 

ұйымдастырушыларына 

алғысым шексіз. 

Мен əлі көптеген əн байқау-

ларына  қатысып, мектебімнің, 

туған ауылымның  атын  шы-

ғарсам  деймін. Елімнің 

сүйікті əншісі болғым келеді. 



Ақтоты БАЯНАС, 

Нұрлы көш  орта  

мектебінің

8-сынып  оқушысы. 

Көктау  ауылы,

Хромтау  ауданы,

Ақтөбе  облысы

Жазушы Сəбит Мұқанов тіл туралы: 



– Əкемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма 

Бар асылын халықтың

Құйған сана ойыма,

Туған тілім өркенде,

Бола бер күшті, көркем де! – деп жазған. Демек, əр адам өз 

ана тілін көзінің қарашығындай қорғап жүруі тиіс. Өкінішке 

қарай, кей қатарластарымыз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. 

Қатарластарымның көшеде бейəдеп сөйлегенін құлағым шалса, 

көңілім түседі.  Ана тілі ар өлшемі емес пе?! Барша қазақтың 

баласы өзара ана тілімізде тілдесіп, ойымызды көркем жеткізе 

білсек қой?! 

Жазира ƏЛІБЕКОВА,

№9 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы.

Сағыз селосы,

Қызылқоға ауданы,

Атырау облысы

ÊӨÐÊÅÌ 


ÑӨÉËÅÉ 

ÊӨÐÊÅÌ ÑӨÉËÅÉ 

ÁІËÅÉІÊØ

І, 


ÁІËÅÉІÊØІ, 

ҚҰÐÁÛËÀ


Ð!

ҚҰÐÁÛËÀÐ!



Ана тілің – арың бұл

Міне, 11-сыныпқа да 

аяқ бастық. Биыл – мектеп 

қабырғасындағы соңғы жылым. 

Он жылдың қалай өте шыққанын 

байқамай да қалыппыз. 

Мектепке алғаш келген сəтім 

əлі күнге есімде... Алғашқы 

ұстаз. Алғашқы сабақ. Əліппе. 

Сыныптастарымның бəрі де 

бүлдіршін еді. Алғаш көргенде 

жат көрінген сол ұл-қыздардың 

барлығына енді əбден бауыр 

басып қалыппын. Бүгінде бір 

үйдің баласындаймыз. Достан да 

Жас түлек – 2015 

Мектептегі 

соңғы жылым

артық бауырларымдай сезі-леді. 

Алғаш көргенде жат адамға 

балап, үрке қараған ұстазым 

қазір анамдай болып кетті. 

Есейдік, мектеппен де қоштасар 

күн таяу. Бойымды қазірден-ақ 

қимастық сезімі кернейді... 

Құрбыларымның көбі мек-

тептен тезірек кеткісі келеді. 

Кейін бірге есейген достарын 

еске алса, сағыныштан көзде-

ріне жас үйіріледі-ау. 

Құрметті 11-сынып оқушы-

лары, біз бір жылдан соң мек-

тепті де тəмамдаймыз. Осы бір 

жылды естен кетпестей қылып 

өткізуге тырысайық. Бізді ҰБТ 

атты шешуші сынақ күтіп тұр. 

ҰБТ-да бəріңе сəттілік тілеймін. 

11-сыныпта ойын-сауыққа көп 

мойын бұра бермей, сабаққа 

ден қойыңдар, болашағымыз өз 

қолымызда!  



Сəнім ҮМБЕТИЯРОВА, 

10-сынып оқушысы.

Долинный ауылы,

Теректі ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

Хаттарға шолу жасаған Қарлығаш ДОСАНОВА

Мен үшін биылғы жазда ұмытылмас бір күн бар.

Ол – сүйікті «Ұланым» мен «Ақ желкенімнің» редакциясына, 

яғни «Жас өркен» ұжымына барған күнім. Алматыға  келген

бетте анама «Жас өркенге» барайықшы» деп қолқа салдым. 

Анам қарсы болмады. «Жарайды, ертең барып қайтайық» 

дегенде қуанғанымды көрсеңдер ғой, достарым. Редакцияға 

баратын күні ұйқымнан күліп ояндым. Қолыма жазған жазбала-

рымды алып алуды ұмытпадым. Содан Абай даңғылының 

бойындағы «Баспалар үйіне» қарай бет алдық. Редакция 

орналасқан мекенге метромен де баруға болады екен. Ең 

алдымен «Ұланның» редакциясына аяңдадық. 416-бөлмеде 

журналист Қарлыға мен Қарлығаш əпкелер бар екен. Өзім 

сырттай танитын, газет бетінен мақалаларын оқып, телефонмен 

тілдесетін əпкелеріммен жүзбе-жүз көріскеніме қатты қуандым. Əпкелеріміз жылы шыраймен 

қарсы алып, мені əңгімеге тартты. Мен біраз қобалжығаннан ба, ұялғаннан ба, əйтеуір көп сұраққа 

мардымды жауап бере алмағандаймын. Олар маған журналистикаға қатысты біраз ақыл-кеңестерін 

айтты. Көкейімдегі көптеген сауалдарға жауап алдым. Біз кетуге ыңғайланғанда, маған бірнеше 

жаңа кітапты тарту етті. Естелік суретке түстік. Сосын «Ақ желкен» журналына бардық. Бұл 

жерде Жадыра əпке мен Серікбол ағалармен жақынырақ таныстым. Ол кісілермен де əдемі əңгіме 

өрбіттік. «Ақжелкендік» аға-əпкелерім де мені құр қол жібермеді. Менің қуанышымда шек болмады. 

Қолымдағы сыйлыққа алған кітаптарды жол бойы ақтарып, оқумен болдым. Ауылға тезірек жетіп, 

журналист аға-əпкелеріммен кездесуде алған əсерімді үй ішіме, достарыма айтуға асықтым. 

Алмабек ИБРАЙЫМОВ

К.Байшығанұлы атындағы орта мектептің оқушысы,

«Ұланның» жас тілшісі. 

Қызылшекара ауылы,

Райымбек ауданы,

Алматы облысы

«ÆÀÑ ӨÐÊÅÍÃÅ» ÁÀÐҒÀÍ ÊҮÍ 

ОТБАСЫММЕН 

МАҚТАНАМЫН

Біз бір үйде а

палы-сіңлілі а

лтаумыз. М

ен үйдің 

кенжесімін. Əпк

елерімнің бəрі де тұр

мыс құрған, өз

 

отбасылары бар. Отбасымдағы бір үлк



ен өкініш – əк

еміз 


қазір бұл өмір

де жоқ. Біз о

л кісіні үнемі е

сімізге алып,

 

сағынып от



ырамыз. Ал анам зейнетк

ерлікке шыққанша,

 

сауда саласында е



сепші қызметін а

тқарды. Біз анам, нағашы

 

əжем үшеуміз бірг



е тұрамыз. Əр

дайым əжеміз

дің тілін алып,

 

ол кісімен ақылдасып, сырымызб



ен бөлісеміз. Əр

түрлі 


мейрамдарды, т

уған күндеріміз

ді бəріміз бірг

е тойлаймыз.

 

Мен əпке-ж



езделерімді, жиен іні-сіңлілерімді қа

тты 


жақсы көремін. Біз өте т

ату-тəтті отбасымыз. Əрқашанда

 

бір-бірімізге



 көмектесеміз, қамқор бо

луға тырысамыз.

 

Мен өзімнің о



тбасымды м

ақтан тұтамын. Осындай үлк

ен 

отбасымның барына қу



анамын. Барша ба

уырымның 

амандығын тілеймін.

 

Жанерке ƏМІРБ



АЙ,

6-сынып оқушысы.

Махамбет аудан

ы,

Атырау облысы 

Жазғы демалыстың соңғы күндері таяп қалғанда ойыма «үш 

ай бойы не істедім, не бітірдім?» деген сауалдар келді. Жазды 

мағыналы өткізе алдым ба деп, өзіме іштей есеп бере бастадым. 

Өз ойымша, каникулымды өте қызықты өткердім. Отбасымызбен 

Талғар тауына шығып, аквапаркке шомылуға бардық. Əр жаз 

сайын атам мен апамның бау-бақшасын қарауға көмектесемін. 

Бақшамызда əр алуан көкөністер мен жемістер өседі. Ал анама 

əпкем екеуміз үй шаруасына көмектесеміз. Шаруадан қолым босай 

қалғанда түрлі ертегі мен көркем шығармаларды оқыдым. Көрші 

достарыммен қызықты аула ойындарын ойнадық. Осылайша, дене 

еңбегін де, ой еңбегін де ескерген тəріздімін. 

Ал енді еліміздегі барша оқушыларға айтарым, үш ай жазда 

жинаған күш-жігерімізді сабаққа жұмсайық! 



Гүлдана ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

№19 орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы.

Ащыбұлақ ауылы,

Іле ауданы, Алматы облысы

Æàçғû 


Æàçғû 

äåìàëû


ñûìà 

äåìàëûñûìà 

åñåï

åñåï


9

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

Алматыдағы Оқушылар 

сарайының тұрған жері 

де ерекше, ұсынатын 

қызметтері де көп-ақ. Жүзу 

бассейні, қысқы бағы, 

концерт залдары мен неше 

түрлі үйірмелері бар. Бір 

«əттеген-айы», осы тəрбие 

ошағында соңғы жылдары 

бірнеше рет басшылық 

ауысты. Бұл, əлбетте, 

ұжымға, осы шығармашылық 

үйіне баратын балаларға 

да əсер ететіні сөзсіз. 

Бүгінде сарайда жөндеу 

жұмыстары жүріп 

жатыр. Қатысушыларды 

мектептерге, оқушылар 

үйлеріне бөліп тастаған. 

Ұжымда жаппай ауыс-түйіс, 

қысқарту болып жатқан 

сыңайлы. Басшылыққа 

жаңадан келген Айгүл 

Байсымақова бұрын 

Үйірменің үйретері көп

ҮÉІÐÌÅÃÅ ÁÀÐÛÏ 

ҮÉІÐÌÅÃÅ ÁÀÐÛÏ 

ÆҮÐÌІÇ ÁÅ?..

ÆҮÐÌІÇ ÁÅ?..

Əрине, кей ата-аналар үшін 5000 теңге түгілі, 

500 теңгенің өзі көп-көрім ақша екені белгілі. 

Кейбір үйірмелерді екінің бірінің қалтасы 

көтермеуі де мүмкін. Десе де, 

ең үлкен капитал – балаға берілген 

білім мен тəрбие екенін 

естен шығармайық!

Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда, барлық облыс жəне аудан орталықтарында 

Оқушылар сарайы, Оқушылар үйлері мен шығармашылық орталықтары жұмыс 

істейді. Олардың дені тегін қызмет көрсетеді. Мəселен, Алматыдағы Оқушылар 

сарайында үйірмелер тегін. Одан бөлек, қала көлемінде оншақты оқушылар үйі бар. 

Онда мүсін дейсіз бе, кескіндеме дейсіз бе, үйірменің түр-түрі жұмыс істейді. Мектеп 

бағдарламасына қосымша сабақтар да тегін. Мұндай оқушылар үйлері қаланы 

тұтастай қамтыған. Оларды Оқушылар сарайының кішігірім түрі деуге де болады. 

Сонымен бірге, бір ғана Алматы қаласында негізгі екі республикалық мектептен бөлек

оншақты музыка мектебі жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік қажетті құралдармен 

қамтамасыз етілген, өте жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Тек интернаттары ғана 

жоқ. Ал ақылы үйірмелер мен шығармашылық орталықтары жүздеп саналады. Яғни, 

талғам мен талапқа қарай, кез келгенін таңдауға болады. 

Талдықорғандағы ақыл-есі 

кем балаларға арналған 

арнайы мекемені басқарған 

екен. «Қиын» балалардың 

тілін тапқан басшы 

дарынды балалардың тілін 

таппайды дегенге сенгіміз 

келмейді. Əрі ұжымға 

жаңадан қызметке келіп 

жатқандардың қатарында 

белгілі əншілер Нұрлан 

Албан мен Бақыт Шадаева 

да бар екен. Астанадағы 

Оқушылар сарайында 

тəжірибе жинап қайтқан 

Бақыт ханым да оң 

өзгерістерге бастамашы 

болар деп үміттенеміз. 

ПЛАНЕТАРИЙҒА 

ШЕЙІН БАР

Иə, Астанадағы жаңадан 

салынған Оқушылар 

сарайында планетарий да 

бар. 60 мың шаршы метр 

аумақты алып жатқан 

орталық бір мезгілде 3880 

балаға қызмет көрсете 

алады. Мəліметтерге 

қарағанда, онда 40 үйірме 

жұмыс істейді. Оқушылар 

сарайының өзінің мұз 

айдыны, жүзу бассейні бар. 

Жеңіл атлетика, футбол, 

теннис, баскетбол алаңдары 

жұмыс істейді. Театр, 

оркестр, хор, би, балет жəне 

драма топтарына арналған 

арнайы сахналары бар. 

Балалар мен ата-аналарға 

асхана қызмет көрсетеді. 

Медициналық орталығы 

да бар. Бір өкінішті жайт, 

былтыр осы сарайдың 

сахнасында өнер көрсетіп 

тұрған алты жасар бала 

алты метр биіктіктен құлап 

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ:

– Оқушылар сарайына биылғы оқу жылынан бастап 

бара бастадық. Аптасына екі рет барады. Ұлымыз Ерасыл 

ерте жастан музыкалық дамыту үйірмесіне қатысатын. 

Ол биылдан бастап театр жəне вокал үйірмесіне барады. 

Қызымыз Айерке көркем гимнастикамен айналыса 

бастады. 

Оқушылар сарайындағы сұранысқа ие үйірмелердің 

бағасы 5000 теңге. Ал көркем гимнастика, жүзу 

бассейнінің айлық ақысы – 7000 теңге. Жеңіл атлетика, жас 

натуралистер, танкомоделист секілді жұрт қадіріне жетпей 

жүрген үйірмелер – тегін. Жаңа ғимараттың безендірілуі 

балаларға қатты ұнайды. Мұндай жерде жалақысы көп 

болмаса да, өз еңбегін сүйетін үлкен ұстаздар қызмет етеді 

деп ойлаймын. 

Мен сияқты көпбалалы аналар əр баласын өзі қалаған 

бір үйірмеге тегін бере алады. Бір байқағаным, биыл 

баласын жетектеген ата-ана ерекше көп. Астана халқының 

көбейіп келе жатқанының дəлелі болса керек. 

Нəзира БАЙЫРБЕК:

– Үлкен қызым Кəусар 9 жаста. Биыл бірінші рет 

Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысқалы отыр. 

Бірі – сабақ, екіншісі спорт болсын деп, үлкен теннис 

пен ағылшын тілін таңдағанбыз. Ағылшын тілінің оқыту 

ақысы  5000 теңге екен, үлкен теннис – 7000 теңге. 

Бірақ көпбалалы отбасынан болғандықтан, бір үйірмеге 

баламызды тегін қатыстыратын мүмкіндігіміз бар.



Мұрат НҰРБАЕВ: 

– Былтыр үлкен ұлым Оқушылар сарайындағы футбол 

үйірмесіне барған еді. Биыл бара алмадық. Үйімізден 

сəл алыстау болғандықтан, қатынау қиынға соқты. Бірақ, 

қазан айынан бастап, үлкенін футболға, кішісін шахмат 

үйірмесіне беремін деп жоспарлап отырмын. 



Əсия ДƏУЛЕТХАНОВА: 

– Қызым Аружан биыл төртінші сыныпта оқиды. Екі 

жылдан бері спорттық балдық бимен айналысамыз. Осы 

екі жыл бойына үйдің жанындағы Оқушылар сарайының 

филиалына барып жүрген едік. Биылдан бастап, Оқушылар 

сарайына шақырды. Баланың қабілеті бар деп бағалаған 

екен. Бірнеше турнирлерге, жарыстарға қатысқанбыз. Енді 

турнирде категорияға емтихан тапсырамыз. Үйірмеміз 

аптасына үш рет бір жарым сағаттан екен. Айлық ақысы – 

7000 теңге.

кеткен болатын. Қазір сақтық 

шаралары күшейтілген 

болар деп ойлаймыз. Біз 

осы Астана қаласындағы 

Оқушылар сарайына бала-

лары баратын бірнеше ата-

ананың пікірін сұраған едік:

Жұлдыз ƏБДІЛДА

Алматы. Оқушылар сарайының қобызшылары жəне...

...бишілері

...бишілері


№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

10

«ГҮЛДӘУРЕН»



«БАЛМЎЗДАЌТЫЅ» БІР КЇНІ

«БАЛМЎЗДАЌТЫЅ» БІР КЇНІ



Ақылбұрыш

Áàқûòòûң 

«ïàðîëі»

07:00

«Арайлап таңым, асқақтап 

тауым…» Тəтті ұйқысын бұзған 

оятқышқа өкпелеп, бір бүйіріне 

аунап түсті. «Балмұздақтық» өмірінің 

басталғанына да бірнеше күн болған. 

«Айналайынмен» оятатын апасы 

да жоқ мұнда. Амалсыз төсегінен 

тұрды. Жатақхананың жұтаң тірші-

лігіне де көзі үйреніп қалды. Үстел 

үстінде əбден сығылып, шаруасы 

біткен майонездің қабықшасы жатыр. 

Бір тілім қара нанды аузына бұрап 

тықты да, сабаққа жиналды.



11:10

Қызық… Мұндағы мұғалімдер 

де өзгеше екен. Өз аты мен əкесінің 

атын қатар айтып таныстырады. 

Өткен жолы біреуін «апай» деймін 

деп, біраз ұрыс естіген. Онда тұрған 

не бар, мұның басы жетпеді… 

Аудиторияға кірген жасы елулердегі 

кекселеу əйелдің киім киісі мен 

қып-қызыл шашы да ерсі көрінді 

бұған. Өзін «Сауле Набиевна» деп 

таныстырған «қызылшаш» апайдың 

дəрісін тыңдауға кірісті. «Уже» 

дегенді көп қосады екен сөз арасына. 

Ауылдағы ұстазының дəл осылай 

сөйлеп отырғанын елестетті. Біртүрлі 

көрініс. Бұл да қызық…

15:05

«Темекі шегетін орын» деген 

жазуды көзі шалды. Ағаш орындықта 

отырғандардың көбі қыздар екен. Көк 

түтінді бұрқыратып тұр, анда-санда 

дарақылана күліп қояды. Шеткерірек 

отырғанын жазбай таныды. Топтасы 

Əйгерім ғой! Бағана сөйлескенінде 

тəуір қыз көрініп еді. Əлде қалалық-

тарға еріп жүр ме екен…



18:30

Автобус іші ығы-жығы халық. 

Анандай жердегі орындықта екі жігіт 

«ұйықтап» отыр. Бұған керек көше – 

Алтынсарин. Автобус ұза-а-ақ жүрді. 

Жетер жерін тағы бір нақтылап 

алмақ ниетпен кондуктордан сұрай 

қойып еді, анау шаптығып айқайлай 

жөнелді: «Неғып ұйықтап тұрсың 

манадан бері? Правдаға келгенде 

ескерттік қой!» «Правдасы несі, 

маған Алтынсарин керек…». Əрине, 

ішінен айтты бұл сөзді.

20:50

Сабақтан соң, сəл қыдырмақшы 

болды. Парк шетіндегі бір-екі 

орындық бос екен. Жайғасып алып, 

жан-жағына көз жіберді. Анадай 

жерде екі бүлдіршін ойнап отыр.

– А как зовут твою собаку?

– Бони.


– А она не кусается?

– Да нет, не бойся.

Бергі жақтан бір дауыс естілді: 

«Аскар, Айбек, идите сюда!» Жүгіре 

басып, қос балдырған ұзап кетті. 

«Екеуі де қазақ екен ғой…»

Ұзақ ойланып кеткен екен, 

жанына жайғасқан бұйрабас жігітті 

де байқамапты.

– Брат, не подскажешь, который 

час?

Əкесі сыйлаған сары сағатына 



үңілді:

– Тоғызға он минут бар.

– А, извини, брат, я по-казахски не 

понимаю.


– Без десяти девять!

Осыны айтты да, асығыс орнынан 

тұрды. Сəл бөгелсе, мына дүбəраның 

ішінде мəңгіге қалып қоярдай сезінді 

өзін. Қаз-қатар тізілген көліктердің 

арасымен жүгіре жөнелді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет